Ќабылдау туралы жалпы ±ѓым


Бейнелеу объектісіне байланысты қабылдау түрлері



бет6/16
Дата18.05.2020
өлшемі1,27 Mb.
#69294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
КЖ Кабылдау
вариант 8
1.2. Бейнелеу объектісіне байланысты қабылдау түрлері

Қабылдау түрлерін жетекші талдағыштарға байланысты ғана емес, сонымен бірге қабылдауда бейнеленетін объектіге қарай да бөлуге болады. Кеңістік пен уақыт — материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Сондықтан, кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүреді деу шындыққа сай келмейді. Бүкіл әлемдегі барлық заттар мен құбылыстар кеңістікте белгілі тәртіппен орналасып қана қоймайды, сонымен қатар материя қозғалысының нәтижесінде уақыт арқылы үздіксіз өзгеріске ұшырап, қайта жаңғырып, дамып отырады. Материядан тәуелсіз, оның қозғалысынан тыс жеке-дара ешбір кеңістік те, уақыт та жоқ.

Кеңістікті қабылдау — заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін, бағыт-бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау — көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады.

Тек адамның нақтылы тәжірибесі жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен-бірінің қашықтықтығы, бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылдау арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікке орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т. б.) болады. Сондай-ақ, олар бізден түрлі қашықтықта тұрады

Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (монокулиярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағұлмат бере алмайды. Мұны бір көзді жұмып, екі қолды бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенін де байқауға болады.

Бинокулиярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады. Нәрсенің көлемдік қарамын қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып көрінуі маңызды рөл атқарады. Екі көзбен көруде түрлі заттардың тұтасып көрінуі, оның қашықтығы мен қоршауын, шамасы мен түсін, рельефін жан-жақты қабылдауға мүмкіндік туғызады.

Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомодация деп атайды. Көздің аккомодациясы хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.

Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру-қозғалыс анализаторының мәні ерекше. Бір эксперименттік зерттеуде көру қозғалыс қабылдауы қатыспайтын бірде-бір мектептік пән жоқ екендігі, шәкірттердің оқу материалдарын тиянақты ұғынуы, жіберген қателерін кезінде көре біліп, түзетуі, әр пәннің (сызу, сурет, еңбек, т.б.) өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен жұмыс істеуге ықпал ететіндігі жақсы байқалған.



Қашықтықты қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, іштен соқыр болып туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды. Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқтығысып қалатындай көрінеді.

Адам қашықтықты айыруды да өмір тәжірибесі арқылы үйренеді. Мәселен, қашықтықтағы нәрсенің дәл шамасын білу үшін ала алғашқыда сол нәрсенің көрінуіне лайықты тиісті қозғалыс жасауға әдеттенеді.

Заттың бізге немесе басқа нәрселерге қарап тұрған бет алысы - көздің торлы қабығында сәулеленумен бірге, дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Заттың бет алысын адам тік тұрып немесе отырып горизонталь жағдайда ғана жақсы қабылдай алады. Мұндайда адам өзінің тұрған жерінен алдындағы бір затты нысана етіп, қалған заттардың бет алысын соған бағдарлайды. Мәселен, құла түзде тұрып бет алдымыздағы заттарды көрсеткенде, назарымызды бір затқа ғана тігіп, басқа заттарды сол заттың не оң жағында, не сол жағында, не бер жағында не түбінде, не үстінде т. б. деп айтамыз.

Кеңістіктегі заттарды қабылдауға тек көру мушесі ғана қатыспайды, мұнда қозғалыс, сипай сезу түйсікте де елеулі рөл атқарады. Мәселен, іштен соқыр болып туған баланың операциядан кейін көзі көрсе де, шарды жай дөңгелектен, төрт бұрышты затты үш бұрышты заттан айыра алмаған. Сондай-ақ, жаңағы бала екі нәрсенің арасындағы қашықтықты да ажырата білмеген. Бір нәрсені қашықтыққа қойып, оны енді ал дегенде ол қолын олай-бұлай созып, дәл ұстай алмай, қармалап жүріп қолын нәрсеге әзер жеткізген. Бала нәрсені қолына алып, сипап байқағаннан кейін ғана оның үлкендігін, формасын т. б. айыра алған. Бұл айтылғандар кеңістікті қабылдауда кинестезиялық түйсіктер де қатынасатындығын көрсетеді.

Кеңістікті дұрыс қабылдап үйрету кішкентай кезден басталады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді ұстап, байқап, сипап қарайды, олардың формасын үлкен-кішілігін көреді. Кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кездс заттардың кеңістікке орналасуын жақсы аңғара алатын болады. Заттардың кеңістікте орналасуын дұрыс біле алудың адамның іс-әрекеті үшін (әсіресе, шоферлерге, ұшқыштарға, суретшілерге, әскери қызметкерлерге, дәл ақпарат жасайтын мамандарға т. б.) қаншама маңызды екендігі түсінікті. Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы материянын өмір сүруінін объективтік реалды формасы.

Уақытты қабылдау да сырткы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп калдыраған бейнесі. Уақыт — дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа келіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткшіі. Шындық құбылыстардың тізбегі, бірізділігі, объективтік ұзақтылығы уақытты қабыл дау арқылы белгілі болып отырады. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі бір бағытта, яғни өткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа қарай ағады. Осылай бір бағытта ағу — сыртқы дүниедегі оқиғалардың объективтік белгісі. Бұлар жеке адамның түйсігінен, қабылдауынан тыс болып отыратын реалды құбылыстар. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады. Соның бірі — уақыттың ритмі. Уақыттың ритмі — құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бірізділігі. Уақыт темп арқылы өлшенеді. Темп - құбылыстардың бірізділігінің, тездігінің не баяулығының керсеткіші.

Уақыттың шақтарын қабылдауда субъективтік моменттер де орын алады. Мәселен, өткен шақ адамға өте кысқа мерзімді болып көрінеді. Өткен шақты, әсіресе, біздсн алыс дәуірді минуттап, сағаттап санап отырмай айлап, жылдап, ғасырлап, дөуірлеп есептейміз. Халқымызда ежелден келе жатқан уақыт өлшемдері, атаулары аз емес. Олар: азан, түс, намаздігер, бесін, сәске т. б. Осы секілді атаулардың шәкірт танымына ұлттық бояу, реңк беретіні белгілі. Өткен оқиғалар адамға көмескілеу болып та көрінеді. Уақыттың өтуінің түрліше қабылдануы сол кезеңде өткен оқиғаларға байланысты.

Осы шақтың (үстіміздегі дәуір) бізден алысырақ мерзімдері ғасыр, жыл, ай ұғымдарымен белгіленсе, оның бізге жақынырақ кезеңдері: күн, сағат, минут, секундпен есептелінеді. Осы шак әркез объективтірек болып қабылданады, өйткені бұл кезең нактылы ісімізбен, тікелей кабылдауымызбен ұштасып жатады.

Өткен шақ ең тез өткеніндей, келер шақтың өте ұзақ тәрізденіп көрінуі субъективтік жағдайлардың нәтижесі. Егер адамның уақыты мағыналы, қызықты істермен толы болса, ол уақытгың қалай өткенін байқамай да қалады. Адамның көңілі қаншалык шат болса, соншалықты уақыт та тез өткендей болып қабылданады. Мәселен, қызық ойын үстінде уақыт тез өтеді. Ал, керісінше, адамның уақыты мәнсіз өтсе, ол кезең бітпейтіндей болып көрінеді. Сол сияқты, поезды күтіп отырған адамға да уақыт өтпейтіндей болады.

Уақыттың кабылдануы оның қандай мазмұнда болуымен де шарттасып жатады. Егер ұсақ-туйек әрекетпен өткен уакыт ұзақ болып көрінсе, пайдалы әрекетке толы уақыт тез өтеді. Көбінесе, уақытты субъективтік болжау дұрыс болмай шығатындықтан, оны объективтік өлшемдермен (минут, сағат тәулік, апта т, б.) өлшеген дұрыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет