Әдебиеттер:
1. Ө. Озғанбай «Ресей Думасындағы қазақтар» Алматы,
33 бет. 1999 ж.
2. Қ. Әбуев «Науан Хазірет» Көкшетау, 2001ж.
3. К. Әбуов «Кокшетау. Исторические очерки» Кокшетау,
208 бет. 1997
4. Көкшетау қала мұражайы деректері.
5. Терещук В. «Көкше» фотоальбом Омск, 47 бет. 2000 ж.
392
АЛМА ОРАЗБАЕВА – ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚ
ӘЙЕЛДЕРІ САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БАСШЫСЫ.
ОНЫҢ ХХІ ҒАСЫР ҚЫЗДАРЫНА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ
ҚЫРЛАРЫ
Сейтмағанбетова Ж.Т., І курс магистранты
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ.
love_the_way2011@mail.ru
Кезінде
Мұхтар
Әуезов
айтқандай:
«...Адамды
адамшылыққа кіргізген әйел. Адам баласының адамшылық
жолындағы тәрбиесі әйел халіне жалғасады. Сол себепті
әйелдің
басындағы
сасық
тұман
айықпай
халыққа
адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ!
Мешел болып қалам демесең тағлиміңді, бесігіңді түзе. Оны
түзеймін десең, әйелдің халін түзе».
Алма Дінмұхаммедқызы Оразбаеваның қазақ әйелдерінің
санасын оятып, өркениетті дамыған халықтардың әйелдері
түскен жолға – бас бостандығын алу үшін жүргізген еңбек жолы
бар тұлға. ХХ ғасырдың басында қазақ қыздарының алды
болып, орысша оқып, педагогикалық ұстаздық жолға түскен
Алма Оразбаева қаршадайынан революция толқынына ілікті,
аналарының, сіңілілерінің, қыз балаларының болашағы үшін
қажырлы күрес жүргізді. Осылайша Алма Оразбаева көзі
тірісінде
әйел
бостандығының
символына
айналды.
Революциялық жолмен өсіп, қайраткер болып қалыптасқан
Алма Дінмұхаммедқызы Қазақстан тарихының тарихи бір
белесінің көрнекті тұлғасы есебінде зерттеу кезегін күтуде.
Қазан төңкерісі халықтың қалың бөлігін оятты. Төңкеріс
әйелдердің мүдделеріне қамқорлық жасады. 1917 жылы 19
желтоқсанда Совет өкіметі «Неке бұзу туралы» декрет
қабылдап, ең алдымен әйелдердің құқықтарын еркектермен
теңестірді. Келесі күні «Азаматтық неке туралы, балалар
туралы, азаматтық жағдайды актілер кітабын енгізу туралы»
декрет шықты. Осылай әйелдердің құқығын еркектермен
393
өмірдің қоғамдық, саяси, экономика салаларында теңеу, әйел-
ананың материалдық жағдайын жақсарту туралы бірқатар
шаралар жүргізілді. Осы оқиғаларды тұтату арқылы Алма
Оразбаева қазақ әйелдерінің көсемі атанды.
Қазан төңкерісі Ресейдің шығыс өлкесінде әйелдер
қозғалысын жандандырды. Түркістан өлкесінде 20 – ға тарта
«Әйелдер одағы» құрылды. Олар әр жерде әр түрлі атпен
аталды. Мысалы, Ферғанада «Әйелдер Одағы», Жетісуда
«Жесірлер Одағы», «Шығыс әйелдерін қорғау қоғамы» деп
аталды.
Бұл орайда айтып өтетініміз – қазақ даласында әйел
теңдігі толғағы жеткен мәселе еді. Сондықтан біз әйелдер
қозғалысын
тек
РБП(б)
облыстық
партия
комитетінің
жанындағы
әйелдер
бөлімінің
ғана
жұмысымен
байланыстырмақ емеспіз. Алма Дінмұхаммедқызы Оразбаева
бастаған әйелдер қозғалысы басқаша айтқандда қазақ зиялы
қауымының ықыласына сүйенді.
Қазақстанда әйелдер бөлімі Азамат соғысы кезінде
құрыла бастады. 1921 жылы 22 қарашада Киробкомның
Президиумы әйелдер бөлімінің меңгерушісі етіп Оксэні
тағайындады. Ол кезде Алма Бөкей ордасындағы әйелдер
қозғалысын басқарды. Бүкіл өлкелік әйелдер маслихаты Бөкей
губерниялық әйелдер бөлімінің тәжірибесін мақұлдады. 1922
жылы 27 қарашада партия комитетінің әйелдер бөлімінің
меңгерушісі болып қайта Алма Оразбаева тағайындалды.
Алма бұл қызметке келген кезде Қазақ облпартия
комитетіндегі әйелдер бөлімінің меңгерушісі ОКСЭ уақытша
істеген еді, оның қарамағында не бәрі бір ғана инструктор
қызмет істейтін. Бөлімшеде бірде-бір техникалық жұмыс
істейтін адам болмайтын. Қостанайда губерниялық әйелдер
бөлімі 1920 жылы 5 майда ұйымдастырылды, 7 уездік әйелдер
бөлімі бар. Семейде әйелдер бөлімі 1920 жылы маусымда
құрылды. Бөлім жанында 3 адамнан тұратын мұсылман
секциясы істей бастады. Алма 20 күн арасындағы жұмыстың
мәні туралы 14 циркуляр таратты, 4 инструкция жазды, газет
бетінде «Әйелдер бетін» ашып та үлгерді. 18 қазанда
Қазақстан әйелдер бөлімдері қызметкерлерінің маслихатын
өткізді. Алғашқы жылдың өзінде әйелдер бөлімі мемлекеттік
жүйемен тығыз байланысып үлгерді.
Архивте Алма Дінмұхамедқызының Қазақ ССР-ның
денсаулық сақтау халкомы Шамовқа жазған хаты сақталған:
«Придавая
огромное
значение
вопросам
борьбы
антисанитарными условиями жизни в ауле и кишлаке, несущую
394
неисчислимую заболеваемость и смертность среди населения
и учитывая то, что без привлечения самих масс тружениц к
этой больбе немыслимо достичь существенных результатов в
этом отношении. Крайотдел работниц предпологает широко
организовать на местах сеть кружков из состава делегаток, так
называемых «Друзья санитарии и гигиены».
Денсаулық
сақтау
халкомы
А.Д.Оразбаеваны
қызу
қолдады. Міне осылай Алма әрбір халық комиссариатымен
тығыз байланыс жасады. Қазақстан Коммунистік облыстық
партия Комитетінің әйелдер арасындағы бөлімі партиялық
пәрменді пайдаланып, коммунистік бағыттағы іс емес,
демократиялық істі – феодализм қалдықтарымен күресті
басқарды. Алма Оразбаева осы саясаттың негізгі бағдарын өзі
пайымдап, іске асырушылардың легін басқарды. Сондықтан
Алма Оразбаева туралы сөз 20-шы жылдардағы әйелдер
қозғалысы деген сөз. Біз бұл арада ол қозғалыс туралы кесек
әңгіме қозғаудан аулақпыз. Дегенменде, Алма Оразбаеваның
сол
кездегі
ұйымдастыру,
теориялық,
үгіт-насихаттық
жұмыстарының басты бағытын ғана айту орынды сияқты.
Шығыс әйелдерінің саяси құқын азаматтармен теңеу туралы
халықаралық мемлекеттік дәрежедегі құжаттарды жасауға
қатысты. Алма Оразбаева Москвада Орталық өткізген
көшпенді әйелдердің арасында жұмыс істеу туралы жиындарда
талай рет баяндама жасады.
1923 жылы Москвада Одақтық әйелдер ұйымының
Орталығы жанындағы Ұлттық комиссия Қазақстан әйелдері
арасындағы
жұмыс
туралы
А.Оразбаеваны
тыңдады:
«Нацкомиссия отмечает, что не смотря на трудности условий
работы и в работе имеется достаточный сдвиг, проведена
большая работа по борьбе с бытовыми предрассудками,
обычаями за крепощающими женщину».
Алма Шығыс әйелдерінің арасында қызмет істейтін
қызметкерлердің Бүкілодақтық ІІІ жиналысына қатысты, өте
қызуқандылықпен жалынды сөз сөйледі. К.Цеткин орнынан
тұрып, Алманы құшақтап, бауырына басты, сүйіп алды. Қалай
болғанда да, Алма Оразбаева бүкіл Шығыс әйелдерінің
жұлдызы
болып
таныла
бастады,
сондықтан
әйел
проблемасына ол тікелей қатысты. Өзбек, Бурят, Монғолия
әйелдері арасындағы жұмыс тәжірибесіне көңілі бөлінді. Алма
Оразбаева
азғантай
уақыт
ішінде
Қазақстан
әйелдер
қозғалысын
ұйымдастырушылардың
алғашқы
легін
тәрбиелейді. Ол ең алдымен маңына қазақтың көзі ашық
қыздарын жинады. Алғашқылардың бірі болып, А.Марғұлан,
395
Қ.Сәтпаев,
М.Әуезовтермен
Семейде
зиялы
қауымның
ордасын құрған Нәзипа Құлжанованы шақыртты. Орынборда
ол әуелі «Қызыл Қазақстаннан» (1922) жұмыс бастады, ал
кейін әйелдер баспасөзін құрумен айналысты.
Алма Оразбаева бастаған әйелдер қозғалысын өрбітуге
себеп болған жұмыстың неше түрлі әдістері болғаны белгілі.
Соның бірі уәкіл әйел сайлауы. Бұл жылына бір рет ауылдық
партия ұйымының жанында құрылған әйелдердің ұйымы.
Жергілікті жерлерде сауатсыздықты жою ұйымдары, арнайы
үйірмелері ашыла бастады. Сонымен жергілікті жерде
мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курстар іске қосылды.
1912 жылы Қазақстанда 525 сауатсыздық жою мектептері
ашылды, оның 25 пайызы әйелдер үшін ашылды. 1925 жылы
өлкелік партия комитеті әйелдер бөлімінің араласуымен 825
сауатсыздықты жою пункті ашылды. Алманың ұсынысымен
Қазақстандық аймақтық әйелдер курсы ашылды. Белгілі
мемлекет
қайраткері
А.Сегізбаев
өзінің
«Қазақстанның
аймақтық әйелдер курсы» деген хабар мақаласында оның 1923
жылы ақпанда ашылғанын? Оған Орынбордан – 10, Бөкей
империясынан – 16, Оралдан – 8, Ақтөбеден – 2, Қостанайдан
– 2, Ақмоладан – 1, не бәрі 43 қыз-келіншек келіп оқуға түскенін
хабарлайды.
Архивтегі
құжаттардан
бұл
курстардын
бағдарламаларына дейін мәліметтер табуға болады.
«Қазақстанда Кеңес үкіметі құрылғаннан бері әйелдер
арасында жұмыс істеу негізгі мәселенің бірі болып саналса да,
бұл күнге дейін ақсап келді. Әйелдер бөлімінде қызмет еткен
орыс әйелдері қазақ жәйімен таныстығы аз болғандықтан
күтілген көп үмітті мезгілінде орындай алмады. Қазақ
әйелдерінің өзінен қызметкерлер жасап шығармай, әйелдер
туралы ойымыз жүзеге аспай қалды. Осыны ойлап Аймақтық
әйелдер бөлімі 1924 жылдың жазында Қазақстан Орталық
комитетінің жәрдемінен 50 кісілік, бір жылдық әйелдер курсын
ашуға қаулы қылды. Курстың мақсаты – әйел бөлімдеріне,
болыстарға қызметкерлер дайындап шығару. Оқушы әйелдер
сентябрь айында жиналып болып, октябрь айында оқу
басталды.
Алма Оразбаева әйелдер курсына көп көңіл бөлді. Ол
өкімет атына арнайы ұсыныс жасап, 12 мың сом қаражат
бөлгізіп алды. Бұл қаражаттың барлығына әйелдердің білім
алуы үшін жағдай жасады. 1924 жылы күзде Алма
Дінмұхаммедқызы қазақ өлкелік партия комитетінің әйелдер
бөліміне
қарасты
аймақтық
курспен
халық
ағарту
комиссариатының жанындағы балалар үйіне тәрбиеші даярлау
396
курсын біріктіру туралы ұсыныс жасады. 1924 жылы 17
қыркүйекте А.Оразбаеваның ұсынысы қабылданды. Ол қазақ
қыздарын жұмысшы факультетіне, жоғары оқу орындарына
оқуға жіберуге көп көңіл бөлді. Алма бастаған шығыс әйелдер
қозғалысының басты бағыты патриархалдық – феодалдық
салтпен күресу, әйелдер теңдігін тек сөз жүзінде емес, іс
жүзінде асыру еді. Қалыңмалға күрес қазақ даласында айқасқа
ұласты. Қазақ өлкелік партия комитетінің әйелдер бөлімі 1924-
25 жылдардың есебінде қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғау
үш жолмен жүргізіледі, - деп көрсеткен: 1) Әйелдерді сот
органдарының
құрамына,
аппаратына
ұсыну.
2)
Әйел
бостандығы туралы декреттерді кеңінен насихаттау. 3)
Қалыңмалды жою құрметіне арнайы науқандар өткізу.
Алма Дінмұхамедқызы Оразбаева – әйелдер баспасөзінің
негізін қалаушы, баспасоз қайраткері, жалынды публицист.
Кенес заманына көп лағнет айтуға болады. Бірақ кеңес үкіметін
орнатушы ұрпақ эволюциялық даму барысы тоталитарлық
социализмге әкелерін білген емес. Алма қазақ әйелдер
қозғалысының басында болған сәтінде 23 жаста еді. Ол өте
ерте жетілді. Өз қатарынан үздік шықты, жарық етті, жанды,
кетті. Құжаттарға сүйенсек, аз өмір сүріп, көп іс тыңдырды.
Соның бірі әйелдер баспасөзіндегі Алманың орны. Шынын айту
керек, бұл осы уақытқа дейінгі әдебиеттерде өз орнын ала
алмай келе жатқан проблема болып табылады. Тіпті арнайы
зерттеулерде Алманың қазақ әйел баспасөзінің негізін салушы
есебінде сөз қалмағанын айтуға тиіспіз.
Алма
Оразбаева
үлкен
және
қиын
күреспен
«қалыңмалды» жойды. Қазіргі таңда біз, әйелдер мен қыздар,
өз басымыздың бостандығымызбен Алма Дінмұхамедқызына
қарыздармыз. «Құн, барымта, қалың мал, әйелдерді еріксіз
күйеуге беру, бірден артық әйел алу сияқты тақырыпты
Қазақстан орталық атқару комитетінің қаулысын жалпы
Ресейлік атқару комитетінің 2-ші жиылысы 1924 жыл
октябрьдың 16-сында бекітіп, 228, 229, 230, 231, 232 қосымша
статья қылып, қылмыс заңына кіргізіп отыр. Алманың әйелдер
теңдігі жолында сіңірген еңбегі зор. Ол сол кездегі астана
Орынбор қаласында К.Маркс атындағы клубта әйелдер
қозғалысының
тарихын
үйренетін
үйірме
ашты,
оның
бағдарламасы 22 сағатқа мөлшерленді. Әйелдерді еңбекке
тартуға көп үлес қосты. Ол аштық кезеңінде (1921-22 жж) ана
мен балаларды қамқорлыққа алды. «Әйелдер теңдігі» 1926
жылы 5 санында Алма Оразбаеваның суретін беріп, астына
былай деп жазған еді: «Әйел теңдігінің шығуына себепші
397
болғандардың бірі, 1921-1926 жылдан әйелдер бөлімінің
меңгерушісі болған, қазір халық ағарту қызметінде...».
Д.П.Дорофеева өзінің естелігінде Алма туралы былай
жазған: «Алма была хрупкой, маленькой, худенкой женщиной,
но с большой волей и твердым характером... Нам, работникам
губкома, работающим среди женщин, она часто писала
товарищеские письма, передавала советы, просила делиться
опытом работы...» десе, Сара Сатпайқызы Есова «білім
жөнінен сегіз қырлы, бір сырлы, ал жеке басы өте сүйкімді, ақ
жарқын жолдасымыз Алма бейнесіне адамға тән жақсы
қасиеттің бәрі бар еді» - деп, досына сүйсінді. Хамеш
Ярлыкамышева 1958 жылы Алма апайды еске алу кешінде ол
кісінің жан баласына деген қамқорлығын атап айтты.
О.М.Паммер: «Алма Оразбаевнаны мен алғаш рет 1924 жылы,
көктем кезінде Орда қаласында көрдім. Мұнда ол губерниялық
партия конференциясын өткізу үшін Қазақ облыстық партия
комитетінің уәкілі ретінде келген еді. Конференцияда ол бірінші
мәселе бойынша «Еліміздің халықаралық жағдайы» туралы
баяндаманы тартымды да мазмұнды шығаруға дәрмені қалай
жетті десеңізші... Айта кетейін, Алма орыс тіліне жүйрік еді.
Тіліне бір ақау, кібіртік дейтін болмайтын. Ол орыс тілінде өте
мәдениетті сөйлейтін...».
Әйелдердің әлеуметтік проблемаларын шешу Азамат
соғысынан жаңа шыққан елге оңай емес еді. С.Сейфуллин
ССРО Орталық Атқару комитетіне Ұлттар советіне әйелдер
арасында жұмыс жүргізуге арнайы қаржы бөлуді өтінді. Алма
Оразбаева
Жетісу
облысында
партия
жоқ әйелдердің
конференциясын өткізуге қаржы іздеген кезі де болды. Алма
бұл мәселені қазақ өлкелік партия комитетінің алдына қойды.
Не керек, 1924 жылы 24 қарашада Қазақ Орталық Атқару
комитеті әйелдер арасында жұмыс істеуге арналған қор құруға
қаулы алды. 1924 жылы 18 желтоқсанда Алма Оразбаева
Қазақ Орталық Атқару комитетінің төрағасына арнайы хат
жолдады. Онда қор статусы туралы өзі даярлаған құжатты
үлкен президиумде талқылап, бекітуін өтінді.
«Қазақ халқының жартысы әйел – деп жазды «Еңбекші
қазақта», - Алма Оразбаева 1923 жылы наурызда – сол бір
елдің жарты денесі сияқты, әйел халқы сәулесіз, отсыз,
өнерсіз, надан болса, Қазақстан бүтін, толық, санаулы ел
болмақ емес. Мұны қазақтың әйелі де, еркегі де есінен
шығармау керек». Осы сөздер маңызын бүгінде жоймағандай
көрінеді. Алма Оразбаевнаның беделі ел арасында өте жоғары
болды. 1925 жылы Қызыл-Орда қаласында, ол кездегі
398
астанада, Пермин көшесі, 26-шы үйде Алма Оразбаева
атындағы артель құрылды. Ол жыл бойы өндіріспен
айналысатын, киіз басатын, түбіт, тебетей тігетін, кілемдер
тоқитын, 60 әйел ұйымдастырған артель еді. Өлкелік әйелдер
ұйымы, қазақ Атқару комитетінің әйелдер мәселесі жөніндегі
комиссия, қалалық партия комитеті, қалалық атқару комитеті
1926 жылы ақпан айында кілемдер тоқу фабрикасына Алма
Оразбаеваның атын беруді мақұлдады. Бұл кезде Алма
Москвада оқуда болатын.
Алма Оразбаеваның кішіпейілдігі, қарапайымдылығы
туралы С.Ы.Арықова былай деп айтып кеткен:
«1927 жылы ма, әлде 1928 жылы ма, анық есімде емес,
мен Қызылордада Алмаға қызмет істейтін жеріне бардым.
Кірсем, Алма сағат 12:00 де баласын емізуге үйге кетейін деп
тұр екен, мен кірген соң біраз күте тұруды өтінді. Ол пальтосын
киіп жатқанда әйелдердің бірі Алмаға:
Түскі тамаққа сіздің жаяу баратыныңыз қалай? Көлік
бар емес пе, неге мініп жүрмейсіз, деп сұрады.
Өз ісіммен бара жатқанда мекеменің көлігін алғаным
ыңғайсыз ғой... деп, күлімсіреп жауап қатты».
Алма Орынбор әйелдерінің «құрметті делегаты» болды.
1921
жылы
ол
шығыс
еңбекшілерінің
Коммунистік
университетінде қызмет атқарып, барша шығыс әйелдері
өкілдеріне ұстаздық жасады. Қазақ әйелдерінің теңдігі үшін
күрес Алма Оразбаева өмірінің мақсатына айналды. 1958
жылы 14-қазанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті
Алманың туғанына 60 жыл толуына байланысты «Алма
Оразбаеваның есімін мәңгі есте қалдыру» туралы арнайы
қаулы қабылдады. Бірақ бұл коммунистік үгіт үшін жасаған жай
лебіз күйінде қалды да қойды. Алма Оразбаева кешегі кеңес
заманасында да ешкімге керек болмай, аруағы аяқ астында
қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |