Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет35/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

 
2.3 Зерттеу нысаны 
Зерттеу жұмысымыздың нысандары ретінде Қазақстанның оңтүстік және 
оңтүстік-шығыс жағдайындағыалма көшеттіктері, көшеттерді өсіру және 
қалыптастыру бөлімдерімен аналық қалемшелі бақ және оларға зиян келтіретін 
омыртқасыздар жүйесіндегі негізгі зиянкес бөжектер (Insecta): тең қанатылар 
(Homoptera), жартылай қатты қанатылар (Hemiptera) және қабыршық 
қанаттылар (Lepidoptera) отрядтарының негізгі зиянкес бөжектерінің түрлері 
кірді.
Бақшаруашылығының 
өнімділігі 
мен 
кірістілігі 
көшеттік 
шаруашылығына, яғни көшеттердің сапасына байланысты, оған тек төзімді 
сортты өсіру арқылы ғана қол жеткізуге болады, сондай-ақ өсімдіктерді 
аурулар мен зиянкестерден дұрыс қорғау жүйесі болуы қажет. 
Жақын болашақта елеміздің бақ шаруашылығын дамытып, бақ 
алқаптарын ұлғайту, ең алдымен жоғары сапалы отырғызу материалдарын 
үлкен көлемде өсіруді талап етеді. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығыс 
облыстарында, отырғызу материалдарын негізгі өсіруші және жеткізуші 
шаруақожалықтар өркендеп келе жатыр олар: 
- Жамбыл облысы бойынша- ЖШС «Мерке тәжірибе шаруашылығы», 
Гулдер ш/қ, ЖШС «Агрокомплекс», «Жасыл белес» ш/қ; 
- Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша- ЖШС «Сарыагаш жер сиы», 
ЖШС «Сарыағаш көжет», ЖШС «Қаз ЖжЖШ ҒЗИ» Сарыағаш филиалы, ЖШС 
«R.S Агро-Групп Холдинг». 
- Алматы облысы бойынша - Талғар ауданы – ҚазЖжЖШ ҒЗИ
«Помологиялық бақ» тәжірибе танабы, «Ю.А. Баденко» ш/қ, ЖШС «Сады 
Жетысу 
Трейд», 
Еңбекшіқазақ 
ауданы 
– 
«Айдарбаева»,«Махмуд» 
шаруақожалықтары, Ұйғыр ауданы – «Тенрикут» ш/қ, Панфилов ауданы – 
«Ахметов» ш/қ. Теклі ауданы «Сотников» ш/қ. 
Жалпы көшеттік шаруашылығыүлкен еңбекті қажет ететін күрделі 
салаболып табылады. Көшеттік бірнеше өсіру және қалыптастыру бөлімдерінен 
тұрады.


а б 
Ескерту: а) клонды телітушілердің аналық көшеттігі 
б) клонды телітуші 
Сурет 7 – Вегетативтік телітушілердікөбейтетін аналық көшеттік 
аб 
Ескерту: а) 1-бөлім танап көшеттігі 
б) 2-бөлім танап көшеттігі 
Сурет 8– Көшеттерді өсіру және қалыптастыру бөлімдері 


а б
Ескерту: а) телінгіш қалемшелер 
б) сорттық қалемшелі аналық бақ 
Сурет 9 – Телінгіш қалемшелер алатын сорттық-аналық бақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет