Абирова Қымбат



Дата21.10.2023
өлшемі20,19 Kb.
#187304
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
сабақдб.doc


Орындаған: Абирова Қымбат
Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарындағы оқыту мақсаттары бірнеше сыныптарға арналып, тізбектеле жүйеленген. «Көркем еңбек» оқу пәнінің мұғалімі нақты сыныпқа арналған тақырып бойынша оқыту мақсатына сәйкес сабақта оқушыларға үйрететін білім беру мазмұнын немесе оқу материалын еркін түрде, өзбетімен құрап жүйелеуге мүмкіндік алады. Бірақ, сол білім беру мазмұны сабақтың оқыту мақсатына жетуге кепіл беруі тиіс делінген. Сонымен бірге, «Көркем еңбек» сабақтарында мұғалімнің оқыту мақсатына жету үшін дәстүрлі теориялық білім беру мен практикалық тапсырмалар орындату емес, бір сабақтың ішінде міндетті түрде қысқа мерзімді (айлар) 5-7 тәжірибелік жаттығулар, тапсырмалар орындатуды қамсыздандырады.
«Көркем еңбек» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған оқыту құралдары, соның ішінде, оқыту әдістері мен үйрену әдіс-тәсілдері, енді, оқыту мақсатына жетуге және оқушылардың, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып таңдау негіз болады. Бұл оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдері сындарлы оқытудың, скаффолдинг, моделдеу, дамыта оқыту, әрдеңгейлі оқыту, саралап оқытудың теорияларына негізделе анықталған. Оқыту үдерісінде оқытудың мазмұны басым тәжірибеге бағытталады. Сол белсенді оқытудың стратегияларының бірі: топтық, эксперимент(зерттеу), тәжірибелік жұмыс, пікір талас, жоспарлау мен бағамдау жаттығуларын жүргізу, ықшамсабақ. Сол сияқты оқыту мен үйретудің тиімді әдіс-тәсілдеріне: моделдеу, пәнаралық байланыс, мультисенсорлық оқыту, бірлескен оқыту, саралау, пәнаралық байланыс, оқу әңгімелері, электронды оқыту және жаңа технологияларды қолдану, оқушылардың қажетіліктеріне сәйкес түрлері кіреді. Осы оқыту мен үйренудің әдіс-тәсілдері «Көркем еңбек» оқу сабақтарында оқушылардың біршама танымдық және тұлғалық құнды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады. Мысалы, белсенді оқуда оқушылардың өз тәжірибесі негізінде эксперимент жасап, оқу материалының мәнін ұғынып түсінуіне, меңгерген білімді жаңа біліммен байланыстыруға, қателіктерді түсініп білімін жетілдіруге, терең білім алу мен көзқарастарды өзгертеді. Топтық жұмыста тұлғаралық қарым-қатынастарды нығайтады, ақпарт алу мен жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастырады, оқушылардың арасындағы тосқауылдарды бұзады деп ойлаған.
Көркем еңбек пәнінде блум таксономиясын қолдану жолдары.Бенджамин Блум бул америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.Таксономия бул белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады деп есептеген.. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілген болатын.
Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс әрекеттері,яғни когницииясы.
Жалпы таным білімге,жан жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің бәрі когнициясы не когнетивтік ілім заңдылығына сәйкес сай,тіл арқылы жан күйіндегі дүниелер анықталады.
Солай когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілерге сәйкес былайша білуге болады.
-Адамның ойлау қабілет тетігін зерттейтін бағыт деп аталады.
Еңбекке баулудың мемлекеттік стандартында көркем еңбек бөлімінде талшықты материалдармен,жіппен матамен жумыс істеу барысында оқушыларды ұлттық қолданбалы қолөнермен таныстыру талаптары көрсетілген.Оқулылар матадан қазақтың ұлттық киімдерінің үлгілерін жасауға,құрақ құрауга, өруге,тоқуға ,кестелеуге уйренуі тиіс. Бұл жумыстарды істеу барысында оқушылар эстетикалық талғамдарын,шығармашылық қабілеттерін дамытатын ,жауапкершілікке,озін озі кадагалауга уйренеді. Талшықты материалдармен істелетін жұмысты бастамас бұрын,бaлаға матаның түрлері,оның калай токылатыны,ол үшін қандай қуралдар пайдалатыны жайлы қысқаша түсінік берілді. Оқушылар матаның түрлермен танысады, осы мақсатта жүннен, жібектен, жасанды вискоздан жасалатын,өсімдік талшықтарын токылатын маталар деп аталады.Мысалы; Жартылай жүннен, жартылай мактадан,жартылай жыбектен токылатын маталар, жібек жане кендір араласкан немесе жартылай кендірден токылатын,шыны талшығымен жасалатын маталар болып табылады. Жіптердің тоқылуына қарай матаның қурылысы әр түрлі болып табылады .Мaтаны токып та,өріп те дайындайды,токылу сапасына қарай быр,екы қабатты,қылшықты болып болынеды. Мата жіптерін тігінен және көлденең токиды.Тігінен токылатын жіпті негізгі жіп,ал көлденең токылатын жіпті арқау жіп деп түсіндіріледі. Негізгі жіптен тоқылган мата жуған кезде қысқарады,тығыздалады,ширайды. Көлденең жіптен тоқылған мата ширамайды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет