Абжанова сокращенная indd


Дәрумендер жетіспеушілігінің кері салдары



Pdf көрінісі
бет55/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   189
Дәрумендер жетіспеушілігінің кері салдары
әдетте, дәрумендер жетіспеушілігінде көңіл-күй нашарлайды
еңбекке қабілеттілік және суықтап ауруға төзімділік төмендейді, 
қоршаған ортаның адам организміне зиянды жағдаяттарының әсері 


96
 
 

күшейеді, қайсы бір аурулардың бәрінің дерлік жүруі асқынып кетеді. 
балалық және жасөспірімдік кезеңдегі гиповитаминоздар жалпы 
физикалық даму және төзімділік көрсеткіштерінің төмендеуіне, зат 
алмасулардың бұзылуына және созылмалы аурулардың өрбуіне ықпал 
етеді.
бала емізетін және жүкті әйелдердегі дәрумендер жетіспеушілігі 
ана мен баланың денсаулығына үлкен зиян келтіреді, туа біткен 
кемістіктерге себепкер болады, гипотрофияға балалардың шала туу-
ына, балалардың физикалық және ақыл-ой дамуының бұзылыстарына 
соқтыруы мүмкін.
с дәрумені жетіспеушілігінде темірдің сіңірімділігі төмендейді, 
ал бұл жағдай анемия дамуына жол береді, қандағы холестерин 
деңгейі артады және атеросклероз өрбу қаупі арта түседі. с, е, а 
дәрумендерінің және каротиноидтердің жетіспеушілігі (а провитамині 
– олардан адам организмінде а дәрумені түзіледі), тобының 
жетіспеушілігі кейбір аса қатерлі обыр түрлерінің дамуына бейім 
етеді.
жүктілік кезінде фолий қышқылының жетіспеушілігі туа біткен 
кемістіктердің, сәбилердің шала тууының, өлі тууының, спонтандық 
түсіктердің жаңа туған нәрестелердің физикалық және психикалық 
дамуының бұзылуы пайда болуына жол ашады. Фолий қышқылының 
жетіспеушілігі жынысына байланыссыз кез келген жас шамасында 
қатерлі.
сонымен, фолий қышқылы адам организмінде қаншалықты кем 
болса, халықтың арасындағы өлім-жітімнің нөмірі бірінші себепкері 
болып отырған қан тамыры атеросклероздары, жүректің ишемиялық 
аурулары, миокард инфаркті және инсультті дамуына апаратын гомо-
цистеин соншалықты көп. жүрек-қан тамырлары ауытқуы үлгісі 
өлім-жітім деңгейі бойынша Қазақстан әлемде алдыңғы орындардың 
бірін иемденуде (ДДCҰ мәліметтері). бұл жағдайдың осыншалықты 
кеңінен таралуының жетекші себептерінің біріне фолий қышқылының 
жетіспеушілігі жатады. еркектерде фолаттардың жетіспеушілігі 
қуықасты бездерінде аденома және қатерлі ісіктердің қауіпті 
түрлерінің дамуына соқтырады.
Қазақстанда кеңінен таралған В1, В2 дәрумендерінің және нико-
тин қышқылының жетіспеушілігі көптеген органдар мен жүйелер 
функцияларының бұзылуына әкеледі. бұл кезде жүректің және 
бұлшық еттердің, асқазан-ішек жолдарының, көру органдарының, тері 
мен шырышты қабықтардың, жүйке жүйесінің қызметтері бұзылады, 


97
ауыр жағдайларда өлім-жітімге соқтырады. мысалы, организмде В1 
дәруменінің (бери-бери) жетіспеушілігінде өлімнің нақты себебі жүрек 
жұмысының жетіспеушілігі болып табылады, бірақ кей кездерде бұл 
аурудың бас миының аурулары түрлері де кездеседі. кардиологтар 
мен невропатологтар пациентке В1 дәруменінің препараттарын жиі 
беретіні кездейсоқ емес.
Дәрумендер жетіспеген жағдайда организм ауруға шалдығады. 
Химиялық құрылысы жағынан дәрумендер алуан түрлі. Олар 
құрамында 18-20 көміртек атомы бар көміртектер мен қанықпаған 
лактандар, аминоспирттер, қышқылдардың амидтері, циклогексан-
дар, хош иісті қышқылдар, нафтохиондар, имидазол, пиррол, т.б. да 
сатылы қосылыстардан тұрады. Дәрумендердің басым көпшілігіне 
спиртті және карбоксильді топтар тән. тек кейбіреулерінде ғана амин 
тобы болады. кейбір дәрумендер организмде де синтезделеді. Олар 
тамақтық заттармен, организмге түсіп, организмнің өніп, өсуіне әсерін 
тигізеді. Дәрумендер, негізінен, тек өсімдіктерде пайда болады.
Дәрумендер – жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің 
қалыпты өсуі мен дамуы үшін де қажетті заттар. кейбір жоғары 
сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы, тамыры, тұқымнан 
бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік 
барысында өздігінен дәрумендерді синтездей алмайтындықтан, әр 
уақытта оларды сырттан алуға болады. сондықтан да қоректік ортаға 
тиамин мен пиридиоксинді аздап қосудың өзі көптеген өсімдіктердің 
оқшауланған тамыршалары мен жас өсінділерінің өсуіне жақсы 
жағдай туғызады.
Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың
майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын 
тездететін және реттейтін де – дәрумендер. Дәрумендерді тек дәрі-
дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып 
күресу үшін қолданатын заттар деп қарау – қате. бұларды тағамдық 
заттар деп қарауымыз керек, өйткені дәрумендер тағамның қүрамына 
кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
ерте көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді, 
жиі-жиі салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әртүрлі 
созылмалы сырқаттары қозады.
Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп, 
тез шаршап-шалдығып, организмнің әлсіреуінің ең басты себебінің 
бірі адам организміне қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі 
дәлелденіп отыр.


98
 
 

«Дәрумендер − денсаулық қайнары» деген сөздерді біз бала кез-
ден білеміз және бұған құлағымыздың үйренгені сонша, оған мән 
беріп жатпаймыз. Онымыз бекер-ақ! Өйткені іс жүзінде дәрумендерсіз 
денсаулықтың жақсы болуы мүлде мүмкін емес. көктемде тез қажып, 
ұйқы басып тұратынын кім бастан кешірмейді? бұл кезеңде жұртта 
бастың ауруы, бастың айналуы, салқын тию, асқазан-ішек жолының 
ауруы (мысалы, іш жарасы) секілді ыңқыл-сыңқыл жиілейтінін 
талай адам байқаған болар. Осының бәрі көбіне көктемде кейбір 
дәрумендердің, әсіресе жас көкөніс пен жемісте көп болатын с 
дәруменінің жетіспеуіне байланысты.
жазда және күзде организм дәрумендермен белгілі бір мөлшерде 
қанығады (мысалы, бауырдағы с дәруменінің қоры 6 ай бой-
ына сақталып, жұмсалуы мүмкін). Қыс айларында, егер қажетті 
шамада толықтырылмаса, бұл қорлар сарқылады да, гиповитаминоз 
дейтін ауру, яғни адам организмінде бір немесе бірнеше витаминнің 
жетіспеушілігі басталады.
ғылымда қазіргі уақытта көптеген дәрумендер белгілі, әйтсе 
де, біздің еліміз халқының тамағында ерекше маңызы бар негізгі 
дәрумендерге ғана тоқталып өтеміз.
суда еритін дәрумендер (с, В тобы). әңгімені с дәруменінен 
бастайық. Өйткені нақ осы дәруменнің жетіспеушілігі бәрінен де жиі 
байқалады.
бұл дәруменінің негізгі туындылары − аскорбин қышқылы 
және оның қышқылданған формасы − дегидроаскорбин қышқылы. 
айтпақшы, дегидроаскорбин кышқылының одан ары қышқылданған 
өнімдерінде дәрумен белсенділігі болмайды. сондықтан, әдетте, «с 
дәрумені» деген терминнің орнына бұл терминнің басқа бір – «аскор-
бин қышқылы» деген аты пайдаланылады. 
аскорбин қышқылы триптофанның, кортикостероидтердің және 
басқаларының қышқылдандырғыш, қалпына келтіргіш басқа түрге 
айналуына байланысты көптеген маңызды ферменттік реакцияларға 
қатысады. с дәрумені орталық нерв жүйесінің қызметіне игі әсер 
етеді, эндокрин бездерінің қызметін күшейтеді, темірдің сіңірілуіне 
және қанның дұрыс жасалуына жәрдемдеседі, адамның төтенше 
ықпал-әсерлерге қарсы тұру қабілетін арттырады. жануарлардың 
басым көпшілігіндей емес, адам с дәруменін синтездей алмайды. 
сондықтан бұл дәруменнің қажетті мөлшерінің бәрін тамақтан, көбіне 
көкөністен, жеміс-жидектен алады.


99
Дәрумендердің адам организмі үшін биологиялық мәні өте зор. 
Олар организмдегі зат алмасу үдерістерін жақсартады, организмнің 
әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және 
адамның жұмыс істеу қабілетін арттырады. сонымен қатар әрбір 
дәруменнің организмде ерекше орындайтын өз міндеті бар.
жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, 
ой 
жұмысымен 
айналысатын 
адамдармен 
салыстырғанда, 
дәрумендерді (әсіресе с дәрумені мен В тобының дәрумендерін) 
көбірек қажет етеді. сол себепті көктемде дәрумендерді мол тағам-
дарды жиірек пайдаланған жөн. бұл мезгілде кептірілген жемістер 
тұндырмасын, сонымен бірге басқа да жеміс-жидектердің шырын-
дары мен қайнатпаларын асқа көбірек пайдаланған тиімді. тамаққа 
қосып, көк пияздын және де ашытқан қырықбат жеу қажет. себебі, 
бұл тағамдардың құрамында әртүрлі дәрумендер мол болады, әрі ұзақ 
және жақсы сақталады.
басқа тағамдарға қарағанда, сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген 
дәрумендер бар және олар организмнің тұрақты да негізгі қайнар көзі 
ретінде ерекше орын алады. барлық дәрумендер организмге кешенді 
әсер етіп, бірін-бірі толықтырады. Олар организмде жетіспесе, зат 
алмасуы бұзылып, денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.
негізгі қоректік заттармен (белоктар, майлар, көмірсулар, минерал 
тұздары) салыстырғанда, организм дәрумендерді тым аз мөлшерде 
қажет етеді. ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әртүрлі 
тағамдардағы дәрумендердің орташа мөлшері микроорганизммен 
есептеледі.
сөйтіп, дәрумендер – әртүрлі химиялық жаратылыстың органика-
лық қосылысы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын 
заттары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет