Химиялық табиғаты мен биологиялық маңызы.
Рибофлавин –
сары түсті кристалды зат; суда, зтил спиртінде ериді, ал кейбір
органикалық еріткіштерде: ацетонда, эфирде, хлороформда, және т.б.
ерімейді. Рибофлавиннің ерітінділері әлсіз қышқылдық немесе бей-
тарап ортада анық сары-жасыл флуоресценциялық түс береді. Рибоф-
лавин қыздыруға төзімді. 120°-тық температурада бірнеше сағат
қыздырғанның өзінде, ол биологиялық белсенділігін жоймайды. ине
тәріздес қызыл-сары кристалдарынан кристалданады. ультракүлгін
сәулелер әсері рибофлавин ерітіндісінде әсерсіздендіру тудырады.
жануарлар мен адам ұлпаларда рибофлавин фосфорилденіп, рибофла-
винфосфор қышқылына айналады, флавинмононуклеотид немесе Фмн
деп аталады. Флавинмононуклеотид аденил қышқылымен пирофос-
фатты байланыс арқылы қосылып, флавинадениндинуклеотидті түзеді,
қысқаша ФаД деп аталады. Фмн пен ФаД сары немесе флавинді фер-
менттер деп аталатын бірқатар тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш
ферменттердің топтарын құрайды. Рибофлавиннің адам организмі
үшін тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг-дай ғана.
Қарқынды тотығу үдерісі жүретін ұлпаларда пантотен қышқылы
деп аталатын дәрумен кездеседі. тағамдарда пантотен қышқылы
жоқ болса, асқа тәбет шаппайды, өсу үдерісі тоқталады, денеге жара
түседі. бүйрек безі зақымданады, денедегі түктердің және шаштың
түсі өзгереді. бұл жайт пантатон қышқылының организмдегі ең
81
қажетті, әрі ерекше органикалық қосылыс – коэнзим а-ның құрамына
кіретіндігімен түсіндіріледі. В3 дәрумені көмірсулар мен майлардың
алмасуына бар ферменттердің құрамына енетіндіктен, оның қажетті
мөлшерінің жетімсіздігі майлар мен көмірсулардың организмдегі
алмасу, қорытылу жүйесінің бұзылуына әсер етеді. егер бұл дәрумен
жоқ болса, майлар мен көмірсулардың алмасуынан пайда болған
организмдегі сірке қышқылының одан ары бөлшектеніп, қорытылуын
тоқтатып тастайды. пантотен қышқылына бауыр, балық уылдырығы,
өсімдіктердің жасыл желектері, араның балауызы мен ашытқылар
өте бай келеді. В3 дәрумені ішек таяқшасы (Васі. соіі) әсерінен көп
мөлшерде пайда болатындықтан, адам организмі бұның жетіспеуінен
авитаминозға ұшырайды. бұл дәрумен сүт қышқылы бактерияларының
өсуін тұрақтандыратын болғандықтан, сүт тағамдарын өндіруде үлкен
рөл атқарады. В3 дәруменінің ересек организмге күнделікті қажетті
мөлшері – орта есеппен 5-10 мг.
4-кесте
В5 витаминнің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
(100 г. тағамда мг)
тағамдар
РР витамині
сыра ашытқысы
40,0
Қарақұмық жармасы
4,30
ақ нан
Қара нан
0,45
картоп
0,9
Қырыққабат
0,4
сүт
0,1
жұмыртқа
0,2
никотин қышқылы /В5 дәрумені немесе РР никотинамид,
пеллаграға қарсы/ РР дәруменінің аты /пеллагра ауруына карсы/ –
деген ағылшын сөздерінің бас әріптерінен құралған. тағамда В5
дәрумені немесе никотинамид болмаса, адамдар пеллагра ауруына
шалдығады. бұл кезде адамның терісі – дерматит, ауыз қуысының
кілегейлі қабаты – стоматит, ал тіл глоссит сияқты дертпен ауырады.
бҰл ауруға тән қасиет – қолдардың терісі мен бетте жақсы байқалады.
терінің күн тиетін жерлері түгел қызарып, одан кейін қарайып кетеді.
никотии қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан қалпына
82
келтіру үдерістеріне қатысады. Қарындағы сөлдің бөлінуін реттеуге,
ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне эритроциттердің түзілуіне
және т.б. толып жатқан функцияларға әсерін тигізеді. пеллагра ауруы
әсіресе қорегі тек жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен етек алып
тараған. Оның себебі – жүгері ақуызында триптофан амин қышқылы
өте аз кездесетіндіктен, адам организмінде никотинамид немесе РР
дәрумені аз түзіледі. РР дәруменінің негізгі провитамині никотин
қышқылы ашытқыда, бауырда, саңырауқұлақта, түрлі жармаларда көп
кездеседі.
пиридоксин (В6 дәрумені, адермин) 1926 жылы гольдбергер
қолдан жасалған диеталық қорекпен тышқандарды азықтандырғанда,
олардың дерматит ауруына шалдыққанын байқаған. бұған қарсы
дәрумендермен әсер еткенде жазылмай, ал қореқтік заттарға
ашытқыны қосып бергенде, тышқаңдардың айыға бастағанын
анықтады. кейіннен бұл дәруменнің адам мен жануарлардың қалыпты
жағдайдағы тіршілігі үшін де қажетті екені дәлелденді. 1937-1939
жылдары бұл зат ашытқылардан бөліп алынып, оны В6 дәрумені деп
аталды. сөйтіп, тағамдарда пиридоксин жетіспегенде, полиневрит, қан
аздығы және тері ауруы – дерматитті тудырады. бұл дерттерден нико-
тин қышқылынан гөрі, пиридоксинмен әсер етіп, жылдам айықтыруға
болады.
В6 дәрумені организмге өте қажет-ақ. Өйткені ол зат алмасудың,
қан түзілудің барлық үдерістеріне қатысады. тері ауруларынан
сақтандырады, ферменттердің құрамына енеді, нерв жүйелерінің
қызметін реттеп, бала көтеру мен босанудың бірқалыпты өтуіне
көмектеседі, ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді.
Дәрумен қабылдаудағы ұсыныс:
• а, с дәрумендерін және фолий қышқылының жетіспеушілігінің
алдын алу мақсатында күнделікті жаңа үзілген жемістер мен
көкөністерді қабылдау керек.
• көкөністер мен жемістерді күн сәулесі түспейтін және жарықтан
аулақ, суық жерде сақтаған жөн.
• сақтаудың шарты мен мерзімін ұстанып, дәрумендердің
жоғалуын кеміту мақсатында жылулық өңдеудің жеңіл түрлерін
қолданыңыздар.
• тағамдық өнімдерді, оның ішінде бидай ұны мен ұннан жасал-
ған тағамдарды (нан, макарондар және т.б.) сатып аларда, таңдаудың
байытылған түрлеріне түскені дұрыс.
83
• тұрақты түрде поливитаминдік-минералдық препараттарды
күніне немесе күнара бір дражеден профилактикалық мақсатта
қабылдау керек.
• Дәрумендерге байырақ болып келетін рафинадталмаған тағам
түрлерін таңдаған жөн.
• салауатты тамақтану туралы өз білімдеріңізді жетілдіріп және
тиімді тамақтану принциптерін ұстану қажет. әрбір негізгі тамақтану
(таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) кезінде түрлі тағам түрлері болғаны
жөн. тағам рационындағы өнімдер түрі көп болған сайын, рацион оның
ішінде дәрумендік құрам мөлшерімен де соғұрлым үйлестірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |