Өсімдік зиянкесі - өсімдікке зиян келтіретін және де олардан келетін
зиянның экономикалық тұрғыда алдын алуға жататын бунақденелі түрі.
Өсімдіктерді қорғау - зиянды ағзалардан келетін шығындарды болдырмау
және азайту әдістері мен оның теориялық негізін зерттейтін, қолданбалы
биологияның бөлімі, әрі осы әдістерді қолданатын ауыл шаруашылығы
өндірісінің бөлімі.
Өсімдіктер карантині - әрбір елдің өсімдік ресурстарын өзге елден
әкелуден қорғауға, карантиндік нысандардың және басқа да ерекше қауіпті
зиянды организмдердің таралуының алдын алуға бағытталған, тиісті органдар
белгілейтін, мемлекеттік іс-шаралар жүйесі.