Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер 1. Қабынуға қарсы дәрілер Қабынуға қарсы дәрі дәрмектерге қабыну процестерін басатын дәрілік препараттар жатады.Қабыну деп эндогенді және экзогенді факторлардың әсерінен ағзаның зақымдану. Қабыну реакциясының кезеңдері:альтератция,экссудация,пролиферация.Бұл кезеңдер биохимиялық реакциялардын өзгеруінен медиаторлардың бөлінуімен (простагландин,брадикинин,серотонин,гистамин және т.б.) байланысты. Қабыну медиаторлардың ішінде простагландиндер күшті зақымдағыш қасиеттері бар.Олардың биоситезінде фосфалипаза А2 және циклооксигеназа ферменттері қатысады. Қабыну процесінде осы ферменттердің белсенділігі артып,ұлпаны зақымдайтын простагландиндердің түзілуі күшейеді,олар альтерация және экссудацияның дамуына алып келеді. Қабыну медиаторының бірі брадикинин қан тамырларды кеңейтетін әсері бар, қан тамырлардың өткізгіштігін жақсартып, лейкоциттердің құрамын жоғарлатады және қабыну ошағындағы дене қызуын көтереді. Қабыну ошағындағы ауырсынудың пайда болуы,ұлпаның ісінуі мен жүйке талшықтары ұштарының сығылуына алып келеді. Осыған байланысты жергілікті қабыну белгілері гиперемия,капиляр өткізгіштігінің жоғарлауы,лейкоциттердің имегратциясы және ауырсынулар пайда болады. Сонымен қатар қанға сіңіріліп одан ағзаларға таралуы әртүрлі жүйелі қабыну белгілеріне алып келеді. Қабыну кезінде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады.
Қабынуға қарсы дәрілерді 2 топқа жіктейміз: стероидты жәнетстероидты емес. Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (СҚҚД) Оларға бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормонды препараттары жатады. Глюкокортикоидтар: гидрокортизон, преднизолон (медопред), дексаметазон (дексона,дексазон), триамцинолон (полькортолон,кеналог), флуоцинолон ацетониді (синалар,синафлан),бетаметазон, метилпреднизолон (метипред(медрол), солу-медрол), флуметазон пивалаты. Жағылмалары: "Флуцинар","Лоринден","Целестодерм",аэрозольдері:"Полькортолон ТС","Оксикорт", және т.б.
Глюкокортикоидтар қабынудың барлық сатыларына тежегіш әсер көрсетеді. Олар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепресессивті (иммунитетті төмендететін) әсер көрсетеді.
Глюкокортикоидтарды,срероидты емес қабынуға қарсы дәрілер әсер етпей жатқанда, әртүрлі қабыну ауруларында кеңінен қолданылады.
Глюкокортикоидтар сонымен қатар шоққа (сілейме) қарсы және антитоксикалық (уытқа қарсы) әсері бар. Глюкокортикоидтардың әсер ету механизмі: Фосполифаза А2 тежегіш әсер көрсетеді.