Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет70/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ 

КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫНАН

Утегенов М.З.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Utegenov@inbox.ru

                                        

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен еліміздің тарихы заман 

талабына  сай  ақиқатты  тұрғыдан  қайта  қаралып  зерттелуде. 

Осыған  байланысты  қазақ  халқының  қалыптасу  тарихы  мен 

мемлекеттілік тарихы қазіргі заманғы тарихшылардың алдында 

тұрған  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Көп  жылдар 

бойы  отаршылдық  саясаттың  және  жалпы  еуропацентристік 

көзқарастардың  салдарынан  еліміздің  тарихы  бұрмаланып 

жазылып  келді.  Мәселен,  еуропацентристік  бағытты  ұстанған 

Тойнби  сияқты  батыс  зерттеушілері  көшпелілер  тарихын 

әлемдік  өркениеттен  тыс  дүние  деп  қарастырған,  ал  қазақ 

жерінен  алғаш  рет  көне  түрік  руна  жазуын  тауып  зерттеген 

орыс  ғалымдары  сол  уақыттағы  идеологияның  талабына  сай 

руна  жазуы  қазақтардікі  болуы  мүмкін  емес,  ол  басқа  бір 

тайпалардың жазуы деп түсіндіруге тырысқан.

Еліміздің  тоталитарлық  жүйеден  босанып  тәуелсіздік 

алғанына  он  жеті  жыл  болды.  «Осы  уақыт  аралығында біз қай 

жерге  келіп  жеттік?»,  деген  сұраққа  жауап  берсек,  еліміздің 

әлемдік  саясаттағы  және  әлеуметтік-экономикалық  саладағы 

жетістіктері өздері үшін жауап беретіндей жоғары деңгейде тұр, 

атап  айтқанда  көп  бағдарлы  сыртқы  саясат,  ұлтаралық 

қатынастағы  татулық  пен  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық 

дамуының  көрсеткіші  мен  тәуелсіздік  символына  айналған  –

елордамыз 

Астананың 

өсіп-өркендеуі. 

Қазақстан 

Республикасының  2010  жылы  Еуропадағы  қауіпсіздік  және 

ынтымақтастық  ұйымына  төрағалық  етуі  біздің  ішкі  және 

сыртқы  саясаттағы  жетістіктеріміздің  әлемдік  қауымдастық 

тарапынан  мойындалуы  болып  табылады.  Жоғарыда  аталған 

жетістіктерімізге  көз  жүгіртсек,  егемен  елде өмір сүріп отырған 

210



біз қандай бақыттымыз деген ой келеді.

Дегенмен, бүгінгі тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойы 

жүргізген азаттық күресінің нәтижесі болып табылады. Азаттық, 

еркіндік, тәуелсіздік жолындағы күресте қолына қару алып, ұлт-

азаттық  қозғалыстарды  басқарған  қаһарман  батырлармен 

қатар,  Алаш  қозғалысының  өкілдері  де  өздерінің  қоғамдық 

қызметі  мен  шығармашылықтары  арқылы  халықты  ұйқыдан  

оятуға тырысып рухани- идеологиялық күрес жүргізді. 

Қазақ  қоғамында  ел  қамын  ойлап,  халықты  бірлікке, 

ынтымаққа  шақырған  қалың  жұрт  арасынан  шыққан 



ел 

азаматтары

 

әрқашанда 



болған. 

Н.И.Красовский 

интеллигенцияға  дейін  қазақ  қоғамында  қарапайым  халықтың 

мұң-мұқтажын  ойлаған  топ  -  билер  мен  ақсақалдар  рөлін 

анықтап, оларды мырзалар мен байлардан дараланып тұратын 

ерекше  әлеуметтік  категория  деп  түсіндіреді:  "Халықтың 

құқықтары  мен  бостандықтарын  билер  мен  ақсақалдар  деп 

аталатын  адамдар  тобы  қорғайды,  сондықтан  бұл  топ  қазақ 

қоғамында ерекше жоғары құрметке ие" [1, 158 б.]. ХІХ ғасырда 

Ресей  арқылы  қазақ  қоғамына 



интеллигенция 

деген  ұғымның 

енуіне  байланысты  ресми  биліктің  ұстанған  саясатына  сыни 

көзбен қарап, елдің азаттығы жолында айбынды идеологиялық 

күрес  жүргізген  Алаш  қозғалысының  негізгі  дәнекерлері  –

ұлттық  интеллигенция  немесе  ұлттық  зиялы  қауым  деп  атала 

басталды.  ХХ  ғасырдың  басында  Алаш  қозғалысының  өрістеп 

қуатты  саяси  күшке  айналуына  ат  салысқан  ұлттық  зиялы 

қауым 

өкілдерінің 



тұлға 

ретінде 


қалыптасуына 

оқу 


орындарында  білім  алған  уақыттары  әсер  етті.  Ресей  үкіметі 

қазақ 


жерінде 

қазақ 


балаларына 

арналған 

қазақ-орыс 

мектептерін 

ашу 

арқылы 


империялық 

әкімшілік 

үшін 

аудармашы  шенеуліктерді  дайындау  мақсатын  көздеген,  бірақ 



еуропалық үлгідегі білім ордаларында оқыған жергілікті ұлттың 

жастары  демократия,  гуманизм,  республика  және  азаттық  пен 

теңдік  сияқты  көкейкесті  мәселелер  негізінде  өздерінің 

азаматтық көзқарастарын қалыптастырады. 

  Қазақ  жастары  жергілікті  жерлерде  ашылған  төменгі 

мектептерде  білім  алып,  негізінен  қалаларда  ашылған  орта 

арнаулы  білім  беретін  мұғалімдік  семинариялар  мен  кәсіптік 

училищелерге  түсетін  болды.  Ал  Алаштың  ірі  тұлғасы  Алихан 

Бөкейханұлы  сияқты  орта  арнаулы  оқу  орнын  үздік  аяқтаған 

оқушылар  Санкт-Петербург,  Қазан  сияқты  ірі  қалалардағы 

жоғары 

оқу 


орындарына 

арнайы 


жолдамалар 

алды. 


Техникалық  училище  түлектерінің  ішінде  Әлихан  Бөкейханұлы 

ғана 


Санкт-Петербург 

орман-техникалық 

институтына 

211



жолдамамен  барып  түседі  [2,  201  п.].   Жалпы  алғанда  оқу 

орындарындағы  қазақ  жастарының  үлгерімдері  жақсы  болған. 

Әлемдік  өркениетке  Еуразиялық  дала  мәдениетін  сыйлаған 

қазақтардың  мәдениеттілігі  жөнінде  өткен  ғасырдың  басында 

жарық,  көрген  "Россия"  жинағында  мынадай  мәліметтер 

кездеседі:  "Азияда  көшіп-қонып  жүрген  түрік  тайпаларының 

ішінде  қырғыз-қайсақтар  (қазақтар-М.У.)  едәуір  мәдениетті 

халық.  Cондықтан  олардың  болашағы  өте  жақсы  болмақ, 

олардың  саны  өсіп,  жаңа  мәдени  құндылықтырды  игеруде. 

Қырғыз-қайсақтардың  салыстырмалы  мәдениеттілігін  тілінің 

сипатынан,  өз  ойын  жеткізу  қабілеті  мен  түрінен,  халық  ауыз 

әдебиетінің  байлығымен  және  өнердің  даму  деңгейімен 

түсіндіруге  болады  [3,    203  б.].  Мұндай  көзқарас  орыс 

зерттеушілерінде  бірден  қалыптасқан  жоқ,  бұл  қазақтардың 

тұрмыс  тіршілігін,  тарихын,  этнографиясын  жан-жақты  зерттеу 

нәтижесінде 

туындаған 

көзқарас. 

Қазақтардың 

білімге 


құштарлығын  да  зерттеушілер  ерекше  атап  өтеді:  "Оқу-білім, 

әсіресе  математика  ешбір  қиындық  туғызбайды,  оқушылар 

арасында үлгерімі жақсы адамдар көптеп кездеседі" [3, 202 б.].

XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  ұлттық  зиялы  қауым 

өкілдерін бір тудың астында біріктірген Алаш идеясына талдау 

жасасақ,  ол  ақтардың  да,  қызылдардың  да  саясатымен 

үйлеспейтін  ұлттық  жаңару  жолы  болды  [4,  7  б.].  «Алаш»  сөзі 

қазақ  тарихында  ертеден  кездеседі,  оның  мағынасы  елдік, 

тұтастық,  айбарлық  деген  бірнеше  ұғымдарды  жинақтайды  [4, 

44 б.]. Алаш қозғалысының басында әлемдік деңгейге сай білім 

алып, демократиялық және азаматтық идеялармен қаруланған, 

ұлы даланың сан ғасырлық құндылықтарын бойларына сіңірген 

Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Тынышбаев, 

М.Шоқай, Б.Қаратаев сияқты ұлтжанды тарихи тұлғалар тұрды.

Алаш  қозғалысына  мұрындық  болған  зиялы  қауым  саны 

көп  емес  еді.  Тарихшы  ғалым  Хангелді  Әбжановтың 

деректеріне  сүйенсек,  «патшалық  құрылыстың  соңғы  30-40 

жылы  ішінде  5  млн.  қазақтан  100-ден  астам  ғана  жоғары 

дәрежелі  білім  иесі  шыққан».  Алаш  партиясы  қатарына 

кіргендер  саны  300-ге  жетер-жетпес  қана  болған.  Бірақ,  бұлар 

жүзден 

жүйрік, 


мыңнан 

тұлпар 


шыққандар 

болды. 


Отарлаушылар  сайын  даланың  серкелерін  уысынан  шағармау 

үшін  небір  құйтұрқы  саясат  жүргізіп,  араларына  от  тастау, 

араңдату,  жанжалға  итермелеу  амал-шарғыларын  іске  қосса 

да,  Алаш  зиялылары  жеке  басының  қамын  ойламай,  ұлт 

азаттығын  ұлы мақсатқа айналдырды [4, 10 б]. 

Азаттық 


идеяны 

көздеген 

зиялы 

қауым 


саяси-

212



идеологиялық  күресте  панисламдық  және  батысшылдық 

ағымдарды  жақтағандарына  қарамастан  ұлтының  азаттығы 

жолындағы  күресте  бір  тудың  астына  біріге  алды.  Осылайша 

ұлттық  зиялылардың  үгіт-насихатының  және  олардың  тікелей 

араласуымен  XX  ғасырдың  басында  бүкіл  қазақ  даласында 

азаттық жолындағы саяси күрес өрістеп дамыды. Қазақтардың 

негізгі  орналасқан  жерлері  жазғы  жайылымдар  мен  үлкен 

жәрмеңкелерде  жиындар  өткізіліп  ресми  билікке  петициялар 

жасалды. 

Осындай 


петициялардың 

бірі 


Ә.Бөкейханов, 

А.Байтұрсынов  және  Ж.Ақпаевтар  дайындаған  «Қарқаралы 

петициясы»  болды,  бұл  құжатта  Ресей  үкіметінің  алдына 

экономикалық,  мәдени-рухани,  әлеуметтік  талаптармен  қатар 

алғашқы  саяси  талаптар  да  қойылды,  атап  айтқанда  жергілікті 

өзін-өзі  басқару  және  қазақ  даласындағы  орыстандыру 

саясатын айыптау.

Бірінші  орыс  революциясы  жылдарында  шақырылған  I 

және  II  Мемлекеттік  дума  жұмысына  жергілікті  ұлттан 

сайланған  депутаттар  қатысып,  азаттық  жолындағы  Алаш 

идеясына  дем  беріп,  күресті  жаңа  саяси  деңгейге  көтерді. 

Мемлекеттік  думаға  депутат  болып  сайланған  Ә.Бөкейханов, 

Б.Қаратаевтар  орталық  билікке  туған  халқының  мұң-мұқтажы 

мен  солақай  саясаттың  салдарынан  тартып  отырған  қасіретін 

ақиқатты  түрде  жеткізіп,  ел  сенімін  ақтай  білді  [5,  67  б.].  Орал 

облысынан    II    Мемлекеттік  думаға  депутат  болып  сайланған 

Б.Қаратаев патша үкіметінің қазақ жеріне қоныс аудару саясаты 

жөнінде  былай  деген:  «Біз  қырғыз-қайсақтар  (қазақтар)  біздің 

бауырларымыз 

шаруалардың 

жерге  деген  тапшылығын 

түсінеміз, біз оларға жер беруге дайынбыз, бірақ артық жер өте 

аз,  ал  қазір  жүріп  жатқан  қоныс  аудару  қырғыз-қайсақтарды 

(қазақтарды)  көшіруге  әкелуде...  қырғыздарды  (қазақтарды) 

жерлерден  емес  үйлерінен  көшіріп  жатыр».  II    Мемлекеттік 

дума  таратылғаннан  кейін  патшаның  «3  маусымдағы  заңы» 

шығып, 

қазақтардан 

III 

 

Мемлекеттік 



думаға 

депутат 


сайланбайтын  болды.  Бұл  оқиға  жергілікті  өлкедегі  саяси 

жағдайды  одан  сайын  ушықтырып  азаттық  жолындағы  күресті 

шындай түсті. XX ғасырдың басындағы қазақ жеріндегі азаттық 

пен  тәуелсіздікті  пір  тұтқан  Алаш  идеясының  өрістеп  дамуы 

бүкіл  әлемдегі  азаттық  қозғалыстар  толқынымен  қатар  келіп, 

ұлттық  сана-сезімнің  оянуына  әкелді.  Қазақ  даласын  түгел 

қамтыған  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  барысында 

азаттық жолындағы күрес жаңа деңгейге көтерілді.

Алаш  зиялыларының  азаттық  жолындағы  идеологиялық 

күресі  саяси  тұрғыдан  әбден  пісіп-жітіліп  егемен  елдің  іргесін 

213



көтеретіндей  дәрежеге  жеткенде  ұлттық  идеяға  тірек  болып, 

оны  іс  жүзінде  жүзеге  асыратын  ұлттық  буржуазиялық 

өнеркәсіптік  топ  қажетті  шамада  қалыптаспай,  саусақпен 

санарлы  ғана  адамдардан  тұрды.  Дегенмен,  ат  төбеліндей 

азғантай  ұлттық  зиялы  қауым өкілдері бастарына төнген қауіп-

қатерге 


қарамастан 

азаттық 


жолындағы 

күресті 


асқан 

айбарлықпен  үздіксіз  түрде  жүргізді.  М.Дулатовтың  «Оян 

қазағы»  мен  А.Байтұрсыновтың  «Масасы»  сияқты  Алаш 

белсенділерінің  шығармалары  халықтың  сана-сезімін  оятуда 

үлкен  рөл  атқарып,  патша  үкіметінің  озбырлық  саясатын 

әшкерелеп,  халықтың  мұң-мұқтажын  жырлады.  «Оян  қазақ» 

идеясының  жаңа  ұлттық  идеяға  айналуы  1917  жылғы  Ақпан 

революциясынан  кейін  іске  асырылды.  Ендігі  жерде  1917 

жылдан  Алаш  идеясы  азаттық  жолында  ашық  күреске  түсіп, 

нәтижесінде  1917  жылдың  жазында  Орынборда  жалпықазақ 

сьезінде  Алаш  партиясы  құрылды.  Он  бөлімнен  тұратын 

партияның  бағдарламасы  1917  жылғы  қарашада  «Қазақ» 

газетінің  бетінде  жарияланды.  Партия  бағдарламасының 

«Мемлекет  қалпы»  деген  бөлімінде  қазақ  елі  Ресейдің 

құрамындағы автономия болып құрылу керек делінді. Сонымен 

қатар  баспасөз  бетінде  партия  бағдарламасының  басқа 

бөлімдері де («Жергілікті бостандық», «Негізгі құқық», «Дін ісі», 

«Билік  һәм  сот»,  «Ел  қорғау»,  «Салық»,  «Жұмысшылар», 

«ғылым 

білім 


үйрету», 

«Жер 


мәселесі») 

кеңінен 


жарияланылды.  XX  ғасырдың  басында  жанданған  тәуелсіздік 

үшін  күрес  жүргізген  алаш  идеясы,  тек  XX  ғасырдың  аяғында, 

1991 жылдың желтоқсанында іске асырылды.

XX  ғасырдың  басындағы  жергілікті  баспасөз  құралдары 

идеологиялық  күресті  жүргізудің  басты  құралына  айналды. 

1913  жылдан  шыға  бастаған  «Қазақ»  газетінің  редакторы 

алаштың  ардақты  ұлы  А.Байтұрсынов  болды,  оның  басқа 

басылымдардан  ерекшелігі,  ол  ресми  бағытты  ұстанған 

жалпыұлттық газет болды. 1905 жылғы патша манифесі сөзбен 

баспасөз  бостандығын  жариялағаннан  кейін  бірқатар  газет, 

журналдар  жарық  көрді.  1911  жылы  Тройцкіде  қазақтың 

алғашқы  журналы  «Айқап»  жарық  көрді,  оның  редакторы 

белгілі  ақын,  журналист  М.Сералин  болды  [4,  55  б.].  1914 

жылдан  Омбы  қаласында  ағартушы  Қошке  Кемеңгерұлының 

редакторлығымен «Балапан» қолжазбалық нұсқадағы журналы 

және 


1915 

жылдан 


Уфа 

қаласында 

Б.Майлин 

мен 


Ж.Тілепбергеннің 

жетекшілігімен 

қолжазбалық 

нұсқадағы 

«Садақ» журналдары шығып тұрды.

Қарастырып  отырған  кезеңдегі  Алаш  азамматтарының 

214



жасаған 

ерліктеріне 

қарап, 

қазіргі 


кезде 

қазақстандық 

патриотизмді  қалыптастыру  мен  қазақ  тілін  дамыту  сияқты 

мәселелерді  шешуде  бабаларымыздың  ғасыр  бұрын  жасаған 

ерліктерін  неге  қайталамаймыз  деген  ой  келеді.  Иә,  кезінде 

Алаш  азаматтары  үшін  асыл  арман  болған тәуелсіздік идеясы 

орындалды.  Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет  болып,  әлем 

елдерімен  терезесі  тең  саясат  жүргізеді,  ал  өз  елімізде  ұмыт 

болуға айналған ана тіліміз қазақ тілі мемлекеттік тіл статусына 

ие  болды.  Осы  емеспеді  Алаш  қайраткерлерінің  алға  қойған 

басты  мақсат  мұраты.  Ұлттық  идеяны  қорғаған  Алаш 

қайраткерлері  «үлкен террордың» құрбаны болды. «Ғалымның 

хаты  өлмейді,  ақыннның  аты  өлмейді»  дегендей  алаш 

зиялыларының  шығармашылығы  әрқашан  туған  халқының 

жадында,  бірақ  олар  жай  ғана  ғалым,  ақын,  ағартушы  болған 

жоқ,  Алаш  азаматтары  қазіргі  ұлт  тағдырының  болашағы 

мәселесі  көтерілген  тарихи  күрделі  кезеңде  өмір  сүріп,  ұлт 

мүддесін  жеке  бастарынан  жоғары  қойған  ұлтжанды  тарихи 

тұғыры биік тұлғалар болды. 

Тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойғы арманы болды. 

XVIII  ғасырда  қазақ  халқының  басын  біріктірп,  мемлекеттілікті 

қалпына  келтірген  Абылай  ханның  қуатты  мемлекет  құру 

арманын 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаев 

орындады. 

Елбасымыздың 

көрегендік 

саясатының  нәтижесінде  елімізде  тұрақтылық,  ұлтаралық 

келісім  орнады.  Шетелдік  сарапшылар  Қазақстанның  қазіргі 

дамуын  жоғары  бағалап  ерекше  «қазақстандық  жол»  деп 

атайды.


Қара  сөздің  шешені  халқымыз  «өлі  риза  болмай,  тірі 

байымайды»  демекші,  қазіргі  біздің  қол  жеткізіп  отырған 

тәуелсіздігіміз 

үшін 


күресте 

атылып 


кеткен 

Алаш 


азаматтарының  қоғамдық-саяси  қызметін  лайықты  дәрәжеде 

зерртеу  біздің  тарих  алдындағы  қасиетті  борышымыз.  Алаш 

зиялыларының  қоғамдық-саяси  қызметін  жай  ғана  зерттемей, 

олардың  ұлттық  идея  үшін  күресін  болашақ  ұлтжанды 

азаматтарды  тәрбиелеуде  басты  құрал  ретінде  пайдалану 

керекпіз.  Қазіргі  жастарымыздың  әрқайсысы  өздеріне-өздері 

«мен туған елім үшін не істей алам ?» деген сұрақ қойып жатса, 

егемен  еліміздің  ертеңінің  берік  болатынына  сеніміміз  арта 

түседі.  Өйткені  тәуелсіздік  біздің  ең  басты  байлығымыз,  ең 

басты бақытымыз, ең басты жетістігіміз.         

                                



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет