Абсатарова дамира амировна


 Нағыз бітелер туыстасы (Aphidinea)



Pdf көрінісі
бет58/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

 
4.1.1 Нағыз бітелер туыстасы (Aphidinea) 
Нағыз бітелер (Aphidinea)- тең қанаттылар отрядына жататын, шала 
түрленіп дамитын бөжектер туыстасы. Олар өте ұсақ 0,5 -2 мм дейін жететін, 
шаншып-сорғыш аппараттары бар, паразитті бөжектер. Өсімдіктің шырынын 
сорып қоректенеді. Бітелердің екі түрі болады қанатты және қанатсыз. Бітелер 
өте тез көбейеді- бір рет ұрықтанған қанатсыз ұрғашы әр екі апта сайын 150 
денәсілден және бір ұрғашы 10-20 рет ұрпақ бере алады. Бітелердің түрлері өте 
көп. Жеміс- жидек дақылдарына зиян келтіретін бітелердің 30 астам түрі бар.
Біз зерттеу жүргізген жылдары алма көшеттіктерінде бұл туыстың екі 
түрі тіркелді олар: жасыл алма бітесі -Aphis pomi Deg.; қызыл қан бітесі- 
Eriosoma lanigeruм. 
Жасыл алма бітесі -Aphis pomi Deg.Жіктелу дәрежелері:
Класс -
Бөжектер 
Insеcta;
класс тармағы - Қанатты бөжектер 
Pterygota
;отряд -Теңқанаттылар 
Homoptera
; туыс - нағыз бітелер –Aphidinea; түр- Жасыл алма бітесі 
Aphis pomi 
Deg
.
Биологиялық ерекшеліктері. Біздің зерттеулеріміз бойынша,алма 
көшеттіктерінде жасыл алма бітесі жас өркендердің қабығының астында 
жұмыртқа күйінде қыстайды. Сәуірдің бірінші онкүндігінен бастап (тәуліктік 
орташа t-10ºC-тан жоғарылағанда), алманың бүршік жаруымен бірге 
жұмыртқадан ұрғашы-таратушы бітелер дернәсілдері туылып шығады. Бұл 
үрдіс 6-7 күнге созылады. Туылып шыққан біте дернәсілдері алдымен бүршік 
шырынын сорып қоректенсе, кейінірек ашылған жапырақтарға көшеді. Ересек 
негіз салушы бітелер сәуір айының екінші онкүндігінде пайда болады және 25-
30 күнде 80-130 біте дернәсілін туады. Ол дернәсілдерден 8-10 күннің ішінде 
қанатсыз ұрғашы бітелер дамып шығады. Қанатты ұрпақ таратушы бітелер 
мамыр айының соңы мен маусым айының басында пайда болады. Дәл осы 
қанатты ұрғашы бітелер көшеттен –көшетке ұшып өркеннін жоғарғы жағына
жаңа ұрпақ бітелерін туып, бүкіл көшеттіктерге таратады. Ал жапырақтарда 


астынғы жағына таратады. Ұрғашы жасыл бітелерінің ұрпақ беруі климаттық 
жағдайларға және тікелей мекендеу ортасына байланысты. Солтүстік 
аудандарда 8 ұрпақ берсе, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 15-25 ұрпаққа дейін 
береді. 
Алма 
көшеттіктеріндегі 
алма 
бітесінің 
биологиялық 
даму 
ерекшеліктеріне фенологиялық күнтізбе жасадық. (кесте -11) 
Экологиясы.Жасыл алма бітесінің дамып, таралуына қоршаған 
ортафакторларының әсеріөте маңызыды болып табылады, олар топырақ және 
ауа-райы жағдайлары. 2015-2017 жж. жүргізілген зерттеу жұмыстарымыздың 
нәтижесінде анықталғандай, жасыл алма бітесінің дамуына қоңыржай 
температура өте қолайлы болып келеді. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей 
2016 жылы жауын-шашының жоғары мөлшерде түсуі де жасыл алманың 
таралуына кері әсер етеді. Жасыл алма бітелері факультативті бітелер 
қатарынан болып табылады, олар құмырсқалармен бірлесе тіршілік ете береді. 
Құмырсқалар бітенің падь деген тәтті сұйықтық бөлуіне қоректену үшін келеді.
Таралуы. Қазақстанның жеміс бақтары өсірілетін бүкіл аймақта таралған. 
Әсіресе оңтүстік –шығыс Қазақстан облысындағы бақтар мен көшеттіктерде 
кеңінен таралған және өзінің орасан зор зиян келтіреді. [135].
Кесте 11- Алма көшеттіктеріндегі жасыл алма бітесінің 
Aphis pomi 
Deg.
фенологиялық күнтізбесі

(Алматы облысы,
Талғар ауданы, 2015-2017 
жж.) 
Даму сатысы 
Сәуір
Мамыр
Маусым 
Шілде
Тамыз
Қыркүйек 
Қазан 

II 
III 

II 
III 

II 
III 

II 
III 

II 
III 

II 
III

II 
Жұмыртқа
Біте 
дернесілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет