Топырақ жағдайы.
Тау бөктерінде қара, қызғылт қоңыр, жазықта сұр,
бозғылт сұр, шалғынды сұр және құмды топырақ таралған. Кейбір жерлерінде
сор, сортаң топырақ кездеседі. Өсімдіктерден арша, жабайы жеміс ағаштары,
жазық өңірлерде бұта, бетеге, жусан, жыңғыл, сексеуіл, эфемер өседі.
Климат жағдайы.
Едәуір құрғақ, континентальды. Ауа-райы, жер бедері
бойынша біркелкі емес, яғни дала, тау бөктері және таулар болып бөлінеді. Ені
мен ұзындығының көлеміне байланысты өзіндік ерекшелігімен сипатталады.
Ауа-райының көрсеткіштері жылудың көптігімен, құрғақшылықпен
айшықталады.
Жоғары бөлігі континентальды. Сондықтан ауа-райы күн мен
түн, жаз бен қыс мезгілінде күрт өзгеруге бейім. Жылдың ең суық айларында
орташа температура оңтүстіктен солтүстікке қарай 5°С-9°С-ден 7°С-8°С аяз
болады. Ең ыстық айлары температураның өзгеруі 21°С-22°С-ден таулы
аймақтарда 26°С-27°С байқалады. Ауданның
оңтүстігі
таулы
келеді.Онда Қырғыз Алатауының Мүйіздіқара, Қараауыз, Құмбел, Қасқасу,
Үңгірлі, Сандық, Шайсандық, Молалы таулары орналасқан. Ауданның
орталығы және солтүстік бөліктері жазық. Солтүстігінде Мойынқұм құмына
ұласып кетеді.
Жер қойнауынан құрылыс материалдары, жер асты шипалы сулары
(Меркі бұлақтары) барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ,
жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –6 – 8
С, шілдеде 20 – 25
С.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірде 200 – 250 мм, таулы
өңірде 450 – 500 мм. (сурет 4) [115].
Кесте 4- Зерттеу жүргізілген аймақтың климаттық көрсеткіштері (Мерке ауданы бойынша метерологиялық мәліметтер)
Метереологиялық
көрсеткіштер
І
ІІ
ІІІ
IV
V
VI VII VIII IX
X
XI
XII жылдық
Жауын-шашын мөлшері, мм
2015
49,0
28,0
23,0 19,0 55,2 78,3 23,8 10,2 43,5 65,5 28,0 15,0 423,5
2016
34,0
9,4
30,1
28,0 30,9 85,3 45,6 59,2
30,2 51,3 64,8 30,8 499,6
2017
20,9
31,3 50,1
65,5 85,7 60,5 26,5 25,3 19,5 44,7 42,2 30,1 502,3
Орташа көпжылдық, мм 34,6
22,9
34,4
37,5 57,2 74,7 31,9 31,5 31,0 53,8 48,0 45,0 475,1
Орташа ауа температурасы ,
0
С
2015
-6,1
-2,0 4,1
14,8 19,8 25,8 26,2 22,6 16,3 10,3 0,0
-6,0 11,5
2016
-7,2
-2,2 9,4
14,1 18,2 24,5 25,3 24,8 17,5 8,0
3,8
-4,9 10,4
2017
-10,3
-8,5 2,0
10,7 18,0 21,1 24,1 23,6 21,5 6,1
1,2
-7,6 8,4
Орташа көпжылдық ауа
температурасы,
0
С
-7,8
-4,2 5,1
13,2 18,6 23,8 25,2 23,6 18,4 8,1
1,6
-6,1 9,9
Ауа ылғалдылығы, %
2015
80
78
68
57
56
45
38
45
47
104 80
78
64,6
2016
76
70
64
65
62
55 53
39
49
64 77
74
62,3
2017
10
18
18
76
74
58
46 43
43
56 20
18
40,0
Орташа көпжылдық ауа
ылғалдылығы, %
55,3
55,3 50,0 66,0 64,0 52,6 45,6 42,3
56,3 74,6 59,0 56,6 56,3
Сурет 5-Ғылыми зерттеулер жүргізілген аймақтың 2015-2017 жылдардағы
жауын - шашын мөлшері, мм (Мерке ауданы бойынша метерологиялық
мәліметтер)
Достарыңызбен бөлісу: |