Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет25/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
Диссертация.
5 zerthanal k
Autographa gamma
L.)
Жүйелеудегі орны: Insecta класы, Lepidoptera отряды, Noctuidae 
тұқымдасы, Autographa туысы. 
Көбелектің алдыңғы қанаты сұр түстен күңгірт-қара немесе күңгірт 
күлгін көк түске өзгереді, гректің гамма әрпіне ұқсас жылтыр күміс түстес 
дақтары бар. Артқы қанаттары күңгірт жиекті сары-сұр түсті. Жұлдызқұрттары 
жасыл-сары немесе жасыл түсті. Жұлдызқұрттар әр түрлі жерде 
қуыршақтанады: жазда – өсімдіктің жоғары бөлігінде немесе ширатылған 
жапырақ жиегінде ақ түсті өрмек пілләда; күзде – өсімдік қалдықтары бар 
топырақтың беткі қабатында қыстайды. [86; 87] 
Зиянкес әдетте жұлдызқұрт және қуыршақ күйінде, кейде көбелек 
стадиясында қыстайды. Поливольтинді түрге жатады, кең таралған. Таралу 
аймағына байланысты 1-ден 5 ұрпаққа дейін береді. Солтүстік аймақта 
көбелектердің ұшуы маусым-қырқүйек айларында байқалады. Бұл зиянкес 
полифаг: әр түрлі тұқымдасқа жататын 311 өсімдік түрлерімен қоректене 
алады. Әр түрлі жастағы жұлдызқұрттар негізінен жапырақтармен, яғни 
жапырақ тақтасын кеміріп қоректенеді,кейбір жағдайда жас өркен, гүл 
шанақтар мен гүлдермен қоректене береді.[88; 89] 
Күздік көбелек (
Agrotissegetum
Den. etSchiff.)
Жүйелеудегі орны: Insecta класы, Lepidoptera отряды, Noctuidae 
тұқымдасы, Agrotis туысы. 
Аталықтар және аналықтардың көлемі мен түсі әр түрлі болып келеді. 
Жыныстық диморфизм байқалады. Аналықтарының алдыңғы қанаты сарғыш-
сұр, күңгірт немесе қара, артқы қанаттары – ашық сұр түсті, сыртқы жиегінде 
сұр сызығы бар. Ал аталықтардың алдыңғы қанаттары аналықтарына қарағанда 
ашық түсті, артқы қанаттары ақ, кейде қара жүйкелері болады. Ересектерінің 
денесінің ұзындығы 18-22 мм, қанатының өрісі 34-45 мм. [90]5-6 жастағы, ал 
солтүстік аймақта 3-4 жастағы жұлдызқұрттар 10-25 см топырақ тереңдігінде 
қыстайды. Барлық жерде мекендейді. Полициклді түрге жатады. Мекендеген 
аймағына байланысты 1-ден 4 ұрпаққа дейін береді. Жұлдызқұрттар 
өсімдіктердің өскінімен қоректеніп, оның тамыр мойны мен жас бұтақшаларын 
зақымдайды, кейде мүлдем жойып жібереді. Полифаг. Бұл зиянкестің 
жұлдызқұрттары 160-қа жуық өсімдіктерге қоныстанады.[91] 
Алманың үнгі күйесі (
Lyonetiaclerkella
L.)
Жүйелеудегі орны: Insecta класы, Lepidoptera отряды, Lyonetiidae 
тұқымдасы, Lyonetia туысы. 


22 
Көбелек ұсақ, әрі қанаттары жіңішке келеді. Алдыңғы қанаттары күміс 
жарқылы бар ақ түстен күңгірт-сұр түске өзгереді. Артқы қанаттары өте 
жіңішке, 
ұзын 
қылшықтары 
бар. 
Қанаттарының 
өрісі 
8-10 
мм. 
Жұлдызқұрттарының ұзындығы 5 мм, шыны тәрізді жасыл түсті, басы және 
кеуде аяқтары қоңыр немесе қара түсті. [92]Көбелектер ағаш қабығының 
арасында немесе т.б жерлерде қыстайды. Жұлдызқұрттар жапырақтың жоғарғы 
эпидермисіне бүйірімен орналаса отырып, оны миналап жейді. Қоректенуін 
аяқтаған соң, жұлдызқұрттар жапырақтың жоғары бетіне шығу тесігін жасап, 
сыртқа шығады. Қуыршақтану әдетте жапырақтың төменгі бөлігінде, жібек 
жіпке ілінге піллә ішінде жүреді. [93] Негізгі зақымдайтын өсімдіктері: алхоры, 
шие және алма. Өсімдіктің түтіктерін кеміре отырып, жұлдызқұрттар 
жапырақтың зат алмасу үрдісін бұзады, нәтижесі олардың түсуіне әкеліп 
соқтырады. Ресей солтүстік аумағынан басқа барлық жерде таралған. 
Мекендейтін аймағына байланысты 1-ден 4 ұрпаққа дейін береді. [94] 
Алманың өрмек күйесі (
Yponomeutamalinellus
Zell.)
Жүйелеудегі орны: Insecta класы, Lepidoptera отряды, Yponomeutidae 
туыстасы, Yponomeuta туысы.
Көбелектің алдыңғы қанаты дұрыс емес үш қатарлы орналасқан 12-15 
қара нүктелері бар, қанатының өрісі 15-22 мм.жұлдызқұрттары сары түсті, 
соңғы жастағы жұлдызқұрттардың денесінің ұзындығы 13-16 мм. 
Көбелектердің өсімталдығы 150 жұмыртқаға дейін.Моноциклді түрге жатады. 
Бірінші жастағы жұлдызқұрттар қалқанша астында қыстап, сәуір айының 
екінші жартысында шығады. Қалқанша астынан шыққан жұлдызқұрттар ісінген 
бүршіктерге еніп, кейін жапырақтың жоғарғы бөлігін миналап кеміреді. Бірінші 
түлеуден кейін (10-12 күннен соң) миналарды тастап, ашық өмір салтына 
көшеді. Жұлдызқұрттар жапырақтарды қатарлап өрмектерімен шырмайды. 
Қоректену барысында жапырақ тақтасын кеміреді немесе негізгі жүйкелеріне 
дейін толық жеп қояды. Тығыз ақ пілләда қуыршақтанады. Көбелектердің 
ұшуы маусым айының аяғы мен тамыз айының соңында байқалады. Күндіз 
олар әдетте жапырақтың астыңғы бөлігінде, көлеңкеде жатады. Кеш түсе 
бастағанда белсенді ұшады. [95] Аналықтары жұмыртқаларынтоптап (15-60 
данадан) қоректік өсімдіктерінің бұтақтарына салып, қалқаншаларды 
шырышпен жабады. Жұмыртқалары 8-15 күн дамиды. Кейін, одан қалқанша 
астында қыстауға қалатын жұлдызқұрттар шығады. 
Алманың өрмек күйесі барлық алма сорттарында, кейде алмұртта 
дамиды, бірақ алмағашына ғана қауіп төндіреді. 
Күйенің жаппай көбеюі кезінде алма толықтай жалағаштанады, бүршіктері 
түсіп қалады, ал одан қалған жемістер ұсақтанады. Нәтижесінде ағаштың 
қоршаған ортанық қолайсыз жағдайларына қарсы тұру қабілеті нашарлайды: 
аязға, құрғақшылыққа төзімділігі төмендейді. Ағаштардың әссіреуінен келесі 
жылы өнім аз шығады. [96] 
Қыс мүркөбелегі (
Operophtherabrumata
L.)
Жүйелеудегі орны: Insecta класы, Lepidoptera отряд, Geometridae 
тұқымдасы, Operophtera туысы.


23 
Бұл көбелек кеш күзде қазан-қараша айында пайда болғандықтан, зимняя 
пяденица деп аталды. Жыныс диморфизмі айқын байқалады. Аталықтарының 
алдыңғы қанаттары күңгірт қоңыр түсті, көлденең қара толқынды сызықтары 
бар. Артқы қанаттарының түсі ашық, бір түсті болып келеді. [97] 
Аналықтарының 
редукцияланған 
қанаттарының 
ұзындығы 
2-3 
мм. 
Жұлдызқұрттары сарылау жасыл түсті, арқасында ұзыннан созылған линиялар 
және бүйірінде 3 ақ сызықтары болады. Қуыршақтары ашық қоңыр түсті, артқы 
бөлігінде екіге айырылған тікендері бар.Жұмыртқалары қыстап шығады. 
Көктемде жұлдызқұрттардың шығуы алманың «жасыл конус» фазасымен 
сәйкес келеді. Жұлдызқұрттар жаңадан шыққан бүршіктерде тесік жасап, жас 
жапырақтарды өрмектерімен шырмайды. Кейін олар жапырақтар мен гүл 
шанақтарды, гүл және жемістерді кеміре бастайды. Ересек жұлдызқұрттар аз 
қозғалады, жапырақтың астыңғы бөлінде тыныштық кезеңге түсіп,сопақша 
піллә ішінде қуыршақтанады. Ресейде солтүстік аймақтарға дейін мекендеп, бір 
ұрпақ беріп дамиды. Көп қоректі зиянкес. Жұлдызқұрттары барлық жеміс-
жидек дақылдарында дамып, бүршік, жапырақ пен гүл шанақтарды 
зақымдайды. жапырақтарды 75%-ға дейін жеп құртады.Жапырақ кеміргі 
зиянкестер жеміс дақылдарына орасан зор шығын келтіреді.[98] 
Қорта айтқанда, әдеби деректерге сүйене отырып алма көшеттіктеріне 
зиян келтіретін зиянкес бөжектердің түр құрамы сан алуан, алайда алма 
көшеттіктерінде көшеттердің вегетативті мүшелерінің дамуына байланысты 
негізгі зиянкес бөжектер жапырақ ширатқыштар екендігін аңғарсақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет