Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



Pdf көрінісі
бет115/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   124
Байланысты:
abuev

Литература:

1.  Послание  Президента  Республики  Казахстан  -  Лидера 

нации  Нурсултана  Назарбаева  народу  Казахстана  «Стратегия 

«Казахстан-2050»:  новый  политический  курс  состоявшегося  

государства» Астана, Акорда, 14 декабря 2012 г.

2.  С.А.Дъяченко.  Политический  транзит  в  современном 

Казахстане. Астана: Елорда, 2001. С.45.

3. 


Т.С.Сулейменов. 

Международный 

научнo-

аналитичeский 

журнал. 

Государственное 

управление 

и 

государственная  служба.  Международный  eжeквартальный 



журнал № 1/2013.

ОТАНДЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ ОҒАН ЖАСТАРДЫҢ 

ҚАТЫСУЫ

Қанат Еңсенов

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми 

қызметкері,

Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының 

төрағасы, т.ғ.к.

Еліміздің  дамуы,  тарихы  мен  тағдырына  байланысты 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Ұлт  Көшбасшысы 

Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан- 2050»  Стратегиясы  қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауында:  «Біз  ұлттық  тарихи  сананы  қалыптастыру 

жұмысын жалғастыруымыз керек» [1] деген болатын. 

Осы  тапсырмаға  сәйкес,  2013  жылдың  5  маусымында 

Астанадағы                     Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде  ҚР  Мемлекеттік  хатшысы  Марат  Тәжиннің 

төрағалығымен Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу 

жөніндегі  ведомствоаралық  жұмыс  тобының  кеңейтілген 

отырысы  (жалпыұлттық  кеңес)  өтті.  Осы  тарихшылардың 

алқалы  мәжілісінде  елдің  болашағы  үшін  тарихымызды 

жаңаша  көзқарас  тұрғысынан  зерделей  түсу,  ұлттық  сананы 

нығайту,  өзекті  тақырыптарды  зерттеу  және  жаңа  заманға  сай 

оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жүктелді [2].

Тарихшылардың 

алқалы 

мәжілісінде 

көтерілген 

мәселелердің  бірқатарына  тоқталсақ.  Мысалы, 



ұлтық  сананы

қалыптастыру  және  нығайту  жолдары.  Бұл  сұрақтың  шешімі 

ұлттық  тарихты  ұлықтау,  зерделеу  және  халыққа  дұрыс 

384



баяндап  түсіндіру  арқылы  жүзеге  асады.  Өйткені,  қазіргі 

жаһандану заманында ұлт болып сақталу үшін тіл, діл және дін, 

сонымен  қатар  Отандық  тарихқа  көңіл  бөлу  қажет.  Сонда, 

халқымыздың  ұлттық  санасы  нығайып,  мықты  ел  ретінде 

тәуелсіздігі баянды болады.

Енді ұлттық тарихқа

 арқа сүйеу деген мәселеге келсек. 

Бұл  сөздің  астарында  үлкен  мән  бар.  Себебі,  жер  бетіндегі 

қандай халық болса да, олардың өзіндік тарихы мен даму жолы 

болады.  Кезінде  Алаш  ардагері  Ахмет  Байтұрсынов  ұлтық 

тарихқа  байланысты:  «Өзінің  тарихын  жоғалтқан  жұрт,  өзінің 

тарихын  ұмытқан  ел, қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп 

не  қойғандығын  білмейді,  келешекте  басына  қандай  күн 

туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір 

ел  өзінің  тарихын  жоғалтса,  оның  артынан  өзі  де  жоғалуға 

ыңғайлы  болып  тұрады»,  - деген  ой-тұжырым  жасаған.  Демек, 

Отан  тарихын  тарихшылар  өз  дәрежесінде  зерттеу  үшін  тарих 

ғылымының  теориясы  мен  методологиясына  баса  назар 

аударуы қажет.

Қазіргі уақыттағы 

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы –

тарих  ғылымында  салыстырмалы  түрде  жаңа  бағыт»  [3]

,  -


деген  мәселеге  тоқталсақ.  Иә,  бұл  өте  орынды  ұсыныс.  Біздің 

еліміз  екі  ғасырдан  астам  уақыт  отар  ел  болды.  Сол  себептті, 

тарихы  бұрмаланып,  өзге  ұлттың  өкілдері  ол  туралы  тарихи 

зерттеулер  жазды.  Ал,  қазақ  халқының  арасынан  шығып, 

ұлттық  тарихын  жазуға  бағыт  алған  перзенттерін  шектеді, 

қуғындады  және  тұқыртып  қойды.  Тек  еліміз  тәуелсіздікке  қол 

жеткізген  уақыттан  бастап,  жаңа  көзқарас  тұрғысынан  Қазақ 

елінің тарихындағы «ақтаңдақтар» зерттеліп, бірқатар еңбектер 

жазылып  келеді.  Біздің  халқымыз  іргелі  елге  айналуы  үшін 

болашақ бағыт-бағдарын өткен тарихына қарап айқындай түсуі 

қажет. 

Еліміздің көнеден бүгінге дейінгі тарихы жаңаша көзқарас 

тұрғысынан  сарапталып,  зерттеулер  арқылы  зерделеніп,  көне 

дәуірден Қазақ елінің тәуелсіздігіне дейінгі және Тәуелсіздіктен 

бүгінгі  уақытқа  дейінгі  ұлттық  тарихы  шынайы  зерттеле  түсуі 

керек.  Мәселен,  Қазақстанның  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  20 

жылдан  астам  уақытының  аралығында  ғасырға  татырлық 

оқиғалар  бар.  Ал,  елдікті  нығайту жолындағы жаңа қадамдары 

мен  табыстарының  өзі  қаншама  көп.  Міне,  осындай  оқиғалар 

мен  құбылыстарды  ой  елегінен  өткізу,  зерттеп  жазу  үлкен 

ауқымды  жұмыстар  екені  анық.  Бірақ,  осы  үлкен  міндетті 

атқарып шығу еліміздегі тарихшы қауымның үлесіндегі мәселе. 



Тарихты  зерттеуге  жастардың  қатынасуына  келсек

385




еліміздегі жас тарихшылар бүгін ғана зерттеуді бастап отырған 

жоқ. 


Олар 

қатынасып 

келеді. 

Мәселен, 

Қазақстан 

Республикасында зерттеу институттары мен университеттерде 

ғылыми  жобалардың  қолданбалы  және  іргелі  зерттеулеріне 

олар  қатысып  келе  жатыр.  Бұдан  былай  да  жастар  Отан 

тарихын  зерттеу  мен  зерделеуге  қатыса  береді.  Осы  бағытты 

күшейту  мақсатында  ҚР  Мемлекеттік  хатшысының  жоғарыда 

аталған  баяндамасындағы  жастардың  арасында  Қауымдастық 

құру,  зерттеу  жұмыстарына  жұмылдыру  және  өз  алдына 

жұмыстар  атқару,  жаңаша  көзқараспен  ұлттық  тарихты 

шынайы  зерделеуді  жүзеге  асыруды  білетін  жас  ұрпақты 

тәрбиелеу мәселесі аталды.

Осы тапсырмаға сәйкес, 2013 жылдың 7 маусымында ҚР 

БҒМ  ҒК  Мемлекет  тарихы  институтында  жас  тарихшылардың 

мәжілісі  өтіп,  онда  «Жас  тарихшылардың  республикалық 

қауымдастығы  құру»  мәселесі  талқыланып,  оған  төраға  және 

оның  орынбасары  мен  хатшысын  сайлау,  Жарғысын  бекіту 

мәселесі 

көтеріліп, 

соңынан 

«Жас 


тарихшылардың 

республикалық қауымдастығы» құрылды [4]. 

«Жас  тарихшылардың  республикалық  қауымдастығы» 

қоғамдық  бірлестігінің  тамыз  айында  логатипі,  мөрі  және 

фирмалық парағы жасалды. 

Жас  тарихшылардың  арнайы  республикалық  ғылыми 

«Тарих  тағылымы»  («Уроки  истории»)  атты  журналын  шығару 

мақсатында  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі  Ақпарат 

және  мұрағат  комитетінен  мерзімді  баспасөз  басылымдарын 

және ақпарат агенттігіне есепке алу туралы № 13868-ж Куәлігін 

2013  жылдың  10  қыркүйегінде  алды.  Бұл  ғылыми  журнал  1 

жылда 4 рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылып 

тұрады. 

Жастардың  жалпы  ортақ  тізімін  жасау  үшін  Қазақстан 

Республикасының 

облыстарындағы 

институттары 

мен 


университеттерінен  «Жас  тарихшылардың  республикалық 

қауымдастығына»  мүшелікке  22-35  жас  аралығындағы  жас 

тарихшылардан бакалавр, магистр, PhD докторант және тарих 

ғылымдарының  кандидаттарын  тізімге  топтастыру  көзделді. 

Сондықтан,  әр  университет  жастарының  арасынан  жас 

тарихшылардың  төрағасын,  орынбасарын  және  хатшысы 

сайланып, 

нәтижесінде 

бірқатар 

институттар 

мен 

университеттерден  олардың  тізімдері  жасалды.  Ал,  Астана 



қаласында 

26 


қыркүйекте 

Қауымдастықтың 

төрағасы, 

орынбасары және хатшысы сайланды.

2013  жылдың  маусым-желтоқсан  айларына  арналған 

386



«Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» жоспары 

бойынша  жұмыстар  атқарылуда.  Жастардың  республикалық 

телеарналарға  сөйлегені,  газет  және  журналдарда  мақалалар 

жариялап, 

Bag.kz 

және 


BNWS.kz 

cайттарына 

ғылыми 

баяндамалар  жариялауда.  Бұл  маусым-қыркүйек  айларында 

атқарылған  жұмыстардың  есебі  ҚР  БҒМ  Ғылым  комитетіне 

берілді. 

Республикамыздағы 

«Халық 


тарих 

толқынында» 

Мемлекеттік  бағдарлама  бойынша  тарихты  зерттеу  және 

насихаттау 

мәселесіне 

қатысты 


«Жас 

тарихшылардың 

республикалық  қауымдастығына»  мүше  жастардың  ғылыми 

зерттеу 


жобаларын 

2014-2016 

жж. 

жүзеге 


асыруы 

жоспарланды.  Қауымдастықтың  қаржыландыру  көзі  ғылыми 

жобалар  арқылы  жүзеге  асырылады.  Олардың  тақырыптары 

төмендегідей аталады:



Шығыс  Қазақстан петроглифтері: дәстүр және сабақтастық 





Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық 

тарихтың рөлі  (1991-2016 жж.) 



Батыс Қазақстан ерте көшпенділерінің әскери ісі





Қазақстандағы этносаралық қатынас және саяси тұрақтылық 

(1991-2016 жж.)



Ғылым  және  жастар:  ҚР  БҒМ  ҒК  жүйесіндегі  қоғамдық 



гуманитарлық  бағыттағы  ғылыми-зерттеу  институттарындағы 

жастар мәселесі

Жоғарыда 

аталған 


ғылыми 

жобалардың 

тұжырымдамалары  мен  бюджеттік  қаржыландыру  мәселесі 

көрсетілді.

2013  жылдың  27  қыркүйегінде  «Жас  тарихшылардың 

республикалық қауымдастығы» мүшелерінің ұйымдастыруымен 

«Екінші Дүниежүзілік соғыс тарихының өзекті мәселелері» атты 

Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияны  Астана 

қаласындағы 

Л.Н. 


Гумилев 

атындағы 

Еуразия 

ұлттық 


университетінің «Отырар кітапханасында» өткізді.

Еліміздің  болашағы  жастар  екені  анық.  Сондықтан, 

оларды  осы  бастан  дұрыс  бағыттап,  тәлім-тәрбие  беріп  жолға 

салу  аға  буын  алдындағы  бір  міндет  деп  айтуға  болады.  Осы 

аталған  қоғамдық  бірлестікті  құруға  қолдау  білдірген  ҚР 

Президент  Әкімшілігінің  қызметкерлері,  ҚР  БҒМ  Ғылым 

комитетінің  басшылары  және  Мемлекет  тарихы  институтының 

басшылары екендігін айта кеткенді жөн көрдік.

Алдағы  уақытта  жастар  «Халық  тарих  толқынында»  атты 

мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде және Отан тарихының 

өзекті  мәселелеріне  қатысты  зерттеулер  мен  зерделеулер 

387



жасап, ел тарихын зерттеуге қатысады.

Қазіргі 


жастардың 

көпшілігі 

шет 

тілдерін 



біледі, 

компъютер  және  ақпарат  құралдарымен  жұмыс  жасайды. 

Сондықтан,  олардың  мүмкіндіктері  көп.  Тек  жастарымызды 

керек 


салалар 

бойынша  отандық  және  шетелдік  оқу 

орындарынан,  зерттеу  институттарына  тағылымдамалардан 

өткізіп, дайындықтарын шыңдауы керек.

Еліміздің  елдігін  сақтауда  ұлттық  сана,  ұлттық  намыс, 

тарихи  таным  деген  мәселелердің  барлығы  жастарымыздың 

бойына осы тарих саласынан алатын тағылым арқылы дариды. 

Сол  себепті,  біздер  аға  буын  мен  жастар  арасындағы 

сабақтастықты 

жалғастырып 

отыруды 

басты 


назарда 

ұстауымыз керек.

Республикамызда  Отан  тарихын  түрлі  кезеңдері  мен 

тақырыптарына қарай зерттеп, онымен айналысып келе жатқан 

тарихшы 

қауым 


бар 

және 


бұдан 

кейінде 


тереңдетіп 

зерттеулерді  жүзеге  асыра  береді  деген  сенімдеміз.  Демек, 

осылай  халқының  тарихы  мен  мәдениетіне  құрметпен  қараған 

елдің болашағы зор болмақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет