Климатық жағдайы.
Климатты сипаттау үшін «Талғар» метеобекетінің көп жылдық орташа
мәліметтері келтірілген.
Зерттелініп отырған аймақтың климаты- өте континенталды, ауа
температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуы өте жоғары. Сонымен
қатар, қысы суық, жаз мезгілінің ыстық әрі ұзақ, көктемде ерте және кеш
түсетін аяздар мен атмосфералық құрғақшылық жоғары, булану үрдісі
қарқынды, атмосфералық жауын-шашын жетіспеушілігімен ерекшеленеді.
Жылдық ауа температурасы 9,1
0
С-ге тең. 10
0
С температурасынан жоғары
мезгілдердегі жауын-шашын мөлшерінің жиынтығы 250-350 мм құрайды. Бұл
кезеңдердегі булану мөлшері 1450-1700 мм құрайды. Табиғи-климаттық
жағдайлардың ерекшеліктері жылдың әр мезгілінде де айтарлықтай өзгеріп
отырады. Мысалы: зерттелініп отырған аймақтың қысы айтарлықтай жылы.
Ауа температурасының орта тәуліктік ауытқуы оңтайлы кезеңнен суық
кезеңге қараша айының бастапқы онкүндігінен желтоқсан айының екінші
онкүндігі аралығында өтеді. Ал жер бетінің тұрақты қар жамылғысының жатуы
желтоқсан айының басында басталады. Қардың жатуы бірқалыпты емес, кейде
қыстың өзінде тез еріп кетеді. Қар жамылғысының қалыңдығы 20-25 см
аралығында өзгеріп отырады. Қыс айындағы абсолютті температура -30-35
0
С.
Қыс айында ауа-райының жылынуы жиі болып тұрады. Қыс айындағы түсетін
жауын-шашынның мөлшері жылы кезеңдерге қарағанда екі есе төмен болып
келеді.
Көктем. Аймақта көктем ерте басталады. Көктем айының ұзақтығы 30-50
күнді қамтиды. Ауа температурасы бірден жоғарылап, температураның
тәуліктік ауытқуы жоғары, желі қарқынды, соған байланысты топырақтың беткі
қабатының тез кептіріп жіберетіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, көктем
мезгілі тұрақсыз болып келеді. Себебі, кей жылдары температура тез төмендеп,
қар тәрізді жауын-шашын жиі жауып тұрады. Наурыз айындағы салқын күндер
жиынтығы 10-30 күн болса, сәуір айында 3-7 күн аралығында ауытқиды. Көп
жылдық зерттеу нәтижелері бойынша көктемдік аяздар сәуір айының соңында
толығымен аяқталады. Аязсыз күндердің жиынтығы 165-167 күн. Ал
көпжылдық көрсеткіштер бойынша аясыз күндердің ұзақтығы 151-181 күн
аралығында ауытқиды. Аймақтың ең ылғалды кезеңі екендігін бірінші кесте
мен бірінші сурет көрсеткіштерінен байқауға болады. Мамыр мен сәуір
30
айларында жылдық жауын-шашынның үштен бір бөлігі түседі. Аталған
айлардың жауын-шашынды күндерінің саны 10-15 күн. Сәуір айында ең
жоғарғы температура 28-30
0
С-қа дейін жетеді. Ал мамыр айында 33-34
0
С
аралығында болады. Бірақ, жауын-шашынның жиі әрі көп болуына байланысты
аса байқалмайды.
Жаз. Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең ұзақ, ыстық және құрғақ мезгіл болып
табылады. Ұзақтығы- 125-185 күн. Ыстық кезеңнің басы сәуір айынан, ал тауға
жақын аймақтарда мамыр айынан басталады. Қыркүйек айының соңы мен қазан
айының басында ауа температурасы 13-15
0
С-қа дейін төмендейді. Орташа ауа
температурасы жаздың әр айында әртүрлі ауытқиды, яғни маусымда 20-25
0
С,
шілдеде 25-30
0
С, тамыз айында 27-24
0
С. Жаз айындағы түсетін жауын-шашын
мөлшерінің мөлшері көктеммен салыстырғанда 2-3 есе төмен болады. Жаз
айының жылу ресурстары жоғары болуына байланысты аймақта жылусүйгіш
өсімдіктерді өсіруге өте қолайлы. Ал, ыстық мезгілде ауа ылғалдылығы 3035%-
ға дейін төмендейді. Күндізгі және түнгі температуралардың тәуліктік ауытқу
амплитудасы орташа 19-20
0
С. Жаз айындағы оңтайлы температуралардың
жиынтығы 3500-3700
0
С аралығында өзгеріп отырады.
Күз. Бұл жыл мезгілінің ұзақтығы 2-2,5 ай. Суық күндер қазан айынан
басталады. Тәуліктік температураның ауытқуы қыркүйек айында 21-25
0
С, қазан
айында 17-23
0
С, қараша айында 1,1-5,3
0
С аралығында өзгеріп отырады. Күз
айындағы аязды күндердің басталуы қыркүйек айының соңы мен қазан айының
соңы аралығында өтеді. Тәуліктік күндізгі және түнгі температуралардың
амплитудасы 24-30
0
С аралығында ауытқиды.
Зерттеу жүргізілген 3 жылғы климаттық көрсеткіштер 1-ші кестеде және
1-3 суреттерде келтірілген. Кесте мәліметтеріне қарағанда 2015 жылы жауын-
шышын мөлшері 669,6 мм болған, ал 2016 жылы 947,9 мм көрсетті, жауын-
шашын мөлшері өте жоғары болды, яғни 2015 жылы 2016 қарағандажауын-
шашын мөлшері 278,3 мм-ге төмен болған. 2017 жылы вегетациялық кезеңде
түскен жауын-шашынның мөлшері 847,3 мм құраса, бұл көп жылдық
мөлшермен салыстырғанда 45,6 мм артық (801,7 мм).
|