Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет24/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Байланысты:
Диссертация.
5 zerthanal k
Hedya nubiferana
Hw.)
Жүйелеудегі орны: Insecta класы, Lepidoptera отряды, Tortricidae 
тұқымдасы, Hedya туысы. 
Жемістің өзгермелі жапырақ ширатқышы – жапырақ ширатқыштар түр 
құрамының бірі.Көбелектің қанатының өрісі 17-21 мм, алдыңғы қанатының 
базальді бөлігі бозғылт-қоңыр түсті және ішкі бөлігінде ақ дақтары бар, 
қанаттың жоғарғы бөлігі сұр түстес қоңыр немесе қара сызықтары болады; 
артқы қанаттары сұр қоңыр түсті. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 18-20 мм, 
жасыл зәйтүн түсті, ұсақ тікектері болады. [77] Қуыршақтары 9-14 мм, бозғылт 
қара түсті. Үшінші жастағы жұлдызқұрттар ағаш жарықтарында, бұтақтар мен 
жерге түскен құрғақ жапырақтардың астында піллә ішінде қыстайды Қыстап 
шыққан жұлдызқұрттар жеміс бүршіктеріне еніп, оның ішіндегісін жейді, 


20 
нәтижесінде бүршіктер бозғылттанып, кеуіп түсіп қалады.Кейіннен 
жұлдызқұрттар жапырақтарды ширатып, гүл шанақтарды, гүлдер, жапырақ пен 
гүл түйіндерін зақымдайды. Барлық жерде кездеседі. Таралу аймағына 
қарамастан бір ұрпақ береді. Жұлдызқұрттар көптеген ағаш тектес өсімдіктерге 
зақым келтіреді, алма, алмұрт, алқоры, қара өрік, беке, таңқурай және т.б 
дақылдардың бүршіктері мен гүл шанақтарын кеміреді. Зиянкестерді бақылау 
мен хабарлау ферамондық аулағыштар көмегімен жүзеге асырылады. [78;79]
Жемістің өзгермелі жапырақ ширатқышының зияндылығы жаппай 
көбейген кезде байқалатындықтан, экономикалық маңызды түр болып 
саналады.[80] 
Көп қоректі жапырақ ширатқыш (
Archips podana
Scop.)
Жүйелеудегі орны: Insecta класы, Lepidoptera отряды, Tortricidae 
тұқымдасы, Archips туысы. 
Көбелектің алдыңғы қанаты бозғылт қызыл немесе алқызыл-қоңыр 
түстес, алдыңғы және сыртқы жиектері иілген. Артқы қанаттары негізінен 
бастап сұр, ал жоғарғы жағы қылғылт сары түсті болып келеді. Қанаттарының 
өрісі 20-26 мм. 1-ші жастағы жұлдызқұрттары сары жасыл түсті. 5-ші жастағы 
жұлдызқұрттардың дорсальді бөлігі зәйтүн немесе қара-жасыл, ал вентральді 
бөлігі ашық түсті. [81] Қуыршақтары қызыл-қоңыр түсті, қызыл қанаты 
қабыршақтары бар. 3-ші жастағы жұлдызқұрттар ағаш қабығы мен бұтақтарда 
жібек піллә ішінде қыстайды. 1-ші жастағы жұлдызқұрттар әдетте жапырақтың 
астыңғы бөлігін қаңқалап жейді. Жұлдызқұрттар екінші жасқа жеткен соң, 
жемісті зақымдай алады. Таралған аймағына байланысты 1-ден 3 ұрпаққа дейін 
береді. Көп қоректі жапырақ ширатқыш алманың вегетативті және генеративті 
мүшелерін қарқынды зақымдайды . [82] 
Раушан, немесе алтын түсті жапырақ ширатқыш (
Archipsrosana
L.) 
Жүйелеудегі орны: Insecta класы, Lepidoptera отряды, Tortricidae 
тұқымдасы, Archips туысы. 
Алдыңғы қанаттары алтындай сары түстен сұр- және қара-қоңыр түске 
дейін өзгереді. Артқы қанаттары қоңыр-сұр түсті, аналықтардың қанатының 
жоғарғы бөлігі сары-қызғылт сары түстес. Қанатының өрісі 15-22 мм. 
Жұлдызқұрттардың ұзындығы 18-20 мм, жартылай мөлдір, ашық жасыл түстен 
қара-зәйтүн-жасыл түске дейін өзгереді. [83]Жұмыртқа фазасында ағаш пен 
бұтақ қабығының астында, тегіс бетінде қыстайды. Кейде жұлдызқұрт 
фазасында тскен жапырақ астында қыстауы мүмкін. 1-2 жастағы 
жұлдызқұрттар бүршік пен гүл шанақтарды кеміріп, гүлдерді зақымдауға 
кіріседі, гүлдің аталығы мен аналығын, күлте жапырақтарын жояды, сондай-ақ 
жас жапырақтары қаңқалап кеміріп, өрмек жіптерімен шырмайды. Жоғары 
жастағы жұлдызқұрттар жемістің етті бөлігін тұқым камерасына немесе 
тұқымға дейін жол сала кеміріп зақымдайды. Көбелектер кешкі мерзімде 
ұшады. Бір ұрпақ береді. Раушан жапырақ ширатқышы – жапырақ 
ширатқыштар тұқымдасына жататын аса қауіпті әрі кең таралған зиянкестердің 
бірі. Оның солтүстіктегі таралу ареалы Ақ теңізге дейін жетеді. [84] Зиянкестің 
жұлдызқұрты көп қоректі, алайда раушан жапырақ ширатқышы жеміс-жидек 
дақылдарының вегетативті және генеративті мүшелерін зақымдап, айтарлықтай 


21 
зиян келтіреді. [85]Күйелер де жапырақ ширатқыштар тәрізді қабыршақ 
қанаттылар отрядына жатады. Негізінен жұлдызқұрттар зиян келтіреді, олар 
бүршік пен жапырақтарды зақымдайды. Күйелердің сан мөлшерінің көбеюіне 
арамшөптер маңызды рөл атқарады, сондықтан арамшөптерді жою - бұл 
зиянкестермен күресудегі маңызды шаралардың бірі болып табылады. 
Көшеттіктерде күйе көбелегінің жұлдызқұрттары өсімдіктің жапырағы мен 
тамыр бөлігін, себінділердің тамыр мойнын кеміріп зақымдайды. Күздік 
көбелек – кеміруші күйе көбелектердің ішіндегі ең қауіпті түрге жатады. [86] 
Гамма күйесі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет