Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


-1945 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС



Pdf көрінісі
бет45/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
1920-1945 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС    

АЙМАҒЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Муратказин М.М., т.ғ.к.  

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 

Алматы қ.

muratkazin@bk.ru

Қазақстанның  түсті  металлургиясы  орасан  зор  пайдалы 

қазыналар  қорларына  негізделген  өнеркәсіптің  көне  және 

жетекші  саласы  болады.  Бұл  сала  республиканың  бүкіл 

өнеркәсіп кешенінің қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Түсті 

металлургия  пайда  болғанынан  кейінгі  жылдары  Шығыс 

Қазақстан  аймағы  қиын  және  күрделі  кезеңдерді  бастан 

кешірді.  1917  жылға  қарай  түсті  металлургияда  жұмыс  істеп 

тұрған  тоғыз  кеніш  және  үш  зауыт  болды.  Олар  Спассмыс 

балқыту, 

Екібастұз 

мырыш, 

Қызылеспе 

күміс-қорғасын 

зауыттары еді. 

Алдымен  түсті  металлургияның  негізгі  аудандары  Шығыс 

және  Орталық  Қазақстан  болды,  ал  соңғы  20-30  жылдардың 

ішінде  бұл  сала  республиканың  оңтүстік  және  солтүстігінде 

орналаса 

бастады. 

Осының 


нәтижесінде 

Қазақстанның 

жекелеген  жерлерде  экономикалық  даму  деңгейін  белгілі 

дәрежеде теңестіре бастады.

Қазақстанда  жыл  сайын  жаңа  кеншілер,  шахталар, 

заводтар  қатарға  қосылуда.  Қазақстанның  қазба    байлығының 

ішінде кенді Алтайдың орыны ерекше. Ол кен – қоймасы. Онда 

мыс-қорғасын,  алтын  –  күміс,  қалайы,  вольфрам,  цинк  кендері 

мол.  Алтайдың  кен  байлығын  барынша  зерттеп,  кеңінен 

меңгеруге  партия  мен  үкімет  үлкен  назар  аударады.  Алтайда 

Ленинагор 

қорғасын 

заводы, 

Ертіс 


мыс 

заводы 


осы 

131



индустрияландыру  жылдарында  жұмыс  жасаған.  Бұл  қос 

заводқа  Алтайдың  үшінші  заводы  –  Өскемен  цинк  заводы  іске 

қосылды.

Бұл  заводтардың  пайдаға  қосылуы  одан  кейін  өнім  беруі 

большевиктер  партиясының  индустрияландыру  программасы 

іске асып, алып зауыттар пайдаға беріліп, үздіксіз жұмыс істеуі 

индустрияландыру  саясатының  жүргізілу  барысы  орталықтан 

қадағалануының нәтижесі. 

Одақ  көлемінде  ірі  кен  орындарының  бірі  орталығы 

Өсемен  қаласы  болған  Алтай  өлкесі.  Алтайды  игеру  XVIII 

ғасырдан басталған еді. XX ғасыр басында Алтай қорғасын мен 

күмістің  мол  кеніне  айналды.  Осындай  ұзақ  уақыттық  игеру 

барысында  Алтай  тау-кен  ісі  құлдырауды  басынан  өткізді. 

Мұның  себебі  Алтай  кен  өндіру  ісіндегі  технологиялар  мен 

техникалардың  ескіруі.  Сонымен  қатар  көлік  жолының  дұрыс 

жолға  қойылмауы  және  әлемдік  нарықта  күміс  құнының 

төмендеуі Алтай кен өндірісінің дамуына кедергілер жасады. 

1940  жылы  Алтай  түсті  металл  комбинатының  орталығы 

Өскеменнен  Лининагорск  қаласына  ауыстырылды.  Оның 

көшірілу  себебі  комбинат  өзінің  өндірісінен  алшақтағандықтан 

және  басқару  жүйесі  дұрыс  болмағандықтан  осылай  көшіруіне 

мәжбүр  болды.  Комбинат  директоры  Евсеев  облыстық 

комитеттен  комбинатты  қайта  көшірілуін  және  Өскеменге 

орналасуы  жөнінде  өтініш  жасалынды.  Бұл  мәселе  өтініш 

талабы бойынша қанағаттандырылды [1: 50-51]. 

Ұлы 


Отан 

соғысы 


жылдарында 

көптеген 

зауыт, 

фабрикалар Қазақстанға көшірілген еді. Соның бірі 1942 жылы 

Ресейдегі  Ордженикидзе  атындағы  Электроцинк  зауыты 

Өскеменге көшірілген еді. 1942 жылы осы зауыт алғаш металл 

құйма өнімдерін берді [2: 2].

Өскемен  Цинк  зауытының  құрылысы  Ұлы  Отан  Соғысы 

жылдарында  жүргізілді.    Жұмыста  қиыншылықтар  да  кездесіп 

отырды.  Оның  бір  мысалы:  құрылыс  материалдары  да 

жеткіліксіз болып тұрды. Маман жұмысшылар жетіспеді [3: 45]. 

Өскемен Цинк заводының пайдалануға берілуі, одан кейін өнім 

беруі  еліміздегі  индустрияландыру  бағдарламасының  іске 

асуының 


жетістігі. 

Сталиндік 

жаңа 

бесжылдық 



қойған 

міндеттерді  орындауға  металлургтер  өздерінің  ынта-жігерін, 

білімін,  тәжірибесін,  іскерлігін  бұрынғыдан  да  арттыра  береді 

[4: 2]. 


Осы жылдары Отанымыздың түсті металлургия өнеркәсіп 

орындарының  қатарына  металлургия  заводы  –  Алтай  Цинк 

заводы  ашылып  іске  қосылды.  Цинк  заводын  салуға,  оны 

132



тезінен 

қатарға 


қосуға 

қатысқан 

құрылысшылар 

мен 


металлургтар  заводты  салу,  қатарға  қосу  жұмыстарында 

қажымай  еңбек  ете  отырып,  еліміздің  тарапында  Қазақстан 

Цинк  заводын  беру  ең    үлесін  қосты.      Сөйтіп  олар 

большевиктер партиясына, үкіметімізге, көп ұлтты пролетариат 

халқының  көсемі  Сталинге  соғыстан  кейінгі  Сталиндік  жаңа 

бесжылдықтың  жеңісі  Өскемен  Цинк  заводын  салу,  оны 

пайдаға  тапсыру  Алтай  металлургтары  алдында  ерекше 

қойылды [5: 47]. 

Қазақстанның  шығыс  аймағындағы  кен  орындары  мен 

кәсіпорындарда  жұмысшылардың  жағдайы  1920  жылдары  да 

басқа өндіріс аймақтарындағыдай сипатта болды. Өскемендегі 

жұмысшылардың жағдайын жұмысшылар комитетінің басшысы 

Исембаев 1926 жылғы жағдайды былай деп сипаттайды: Казак 

жұмысшылары  70  жанұя  бір  баракта  өмір  сүреді.  Жергілікті 

тұрғындар  казак  жұмысшыларына  пәтер  жалға  бермейді. 

Жұмысшылардың  орта  жалақысы  – 30  сом,  коммуналдық 

төлемдерге  15  сомға  дейін  ақша  ұстайды.  Өтем  ақылар  да 

төленіп тұрды [6: 49]. 

1931  ж.  Рубцовка-Риддер  темір  жолы  салына  бастады. 

1939  ж.  бұл  темір  жол  Кенді  Алтайды  Транс  Сібірмен  Орта 

Азия  магистральдарымен  жалғастырды.  1940  ж.  Өскеменді 

оның 


оңтүстік 

шығыс 


аудандарымен 

жалғастыратын 

«Восточное  кольцо»  жолы  салынды.  Бұл  жол  XIX  ғ.  аяғында 

Яровский  деген қалаушының  басшылығымен  салынған  еді.  [7: 

16].  «Восточное  кольцо»  жолы  салынған  кезде  комсомолдар 

ұйымы үлкен жауапкершілік танытты.

1934  жылы  Рубцовка-Риддер  жолының  құрылысы  жүзеге 

асты.  Ол  1938  жылы  аяқталды.  Бұл  жол  Өскемендегі  Транс-

Сібірмен және Орта Азия магистральдарымен жалғастырды [8: 

54]. 


Түсті металдар орталығының ең ірілерінің бірі бұл - Алтай 

өңіріндегі  тау-кен  комбинаты  Риддер  кеніші.  Алтай  өңіріндегі 

полиметалл  кеніштері  Кеңес  Одағындағы  полиметалл  түрінің 

бір  бөлігіне  айналды.  Атап  айтқанда  Риддер,  тау-кен 

комбинаты  т.б  тау  кен  комбинаты  Өскемен  қаласынан  80 

шақырым  жерде  орналасқан  еді.  Кеңес  Одағы  бойынша 

Риддер  кеніші  іске  қосылғаннан  кейін  қорғасын  өндіруге  деген 

сұраныс бес есеге ұлғайды. Аталған қалалық аймақтағы метал 

мен  кен  қорлары  мынандай  көрсеткіште  анықталған.  Риддер 

және  Сокольный  кеніштерінде:  мырыш  450  мың  тонна, 

қорғасын  250  мың  тонна,  мыс  25  ьың  тонна,  алтын  55  тонна 

және күміс 250 тонна [9: 3].           

133



1921 жылы Мәскеудегі 9-шы Бүкілресейлік Кеңес съезінде 

желтоқсан  айында  Риддер  кәсіпорынын  жедел  түрде  қалпына 

келтіріп,  дамыту  жөнінде  мәселе  көтеріледі.    Кеңес  одағының 

мақсаты сол кезеңде орталыққа түсті металмен қорғасын және 

т.б.  өте  қажет  еді.  1925  жылы  Риддерде  тәжрибелік  мыс 

электролиттік зауыты іске қосылды. 

1927  ж.  Риддерлік  тау-кен  өндірістік  кәсіпорынды  осы 

уақытқа 


дейін 

дағдарыстан 

шыға 

алмай 


келді. 

Жұмысшылардың  еңбек  ақысын  төлеу  кешіктіріліп  отырды. 

Осы  мекеменің  жұмысшыларының  еңбек  ақысына  деген 

қарызы  14 000  сомды  құрады.  Жұмысшылардың  еңбек  ақысы 

уақытында  төленбегендіктен  еңбек  өнімділігі  де  төмендей 

бастады.  Еңбек  ақының  уақытында  төленбеуіне  қарсы 

жұмысшылардың  наразылықтары  күшейіп  жатты.  Олардың 

еңбек  ақысы  3-5  сомды  құрады.  Жұмысшылардың  қосымша 

шаруашылықтары  да  жоқ.  Елдегі  азық-түлік  өнімдерінің 

бағасының    көтерілуі  қымбатшылықты,  мұндай  еңбек  ақыға 

жұмысшылардың    өмір  сүруі  де  мүмкін емес еді. Содан барып 

қоғамдық  жұмысқа  деген  салғырттық,  басымдылық    танытты. 

Шаруалар мен жұмысшылар сұхбаттарда және кеңестерде осы 

мәселелерді  баса  алға  тартып,  жеткізіп  отырды.  Сонымен 

қатар  салық  төлеу  мәселесінің  де  қиындықтары  аталып  өтілді 

[10: 47]. 

Екінші  бесжылдық  кезеңінде  кен  орындарын  дамыту 

жоспарына  сәйкес  Қазақстандағы  кенге  бай  аймақтардағы  кен 

ісін дамытуды негізгі міндетке ала отырып, оларды қолданысқа 

енгізу  жөнінде  мемлекет  тарапынан арнайы нұсқаулар берілді. 

Бұл  кенді  аймақтарға  Өскемен  қалалық  аймағы  да  кірген  еді. 

Келешекте  Риддер  кен  ісін  бесжылдықтың  аяғына  қарай  40 

мың тоннаға мысты ұлғайту жоспарланды.

1934  жыл  10  шілдеде  ҚазАКСР-ң  орталық  комитетінде 

Риддер  кешеніндегі  эксплуатация  жұмысының  нәтижесіндегі 

құқық  бұзушылық    бойынша  тексеріс  жүргізіліп,  шара  қолдану 

жөнінде  қалуы  қабылдады.  Барлық  анықталған  Риддер  кешені 

бойынша  барлық  мәліметтерді  жинақтап  орталық  ҚазАКСР-ң 

тау-кен  ісі  жөніндегі  аға  инспекторы  Варшабаевқа  жеткізу 

нұсқауы  берілді.  Тексеріс  қорытындысы  бойынша  техникалық 

жабдықтау  барысындағы  олқылықтар  анықталды.  Техникалық 

қауіпсіздік  ережелері  сақталмаған  деген  қорытынды  жасалып 

1934  ж.  тамыз  айындағы  Қазақстанның  тау-кен  округінің 

басшысы Гурьет хаттамасында баяндалған.

1917 жылы Риддер қоғамының кәсіпорын құрылысы өзінің 

даму  кезеңінің  алғашқы  сатысында  еді.  Бұл  құрылыс 

134



жұмыстары  өте  ұзақ  уақыт  жүргізілді.  Оның  құрылыс 

жұмыстары  1925  жылдан  қайтадан  қолға  алынды.  Ал,  1928-

1929  жылдары  Риддер  кеніші  құрылысының  1-ші  кезеңі 

аяқталды.  Осы  жылдары  өндіру  мен  өңдеуге  60000  тонна  кен 

белгіленді.  Оның  ішінде  5000  тонна  қорғасын,  25000  тоннаға 

дейін  цинк  құймасын  өңдеу  негізделді.  Сонымен  қатар  500  кг 

алтын, 2000 кг күміс. 

Соғысқа  дейінгі  жылдарда  аймақтағы  кен  орындарында 

кеннің  мынадай  көлемдегі  қорлары  болды.  Риддер  және 

Сокольный  кенішінде  450.000  тонна  цинк,  250.000  тонна 

қорғасын,  25.000  тонна  мыс,  55  тонна  алтын,  және  250  тонна 

күміс. Аталған кезеңде яғни 30-шы жылдары Риддер кенішінде 

қорғасын  қоспалары  мол  өндірілген  еді.  Ал  цинк  өндірісі 

өнеркәсіп  орындарының  алшақ  жерлерде  орналасуы  оның  кең 

көлемде  өндірілуіне  кедергі  жасады.  Бесінші  жылдықтың 

аяғына дейін 40 мың тонна цинк, 20 мың тонна қорғасын, 1500 

тонна мыс өндіру жоспарланды. Өскемен маңындағы Бұқтырма 

аймағына  қарасты  Зырян  кенішінде  өндірілетін  металл  көлемі 

бақылау  нәтижесінде  250  мың  тоннаға  жуық  өнім  өндіру 

белгіленді.  Бұл  кеніш  30-шы  жылдардың  ортасына  дейін 

ағылшындар тарапынан игерілген еді. Бұл Зырян кеніші Алтай 

аймағындағы  басқа  да  кеніштер  сияқты  Лена-Гольдфильс 

компаниясының концессиясына берілген еді. Бұл кәсіпорынның 

құрылыс жұмыстары өте баяу жүргізілуде.



       

Соғыс жүріп жатқан кезеңде Өскеменде кәсіпорындар, аяқ 

–  киім  дайындау  ісінде  тоқыма  және  жіп  өнімдері  облыстық 

суда  базасынан  таңдап  алынды.  Осы  кезеңде  70  мың  сом 

тұратын  іс  машинасын  қаладағы  аяқ  –  киім  дайындаушылар 

16800 сомға алған еді. 

1945-1946 

жж. 


Республиканың 

халық 


комитеті 

Өскемендегі  өнеркәсіп  және  өндіріс  орындарына  мынандай 

шикізаттарды бөле отырып аяқ киім дайындауды негізге алды. 

Ұсақ тері шикі заты – 16900 дана

Ірі тері шикізаты – 540 дана

Тоқыма – 5400 кг. [11: 3, 16].  

Шығыс  Қазақстан  аймағы  ежелден  кен  орындарына  бай 

еді.  Осы  кен  орындарын  игеру  мәселесі  оны  өндіріске  қосу 

индустрияландыру  жылдарында  жүзеге  аса  бастады.  Аймақта 

ауыр  өнеркәсіп  саласын  дамытуға  аса  көп  көңіл  бөлінді  де, 

тамақ  өнеркәсібін  жетілдіру  өз  деңгейінде  жүзеге  аспады. 

Аймақта  өнеркәсіп  орындарында  тұрақты  жұмыс  жасайтын 

техникалық мамандардың қатары толыға бастады.  [12: 21]. 

Партия  комитеті  бұрын  шалғайда  жатқан  аймақты 

135



өнеркәсіпті  аймаққа  айналдыра  отырып,  Өскеменді  кенді 

Алтайдың  орталығына  айналдырды.  1930  жылдары  қалада 

жаңа 

орталық 


алаңдар 

пайда 


бола 

бастады. 

Индустрияландыру 

жылдарындағы 

металлургтерге 

арнап 


ашылған-металлургтер  сарайы  еді.  Қала  заводтар,  ғылыми 

мекемелер қаласына айналды [13: 85]. 

Шығыс 

Қазақстанның 



түсті 

металдары 

жоғарғы 

сапалығымен  ерекшелінеді.  Мысалы,  Өскемен  мырышы, 

Балқаш  және  Жезқазған  мысы,  Лондонның  түсті  металдар 

биржасында 

эталон 

ретінде 


тіркелген. 

Қазіргі 


уақытта 

Қазақстанның  түсті  металдары  30-дан  астам  әлем  елдеріне 

экспортқа шығарылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет