Қабынуға қарсы дәрілерді 2 топқа жіктейміз: стероидты жәнет стероидты емес. Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (СҚҚД) Оларға бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормонды препараттары жатады. Глюкокортикоидтар: гидрокортизон, преднизолон (медопред), дексаметазон (дексона,дексазон), триамцинолон (полькортолон,кеналог), флуоцинолон ацетониді (синалар,синафлан),бетаметазон, метилпреднизолон (метипред(медрол), солу-медрол), флуметазон пивалаты. Жағылмалары: "Флуцинар","Лоринден","Целестодерм",аэрозольдері:"Полькортолон ТС","Оксикорт", және т.б.
Глюкокортикоидтар қабынудың барлық сатыларына тежегіш әсер көрсетеді. Олар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепресессивті (иммунитетті төмендететін) әсер көрсетеді.
Глюкокортикоидтарды,срероидты емес қабынуға қарсы дәрілер әсер етпей жатқанда, әртүрлі қабыну ауруларында кеңінен қолданылады.
Глюкокортикоидтар сонымен қатар шоққа (сілейме) қарсы және антитоксикалық (уытқа қарсы) әсері бар. Глюкокортикоидтардың әсер ету механизмі: Фосполифаза А2 тежегіш әсер көрсетеді.