КӨКШЕ ӨҢІРІНІҢ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЕСІМДЕРІМЕН
БАЙЛАНЫСТЫ ҒИМАРАТТАР МЕН СӘУЛЕТ НЫСАНДАРЫ
Кушпаева А.Б.
Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университтеті,
388
Көкшетау қ.
kushpaevaab@mail.ru
Көкше өңірінің ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы тарихы Ресей
патша өкіметінің сол кезеңде еркше қарқын алған отаршылдық
пен оған қарсы бағытталған отаршылдықпен күрес тарихы
болды десек, тарихи шындықтан алшақ кетпейміз, бәз біреулер
айтып жазып жүргендей Ресейдің далалық өңірдің ішкі
аудандарына жылжыуы «бейбіт» адамгершілік пен өркениеттті
далалықтарға әкеліп таратушы болмағандығына халқымыз
тәуелсіздікке
ие
болған
ХХ
ғ.
тоқсаныншы
жылдары
зерттеушілер қатты назар аударып, тарихи шындықты қалпына
келтіруге әрекеттер жасалынды. Соның ішінде біздің өлкеміздің
тарихына қатысты екі зертеушінің еңбегі ерекше мәнге ие
болатын. Олар профессорлар Өмірзақ Озғанбай мен Қадіржан
Қабиденұлы Әбуовтың зерттеулері деуге болады.
ХІХ аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың басында әсіресе
Көкшетау өңірінде патша үкіметінің қазақтарды ата дінінен
айырып шоқындыру саясаты жүргізілді Сол кезде қазақ
халқының рухани- діни бостандығына үлкен қатер төнген
болатын. Міне осы бір қыйын шақта Бұхарада терең діни білім
алған Науан Хазірет патша өкіметінің саясатына қарсы шықты.
Оны қолдаған қайраткердің бірі көрнекті Алаш қайраткері,
Ақмола облысынан тұңғыш депутат болып сайланған діндар
Шаймерден Қосшығұлұлы 1874 жылы Ақмола облысы
Көкшетау уезі Қотыркөл болысында дүниеге келген. Ол туралы
Өмірзақ Озғанбай өзінің «Ресей Думасындағы қазақтар»
еңбегіде тың деректер келтірген болатын [1]. Жас шағында
ауыл молдасынан хат таниды, кейін Көкшетаудағы Науан
хазірет медресесінде және Бұхарада оқиды. Мұнан соң осы
қалада 1886 жылы жүртшылық қаржысымен салынған, Мезгіл
болысының азаматы Наурызбай (Науан хазірет) Таласұлы
ұстаған мешіт жанындағы интернаттың мұғалімі болады бұл
турасындағы алғашқы кең көлемді еңбек профессор Қ
Әбуовтың 2001 жылы жарық көрген «Науан Хазірет». атты
зерттеуі болатын [2].
Бұл кезде ол ұстазымен бірігіп, Ресейдің шоқындыру
саясатына ашық қарсы тұрады. 1903 жылы Абай Құнанбайұлы
сынды қазақтың білікті, сыйлы азаматтарына патшалық
режимнің оспадар әрекеті туралы және осыған байланысты бас
қосу жөнінде екі мәрте хат жазады. Осы күресі үшін имам
Н.Таласұлы
екеуі
абақтыға
жабылады.
Жандармерия
тексергенде, Көкшетау мешітінен «цензура» өткізбеген 164
389
кітап және күмәнді қолжазбалар шығады. Ақыры патша өкіметі
1903 жылы шілдеде Шаймерденге - 5 жыл, Науанға - 3 жыл
кесіп, Үркіт генерал-губернаторының бақылауына Батыс Сібірге
жіберіледі [3: 208]. Бұл жерден оларды Якутияға жер аударады.
Осы заңсыздықты Ә.Бөкейхан мен М.Сералин жауапты
орындарға, орыс зиялыларына дәлелдеп айта жүріп, бірнеше
министрдің қабылдауында болып, оларды 1905 жылы
наурызда босатып алады. Осы жылы М.Тынышбайүлы,
С.Шипабекұлы секілді қайраткерлермен бірге Петерборға
барып, патша өкіметіне қарсы шеруге қатынасады. Сонан соң,
Нижний Новгородта ашылған жалпыресейлік мүсылмандар
сиезіне қатысады. Елге келген соң күрескер азаматты халық
1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлайды. Бірақ
ол бүл жолы «орыс тілін білмейді» деген желеумен
депутаттыққа тіркелмеген. Ресми өкімет, халықты сатып жүрген
тілмаштар қайраткер туралы неше түрлі алыпқашпа сөз
таратқан Бұл шақта қайраткер Балықты көлдегі алты бөлмелі
ағаштан қиып салған үйін мектепке айналдырып, орыс
мүғалімін жалдап, балалардың оқу шығынын өзі көтерген. I
Мемлекеттік Дума таратылған соң, патша II Думаға сайлау
жарлығын шығарғанда қайраткерді халық тағы да парламентке
ұсынады. Ол Петерборға аттанады. Дума мүшесі болады. Бұл
Дума да таратылғанда қайраткер өз қаржысымен астанада
татардың «Улфат» (Бірлесу) газетіне қосымша ретінде
«Серке» газетін шығарады. Қазақтан кісі сайланбаған III Думаға
«Жер туралы» Заң жөнінде сұрау (запрос) салады. 1907 жылы
Алаш көсемі Ә.Бөкейханның тапсырмасымен Түркияға барып,
үкімет, парламент басшыларымен кездеседі. Түріктің бір газеті
арқылы II Николайға мәлімдеме жасайды. Діндар 1917-1919
жылдардағы Алаш қозғалысынан да шет қалмайды. Кеңес
өкіметі оны 1931 жылы Петропавл түрмесіне жабады. Әбден
қиналған, саясаттан теперіш көрген қайраткер 1932 жылы
Омбы жерінде қайтыс болады. Сол кезеңдегі осы тұлғалар
мен оқиғалар туралы сыр шертетін деректер қазіргі Қанай би 32
үйдегі мұражайда жинақталған. Міне осы бүкіл алаш жұртына
рухани ерлігімен танылған қос тұлға қызмет еткен мешіт үйлері
сақталмаса да олар салынуына ат салысқан қазіргі Науан
Хазірет атындағы мешіт құрылысы Көкшетауда шамамен 1903
жылы басталып, 1904 жылы аяқталған. Мешітті Шаяхмет,
Баязит
деген
қала
байлары
жұртшылық
қолдауымен
салдырған. Мешіт 1920 жылға дейін қызмет атқарып келді.
Кеңес үкіметі тұсында қойма, мұражай, көрме залы сияқты
қызметтерге пайдаланылды. Мешіт ғимараты 1990 – шы
390
жылдардың басында қайта жөндеуден өтіп қайтададан
жамағаттың пайдалануына берілді. Мұражай орналасқан ағаш
үйде 1889-1905 жылдары кеңестік қоғам қайраткері Валериан
Куйбышевтың
отбасы
тұрған
үйде
орналасқан.
Кеңес
заманында мұражай осы қоғам қайраткерінің есімімен аталса,
2005 жылы Көкшетау қалалық тарихи мұражайы деп өзгертілді.
Қазір мұнда Көкшетау қаласының тарихынан сыр шертетін
13339 мұрағат бар. Мұрағаттардан қазақтың біртуар ұлдары
Абылайхан, Кенесары, Қанай би Шаймерден Қосщығұл ұлы
және Еркін Әуелбековтың өмірі мен қызметі жөнінде, сондай-ақ
Көкшетау
қаласының
әлеуметтік-экономикалық,
мәдени
өмірінен көп мәліметтер алуға болады.[4] Халқымыздың дін-
исламға бет бұруы, қала халқының құрамында қазақ халқының
өкілдерінің көбеюі жаңа мешіт қажеттілігін қатты сездірді
Сондықтан жаңа мешіт салу міндетін өз мойнына белгілі
құрылысшы, қала әкімі Көкшетау елінің қадірлі азаматы, сол
уақытта қала әкімі болған Асқар Ғалымұлы Хасенов мешітті
толық бітіріп, пайдалануға берген. Ол өз қаржысы есебіне
алғаш осы заманғы талапқа сай мешіт үйін тұрғызуға кірісіп
мұсылмандық парызын өтеді.
Мешіт Чкалов к-сі, 208, мекен – жайында 1992-1995 жж.
аралығында салынып, пайдалануға берілді. Мешіт жерінің
жалпы көлемі — 0,3541 га, мешіттің көлемі 281,6 шаршы метр.
Сыйымдылығы 250 кісі. Мешіт ғимаратының биіктігі 10 метр.
Мешіт — бір қабатты, биіктігі әркелкі, конфигурациясы күрделі,
S: 374,9 шаршы метр. 2 тұрмыстық бөлме — бір қабатты құмды
блоктарда салынған, диаметрлері 8,2 және 7,65м., биіктігі
2,7м., жалпы S: 44,0 шаршы метр. Ішкі безендірілуі (тұрмыстық
бөлмелердің)
—
керамикалық
плитка,
әк.
Инженерлік
қамтамасыз ету-электрлі сәулелендіру, автономды жылыту. Екі
күмбездің түсі көгілдір, диаметрлері 2 метр. 8 мұнарасы бар, екі
мұнараның биіктігі 25 метр. Мешіттің ауласында қосалқы
ғимараттар жоқ. Аулада көп жылдық ағаш егістіктері, гүлдер
егілген. Сөйтіп ол мешіт қана емес ХХ ғасырдың соңындағы
архитектуралық рухани – діни құрлыстың ғимараты ретінде
Көкшетаудың елеулі көрікті құрлысының біріне айналды.
Көкшетауда көп ұзамай өте зәулім орталық мешіт бой көтеріп
келеді. Ол құрылыс аяқталса қаланың ең бір көрікті ғимаратына
айналары сөзсіз, шеберлер Өзбекстан, Әзірбайжан секілді
елдерден шақырылған.
Көкшетау қаласында тұрғызылған алғашқы орыс шіркеуі
әулие Георгий шіркеуі болатын ол станицалық казактардың
қаржысына
салынды.
Ағаштан
қиып
салынғандықтан,
391
қаламызда болған татар және қазақ мешіт – медрессесі сияқты
олар да тарих қойнауында жоқ болы. ХІХ аяғында Көкшетауда
алғашқы кірпіштен соғылған православ шіркеуі «Архистриг
Михаил – Архангель шіркеуі салынды ол кеңес кезінде де
жұмысын тоқтатқан емес, қазіргі күнде қосымша құрылыстар
салынған, 2012 жылы Жібек жолы базары жанынан осы
заманғы жаңа шіркеу құрлысының негізі қаланды.
Қаламыздағы саны жағынан үшінші болып табылатын
католиктер үшін 1991-1997 жылдар аралағында әулие Антония
Падуандық шіркеу – костел салынды, бұл ғимаратта қаланың
Бұқпа жақ беткейіне орналасқандықтан тарихи – ландшафтыға
жарасымды түрде орнаған бүгінгі күнде католик костелі
қаламыздың танымал ғимараттарының біріне айналды. Шіркеу
1997 жылы 15 июньде пайдалануға берілген, шіркеу ауласына
Фатим құдай анасының мүсіні қойылған [5: 47].
Қазақстан тәуелсіздікке ие болған алғашқы кезеңде түрлі
миссионерлер көптеп келіп ақырында Бауыржан Момышұлы
көшесінде Христиан Баптистерінің шағын шіркеу салынған.
Діни ғимараттың тағы бірі ол Красный Яр кентіндегі мешіт.
Қорытындылай келгенде Көкшетау қаласында тәуелсіздік
жылдарында мешіттер мен шіркеулер қатары көбейді. Және
олардың біразы шын мәнісінде рухани – мәдени орталықтарға
айналып кетті.
Қаншалықты елімізді көп ұлт – ұлыстардың өкілдері
мекендесе де Көкшетау әр қазақтың жүрегіне жақын әсемдік
пен сұлулықтың, өнер мен ерліктің тоғысқан мекені Абылай –
Кенесарының, Біржан – Ақанның, Балуан Шолақтың елі –
қаласы болып қала бермек. Мақтай Рамазаұлы Сағдиев
Көкшетау облысын басқарған тұста Қылшақты өзенінің Қопа
көліне құяр тұста Көкшенің көк тасынан жасанды тау
тұрғызылды. Қазіргі кезде ол жер демалыс саябағына
айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |