Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет23/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Байланысты:
Диссертация.
5 zerthanal k
Aphis pomi 
De Geer)
Жүйелеудегі орны: Insecta класы, Homoptera отряды, Aphididae 
тұқымдасы, Aphis туысы. Жасыл алма бітесі отырғызу материалдарымен 
таралатын көшеттік пен жас бақтарда өте кең таралған, аса қауіпті 
зиянкестердің бірі болып саналады. Зиянкестің дамуына қолайлы жылдары, 
олардың көшеттерге қоныстануы 100 %-ға дейін жетуі мүмкін, ал қорғау 
шаралары жүргізілмеген жағдайда біржылдық көшеттердің 4,5 %-ы өліп 
қалады. Көшеттіктің екінші алаңына зиянкес айтарлықтай зиян келтіреді. 
[50;51] Партеногенетикалық аналық біте денесінің ұзындығы 2 мм-ге дейін, 
сопақша пшінді, сары-жасыл түсті, бсы қоңыр болып келеді. Қанатты 
партеногенетикалық аналық бітенің ұзындығы 1,8-2 мм, құрсағы жасыл түсті. 
Тіршілік кезеңінде жыныссыз және жынысты ұрпақтары кездеседі. Зиянкес бір 


18 
үйлі. [52;53]. Жұмыртқа фазасында алма, алмұрт, алхоры және т.б дақылдардың 
жас өркені және бүршік айналасында қыстайды. Ресейдің солтүстік-батысында 
негіз салушы аналық дернәсілдері сәуір айының аяғы мен мамырдың басында 
шығады [54;55] Алғашында дернәсілдер жаңадан өсіп келе жатқан жапырақ 
бүршіктеріне қоныстанады, кейін негіз салушы аналық бітелер жас 
жапырақтың үстіңгі және астыңғы бөлігімен, гүл шоғырымен қоректенеді. 
Бірқатар авторлардың зерттеулерінде Колтун, 1991; Мелешко, 1992; Бей-
Биенко, 1967, негіз салушы аналық біте дернәсілдерінің өмір сүру кезеңі 1625 
күнді құрайды. Үшінші ұрпағында негізгі ие өсімдігінен басқа өсімдіктерге 
таралатын қанатты ұрғашы бітелер пайда. Қыркүйек айының басында 
(Солтүстік-батыс Ресейде) аталықтар мен аналықтарды туатын қанатты аналық 
бітелер пайда болады. Олар шағылысып, жұмыртқа сала бастайды. 
Жұмыртқаларын қазан айында жапырақ түскенде және қатты аяз түскенге дейін 
3-5 данадан салады. Ресей аумағында кең таралған. [56;57;58] Зиянкес жас 
өсімдіктер немесе жас өскіндермен қоректенгенді ұнатады және сонда бүкіл 
вегетация бойы көбейеді. Жас өркен мен жапырақтардың, бүршіктердің 
шырынымен қоректенеді. Зақымдалған жапырақтар ширатылып, қатты 
әжімденеді. Сондай-ақ жас өркендер де ұиратылып, өсуі тоқтайды және қурап 
қалады. И.И.Туманов (1960) және Ф.А.Столярова (1972) айтып кеткендей, 
мұндай зақымданулар нәтижесінде көшеттер мен жас алмалардың суыққа 
төзімділігі айтарлықтай төмендейді. [59;60] Зиянкестер тәлімбаққа бүкіл 
вегетация кезеңі бойы зиян келтіре алады, алайда. Н.Е. Колтун (1995) 
ескерткендей әр түрлі сорттардың алманың жасыл бітесімен зақымдануында 
біршама айырмашылықтар болады. Жасыл алма бітесінің биоэкологиясын 
зерттеу көшеттікті ғылыми жүйеде қорғау шараларын ұйымдастыруда маңызды 
орнын алады [61]
Алманың қызыл қанды бітесі (
Eriosoma lanigerum Hausm.
)
Жүйелеудегі орны: Insecta класы, Homoptera отряды, Pemphigidae 
тұқымдасы денесін ақ мақта тәрізді ақ түк шоғы жауып тұрады. Сондықтан 
оның шоғыры қар жапалағы тәрізді болып көрінеді. Басып шаншшыған кезде 
денесінен қызыл-қоңыр түсті сұйық зат бөлініп шығады.осыған байланысты 
қанды біте аталады. Партегенездікартегенездік ұрғашы біте аздап ірілеу, 
құрсағының түсі қоңыр, басы, көкірек бөлімі және аяқтары қара. Қанды бітенің 
I және II жастағы личинкалары, кейде қанатсыз ұрғашылары алма ағашының 
тамырында, діңінде, қабықтың сызаттары мен жапырағында қыстайды. Бір жаз 
ішінде партогенездік жолмен көбейіп 15 ұрпаққа дейін береді. Ауа райының 
өте құрғақ және ыстық кезінде бітелердің дамуы баяулайды, личинкалардың 
біразы ағаштың тамырында өтіп, сонда коректеніп көбейеді. [62]
Алманың қанды бітесінің сан мөлшерін реттеп тұратын факторлардың 
ішінде ең бастысы –оның маманданған паразиті афелинус (Aphelinus mali Hald). 
Зиянкес тараған территорияның көптеген бөліктерінде бұл паразит оның 
жаппай өсіп-өніп көбеюіне мүмкіндік бермейді. [63]
Кенелер вирусты ауруларды таратуға қабілетті – жапырақтардың 
реверсиясы мен гүлдердің барқыттануы Нәтижесінде жапырақтардың беті 
хлорозды сызықтар мен мозайкалармен қамтылады. Зақымданған жапырақ 


19 
тақтасы деформацияға ұшырайды. Гүлдердің күлте жапырақшалары тегіс 
болып, әлсіз өркен өсіп шығады. Өсімдіктер қатты зақымданған жағдайда өнім 
70% азайып, олардың суыққа төзімділік қасиеті төмендейді [64;65;66] Кейбір 
ғалымдардың деректеріне сүйенсек құрылған көшет зиянкестерінің тізімі өте 
кең. Соның ішінде алма зиянкестері – 19 сондай-ақ 7 көп қоректі зиянкестер 
[67;68;69]
Жапырақ ширатқыштар (Tortricidae тұқ.) – көптеген ауыл шаруашылық 
дақылдарына, әсіресе, жеміс шаруашылығына үлкен зақым келтіретін 
қабыршақ қанаттылар отряды зиянкестердің басым бөлігіне жатады.
Бұл тұқымдасқа жататын бунақденелілердің жұлдызқұрттары түтік 
тәрізді ширатылған жапырақ ішінде тіршілік етіп, оны қаңқалы 
зақымдағандықтан 
«жапырақ 
ширатқыш» 
деп 
аталған. 
Сондықтан 
жапырақширатқыштар тек бақтарда ғана емес, сондай-ай жеміс-жидек 
көшеттіктеріне де қауіп төндіріп энтомоценозда маңызды рөл атқарады Жеміс-
жидек дақылдарында жапырақ ширатқыштар маңызды зиянкестердің бірі 
болып табылады. Бұл зиянкестің шаруашылық маңыздылығы оның түр 
құрамының әртүрлілігімен және бақтағы биоценозда жаппай көбейе 
алатындығымен анықталады. [70;71]
60-қа жуық жапырақ ширатқыштар жеміс-жидек дақылдарына айтарлықтай 
зиян келтіреді. Олардың жұлдызқұрттары бүршіктерді, жеміс гүл шанақтарын, 
жемістерді, өркен қабығын зақымдайды, бірак көбінесе жапырақтарды түтік 
тәізді ширатып, оны өрмектерімен орап қоректенеді. [72;73] Нәтижесінде, 
зақымданған жапырақтардың зат алмасуы бұзылып, өсімдіктің суыққа 
төзімділігі төмендейді (Осипенко, 1973). [74] Бақ жапырақ ширатқыштарының 
көптеген түрлері полифаг болғандықтан, бүкіл вегетация бойы зақым келтіре 
алады . Жапырақ ширатқыштардың көп қоректігі көптеген түрлердің таралуына 
мүмкіндік береді Қазіргі таңда бұл зиянкес барлық бақ шаруашылығымен 
айналысатын аймақтарда кең таралған. Соңғы жылдары жапырақ 
ширатқыштардың зияндылығы айтарлықтай өсті және жыл сайын олардың түр 
құрамы өзгеруде. Кейбір жылдары Ресейде өсімдіктің генеративті 
органдарының жапырақ ширатқыштар жұлдызқұрттарымен зақымдалуы 70%. 
Ленинград облысында жапырақ ширатқыштардан болған шығын 50%-ға жетуі 
мүмкін. [75;76] 
Жеміс, немесе өзгермелі жапырақ ширатқыш (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет