Жылқының мандам індетіне қарсы инактивтендірілген вакцина Препарат жылқының мандам індетінің алдын алуға арналған.
Вакцина құрамы: инактивтендірілген вакцина қара-қоңыр түсті сұйықтық, құрамында белсенді затпен адъювант араласқан, ультрадыбыс көмегімен «Cryptococcus farciminosus» саңырауқұлақ штаммынан бөлініп алынған, стерилденген ертінді.
Қолданылуы: вакцина бұлшық етке салынады, салар алдында вакцинаны жақсылап шайқау керек. Аурудың алдын алу мақсатында арасына 14 тәулік салып екінші рет егіледі. Бір жасқа дейінгі малдарға 2,0 см3 ал жасы үлкендерге 5 см3 мөлшерде егіледі. Жылқының мандам індетіне қарсы инактивтендірілген вакцина аурудың алдын алу мақсатында қолданылады.
Қарсы көрсеткіштері: буаздығы 8-9 айлығында, 2-айға дейінгі құлындарға қолдануға болмайды.
Жарамдылығы: қараңғы, құрғақ жерде +4 +8 оС сақтағанда дайындалған уақытынан бастап 12 айға дейін жарамды.
Препараттың шығарылуы: инактивтендірілген вакцина 20, 50, 100 см3 құтыларға құйылады.
Препараттың құны: бағасы келісім бойынша.
Жасаушы: «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС.
Мекен-жайы: 050016, Алматы қ., Райымбек даңғ. 223, тел. + 7 (727) 233-72-71. 1905 Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт КазНИВИ