Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


ОТАНДЫҚ ТАРИХТАҒЫ ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ



Pdf көрінісі
бет15/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   124
Байланысты:
abuev

ОТАНДЫҚ ТАРИХТАҒЫ ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ 

ШИЕЛЕНІСУІ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ «АҚТАҢДАҚТЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІ

Алдаберген М.Н., Жолдасов С.Ж.   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық институты

Қазақстан  Республикасы  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев  “Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға 

Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам”  мақаласында:  Іс 

жүзінде  бүкіл  оқу-тәрбие  үдерісі  ескірген  әдістемелерге 

негізделгені,  оқу-тәрбие  үдерісінің  тарихы  білім  сынды 

маңызды ісі жеке тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуы 

міндеттерін шешуге атымен бейімделмегені жөнінде айта келіп, 

“Нақтылық  мынада,  оқушылар  Қазақстан  тарихы  пәнін 

“зеріктірерлік”,  “қызықсыз”,  “бытысқан”  пән  деп  санайды.  2012 

жылы  “Алтын  белгі”  медалін  алуға  үміткерлердің  талайы  нақ 

осы 

отандық 


тарих 

жөніндегі 

“өкінішті” 

сұрақтардан 

“омақасқаны” көп жайды аңғартады” [1],-  деп көрсеткен еді.

Бұл  шындық.  Міне  осыған  байланысты,  негізгі  мәселе, 

кейбіріміздің  қайта-қайта  айтып  жүргеніндей  тездетіп  тарихты 

қайтадан  жазу  емес,  оны  тарихты  шындық  тұрғыдан  жазуды 

күн  тәртібінде  тұрған  жауапты  мәселе  деп  қарауымыздың 

керектігі. 

Біз 

бірден 


Н.Ә.Назарбаевтің 

өте 


шындықты 

51



айтқанынан  бастайық.  Қазақ-жоңғар  қатынасын  зерттеу  және 

оқырмандарға ұсынған жайларда қандай қателіктер орын алып 

отырғаннан  баяндайықшы.  Басқа  басқа,  келешекте  жарық 

көретін 


кітаптардың 

басшылыққа 

алатын, 

қазіргі 


күні 

пайдаланып  отырған  Қазақстан  тарихының  бес  томдық 

кітабының  2010  жылы  жарық  көрген  үшінші  томындағы  қазақ-

жоңғар  қатынасының  аса  бір  айтулы  кезіндегі  материалдан 

бастайықшы.  Онда:  “1726  жылдың  күзінде  Бадам  –  өзенінің 

маңындағы  биік  қырқа  –  Ордабасы  деген  жерде  бүкілқазақ 

съезі өткізілді. Съезде Әбілхайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, 

Жолбарыс хандар, сұлтандар, Төле би Әлібекұлы, Қаз дауысты 

Қазыбек  би,  Әйтеке  би  бастаған  түрлі  әр  рудың  билері,  даңқы 

шыққан  қолбасшылар  мен  батырлар  шақырылды”  [2]  делінген 

бес  қатарда  алты  дүдәмал,  тіпті  дұрыс  емес  жайлар  жазылып 

отырса ол басшылыққа алатын қандай материал болмақ.

Бірінші  –  біз  осы  кезге  дейін  Ордабасыдағы  кездесуді 

1726 жылдың күзінде емес, көктемінде өтті деп жүр емеспіз бе. 

Екінші,  бұл  арнайы  делегаттар  сайланып,  тиісті  адамдардың 

келіп  қатысқан  съезд  емес,  үшіншісі,  съезде  Әбілхайыр, 

Әбілмәмбет,  Сәмеке,  Күшік,  Жолбарыс  хандар,  сұлтандар 

қатысыпты.  Сонда,  ол  кезде  Қазақ  хандығының  басында 

отырған ханның аты кім еді, ол келмеген бе, неге аты жоқ. Бұл 

кезде Қазақ ханы Тәукенің үлкен ұлы Болат хан емес пе. Оның 

аты  бірінші  болып  аталмақ  түгіл,  тіпті  не  себепті  айтылмай 

қалғаны  белгісіз.  Төртіншісі,  Төле  би  Әлібекұлы,  Қаз  дауысты 

Қазыбек  би,  Әйтеке  би  бастаған  деп,  алғашқысы  Төле  бидің 

кімнің  баласы  екенін  айтып,  Қаз  дауысты  Қазыбектің 

Келдібектің  баласы  екені,  Әйтеке  бидің  Байбектің  баласы 

екенін  неге  айтпаған.  Бесіншісі,  1726  жылғы  Ордабасыдағы 

жиында  біреулердің  айтып  жүргеніндей  1700  жылы,  енді 

біреулердің  айтқанындай  1722  жылы  қайтыс болған Әйтеке би 

қатысқан  жоқ  емес  пе.  Алтыншысы,  әр  рудың  билері,  даңқы 

шыққан  қолбасшылар  мен  батырлар  ғана  емес,  ең  бастысы 

жоңғар  әскерлеріне  қарсы  шайқасатын  қазақ  жасақтары 

шақырылған  жоқ  па.    Сонда  басшылыққа  алатын  бес  томдық 

кітабымыздың  бірі  –  үшінші  томдағы  бар-жоғы  бес  қатардан 

алты  дүдәмал  жай,  немесе  қате  шығып  жатса,  біз  оны 

студенттерге оқуға қалай ұсынбақпыз. Бұл бір ғана мысал. Бес 

қатардан  тұратын  бар-жоғы  екі  сөйлемге  осынша  пікір 

айтылатын  болса  қатты  ойланатын  жай.  Олай  болса, 

Президентіміздің айтқанына неге көңіл бөлмеске.

Осы жерде, К.Маркстің “Фейербах туралы тезистер” деген 

еңбегінен  бір  сөзін  айтсақ  деп  отырмыз.  Онда:  “Философтар 

52



дүниені  түрліше  түсіндірумен  ғана  болып  келеді,  ал  мәселе 

оны  өзгертуде  жатыр”  [3],-  деген.  Олай  болса,  “тарихты  жазу 

керек,  жазу  керек...”-  дей  бергеннен  гөрі  алдымен  оны  қалай 

өзгертіп, дұрыстап жазуымыз керек екендігін ойласақ дейміз. 

Әрине,  қазақ-жоңғар  тарихын  жазу  жөнінде  соңғы 

жылдары 


көптеген 

мақалаларда, 

конференция 

материалдарында  тарихымыздағы  кей  мәселелерді  қайта 

қарау,  кейбірін  қазіргі  заман  талабына  сай  беру  туралы  көп 

айтылып,  жарық  көріп  жатыр.  Кейбіріміз:  тарихымызды  қайта, 

жаңаша  жазу  керек,-  дегенді  қайта-қайта  сөз  етіп  қоямыз. 

Жалпы  алғанда  бұл  дұрыс  та  шығар,  өйткені  кейбір  оқиғалар 

мен  жеке  қайраткерлер  тарихының  бұрмаланып  жатқанын 

теріске шығара алмаймыз. 

Елбасымыздың  Отан  тарихын  оқыту  кезінде  “әттеген-ай” 

деген  жайттардың  орын  алып  отырғанын  басқа-басқа,  біздер, 

тарихшылар  қауымы  өте  жауапкершілікпен  түсінеміз.  Өйткені, 

бұл  “әттеген-айдың”  арғы  жағында  қаншама  жастарымыздың 

білімі,  керек  десеңіз  жоғары  оқу  орнына  түсудегі  тағдыры, 

өкініші  жатыр.  Бірақ  осы,  біреулер  үшін  орны  толмайтын 

өкініштің  себебі не?! Біздің көбіміз осыны ойлап жатырмыз ба. 

Шүкір,  Қазақстан  тарихын  жазушылар  көп.  Соның  ішінде 

тарихымызда 

өзіндік 


ауыр 

із 


қалдырған 

қазақ-жоңғар 

қатынасының  шиеленіскен  кездеріндегі  жайларды  жазғандар 

да баршылық. Бірақ... 

Осы  “бірақ”  деген  бір  ауыз  сөздің  астында  жаңа  ғана 

мысал  келтіргеніміздей  көп  өкінішті  жайлар  жатыр.  Соңғы 

жылдары,  көптеген  жазбагерлер  Қазақстан  тарихының  келелі 

мәселелерін  жазғанда  ешқандай  жаңа  ізденістер  жасамастан 

жазуды  әдетке  айналдырды.  Тарихымыз  нақты  деректер 

негізінде  жазылуы  тиіс.  Дерек  болмағанда,  аңыздың  өзін 

бұрмаламай, дұрыс пайдалану керек. Екіншісі, осы еңбектердің 

жазбагерлері  сол  деректерді  қай  мұрағаттан  алды.  Бізді 

ойландыратыны 

осы. 


Біздің 

айтпағымыз, 

қазақ-жоңғар 

қатынасы кезіндегі оқиғаларды жазу үшін Мәскеудегі, Орынбор 

мен  Омбы  қалаларындағы  мұрағаттарға  барып,  сондағы 

материалдарды  ақтарғаны  жөн.  Бұл  тақырып  бойынша 

Қытайда  да  материалдар  көп.  Тарихты  үйде  отырып,  ойына 

келгенін  жазуға  болмайды.  Әлгі  мұрағаттардағы  бұрын 

баспасөз  беттерінде  ғылыми  айналымға  түспеген,  мәні  мен 

құны бар соны материалдарды пайдалану керек.  

Бірінші: Бұл жөнінде сөз болғанда, талайлардың шатасып 

жүргені,  Тәуке  ханның  қай  жылдары  Қазақ  хандығында  билік 

құрғаны,  қай  жылы  қайтыс  болғаны  жөнінде  айтсақ,  расында 

53



да,  ол  кісінің  билікке  келген  жылы  мен  өмірден  өткен  кезі 

жөнінде  жазылып  жүргендерге  біздің  таласымыз  бар.  Кейде 

студенттерімізге  қате  түсіндіріп  жүрміз.  Олай  дейтініміз,  біздің 

оқулықтарда, тіпті Қазақстан ұлттық энциклопедиясында да әлі 

күнге дейін қазақтың белгілі билеушісі болған Тәуке ханды 1680 

жылы  таққа  отырған  дейді.  Тәуке ханның қашан таққа отырып, 

қашан  өмірден  өткені  жөнінде  әртүрлі  беріледі.  Көптеген 

кітапта оны 1715 жылы өмірден өткен деп жазады. 

Сонда, Тәукенің әкесі Жәңгір хан 1652 жылы өмірден өтіп, 

ол  1680  жылы  таққа  отырса,  арадағы  28  жыл  Қазақ 

хандығының 

тағында 


кім 

отырды 


екен,- 

деген 


сұрақ 

қойылмайды  да  екен.  Осы  арадағы  жылдарды  оқулықтар 

жазушы  тарихшылардың  ойланбай  келе  жатқанына  кейде 

ренжитініміз  де  рас.  Ал  Ресей  Федерациясы  Омбы  облыстық 

мемлекеттік  мұрағаттағы  бір  материалда  көрсетілгенге  сенер 

болсақ, 1652 жылы Тәуке таққа отырған, ол болса жоңғарларға 

қарсы әкесінің саясатын одан әрі жалғастырған [4]. Олай болса, 

біздер  айтып,  оқулықтарымызда  жазып  жүргеніміздей,  1652-

1680  жылдары  Қазақ  хандығында  билеуші  болмай,  хандық 

билік бос тұрған емес, билік басында Тәуке хан отырған. 

Екінші дәлеліміз, бұдан шамасы алты жыл бұрын Тегеран 

университетінің  орталық  кітапханасында  Иран шахы Аббастың 

1661  жылдың  желтоқсанында  біздің  ханымыз  Тәукеге  жазған 

хатының  табылғаны.  Ол  жөнінде  2007  жылы  “Егемен 

Қазақстан”  газетіндегі  “Шетел  мұрағаттарындағы  Қазақстан 

жайлы  деректер”  атты  мақалада  мәлім  етті  [5].  Егер  Тәуке  ол 

кезде  тақта  отырмаса,  Иран  шахы  оған  неге  хат  жазып  отыр,-

деген  ойдың  туатыны  заңды  емес  пе.  Олай  болса,  Тәуке 

ханымыз таққа 1680 жылы емес, біздің айтып жүргенімізден 28 

жыл  бұрын  отырған.  Келешекте  Қазақстан  тарихынан  оқулық, 

жинақтар  жазатындар  өздері  бармаса  да  қазіргі  ғылым 

өркендеп  отырған  кезде  Омбы  облыстық  мұрағаттан  сол,  біз 

айтып отырған материалдың электронды көшірмесін алдырып, 

растығына  сенер  болса,  келешекте  оқулықтарды  жазуға 

пайдаланғандары жөн деп ойлаймыз. 

Екінші,  біздіңше,  Тәукенің  қашан  тақта  отырғаны  жөнінде 

бұдан  әрі  сөз  етпесек  те  болар.  Алайда,  оның  қашан  қайтыс 

болғаны  жөніне  келетін  болсақ,  ол  туралы  да  жаңа  дәлелдер 

келтіруімізге  болады.  Ол  кей  тарихтарда  жазылып  жүргендей, 

1715  жылдар  емес,  шамасы  1718  жылға  тура  келетін  сияқты. 

Олай  дейтініміз,  біздің  қолымызда  Россия  Федерациясы 

Орынбор  облыстық  мемлекеттiк  мұрағатындағы  166-қордағы 

бір 

материалда 



Сiбiр 

генерал-губернаторы  М.П.Гагарин 

54



Түркiстандағы  Тәуке  хан  мен  Қайып,  Батыр  сұлтандарды 

жоңғарларға қарсы соғысуға үгіттеп, 1817 жылы айдап салғаны 

айтылады.  Біздің  бұл  жердегі  айтпағымыз  қазақтардың  Аягөз 

маңындағы  жоңғар  әскерлерінен  жеңілгені  емес,  1717  жылы 

Тәуке  ханның  бұ  пәниде  әлі  бар  екендігі.  Кей  тарихшылар 

Тәукемен  бірге  Қайып,  Батыр  сұлтандардың  аттарының  қатар 

аталуын  ол  кісінің  денсаулығының  нашарлап,  мемлекеттік  іске 

қатысуға мүмкіндігі болмағаннан деп көрсетеді.  

Жалпы, Тәуке ханның қай жылға дейін өмір сүргені, қашан 

таққа  отырғаны  жөнінде  бұдан  жеті-сегіз  жыл  бұрын  бір  жас 

ізденуші кандидаттық диссертация қорғап, оны дәлелдеген еді. 

Ол  бізге  қатты  ұнаған.  Алайда  неге  екені  белгісіз,  кей  аға 

тарихшылар  өз  еңбектерін  жазуда  ескі  таптаурынмен  кетіп, 

осындай, 

жас 

тарихшылардың 



ізденістеріндегі 

жаңа 


материалдарды  байқамай  қалады-ау  деген  ойға  келесіз.  Бірақ 

қанша  айтқанымызбен,  Тәуке  сияқты  ханымыздың  туған  жылы 

мен  өмірден  өткен  уақыты  жөнінде  алдағы  кезде  жазылатын 

оқулықтарда дұрыстап бермегеніміз болмас деп ойлаймыз. 

Үшінші, 

біздіңше, 

әлі 

күнге 


дейін 

қазақ-жоңғар 

қатынасының  шиеленісуіне,  қазақтардың  қансырап,  өздерінен 

көмек  алу  үшін  қолын  созуына  мәжбүрлеуге  мүдделі  кей 

мемлекеттің  болғандығы  жөнінде  жеткілікті  терең  айтылмай 

келеді. 


Бұл  жөнінде  сөз  болғанда,  жоңғарларды,  орыстарды 

жамандай  бергеннен  гөрі  бүгінгі  жастарымызға  тағлым  болар 

Қазақ  хандығының  ішкі  жағдайын,  қазақ  билеушілерінің  билік 

үшін таласып, ел бірлігін кетіргенін де көбірек айтқанымыз жөн 

сияқты.  Өйткені,  ел  бірлігі  қашанда  бірінші  тұратын  жай.  Соны 

баса  көрсетуіміз  керек.  Бірлігі  кеткен  елді  тарих  ешқашан 

кешірмейді.  Жастарымыз осыны білуі керек. Ел бірлігі кеткенін 

көршілер 

қалт 

жібермей, 



өздерінің 

мүдделері 

үшін 

пайдаланған. 



Бұл жөнінде айтсақ, Орынбор мұрағатынан алынған, ХVІІІ 

ғасырдың 

басындағы 

патша 


үкіметінің 

жекелеген 

билеушілерінің  қазақ  халқына,  оны  өз  қармағына  іліктіру  үшін 

басқа,  көрші  жатқан  ұлттарды  айдап  салудағы  зымияндық 

саясаттарының  біз  үшін  жантүршігерлік  болғанын  айтсақ 

жеткілікті.  Ал  Омбы  мұрағатында  ХVІІ-ХVІІІ  ғасырдағы  қазақ 

халқының  жайы  кең  сөз  болады.  Ресей  империясы  сыртқы 

істері мұрағатында, Орынбор, Омбы мұрағаттарында Тәуке хан 

билігі  кезінен  бастап  қазақ  халқының  тарихы  кеңінен 

баяндалады.  Солардан  осы  мәселеде  екі  мысал  ғана 

келтірсек,  соның  өзі  біздің  оқырмандарға  түсінікті  болады  деп 

55



ойлаймыз. 

Сол  жылдардағы  Орынбор  мұрағатында  сақталған  бiр 

құжат  мынадай  мазмұнда  жазылыпты:  қазақтар  сияқты 

жоңғарлар мен башқұрттар бiр мiнездес, аңқау, сенгiш жабайы 

халықтар.  Егер  оның  бiреуi  Ресеймен  қақтығыса  қалса,  қалған 

екеуiн  оған  айдап  салу  керек.  Бiреуiн  екiншiсiне  айдап  салу 

арқылы олардың тарапынан болған кез келген қарсылықты оп-

оңай  басып  тастауға  болады.  Сөйтiп,  бұл  мәселеде  Ресейдің 

араласуынсыз-ақ  жуасытудың  мүмкiндiгi  бар  [6],-  десе,  екінші 

бір  материалда  қазақтардың  үш  жүзінің  өзін  бір-біріне  айдап 

салу керек екендігі айтылады. 

Әрине,  өткен  тарихты  оқығанда  қашанда  кінәні  өзімізден 

емес,  өзгеден  іздейтініміз  бар.  Осы  жерде  біздің  елімізде 

ауызбірліктің  болмағанынын  да  неге  айтпасқа.  Орынбор 

мұрағатындағы  бір  материалда:  сол  бір,  ұзаққа  созылған, 

бітпейтін  соғыс  кезінде  қырғыздар  (қазақтар)  тез-ақ  жеңер  еді. 

Ал  қырғыздарда  (қазақтарда)  қалай?  Олардың  бір  ханы 

жоңғарлармен  соғысып  жатса,  екіншісі  өздерін  қырғынға 

ұшыратқан  жауға  қарсы  күш  жұмсау  орнына  өзара  келісе 

алмай,  бауырын  жау  қолына  тастап,  ұрыс  майданынан  кетіп 

қалады.  Сөйтіп,  өзара  өкпелескен  олар  осындай  қиын  сәттің 

өзінде  ескі  араздықтарын  қайта  қоздырып,  ақырында  өз 

иеліктерінен  айрылып,  бірінен  соң  бірін  жоңғарлар  қолында 

қалдырып жатыр,- деп көрсеткені.  

Осы  жерде  тағы  да  айта  кететін  бір  жай,  қазақтар  үшін 

сол  бір  қиын  кезде  жоңғарлар,  башқұрттар,  қазақтар  арасына 

сырттан  от  салып,  бiр-бiрiне  айдап  салып  отырған  орыс 

мемлекетінің 

ойы 

Түркия 


Республикасының 

тарихшысы 

Мехмет  Сарайдың  Стамбул  қаласында  1993  жылы  жарық 

көрген еңбегінде атап көрсетілгендей, орыс саясатшыларының 

мақсаты  Қазақ  хандығын  әлсірету  болғандығы  [7],-  дегені тегін 

айтылмаған.

Алтайдан  Атырауға  дейін  созылып  жатқан  қазақ  даласы 

тұнып 


тұрған 

тарих. 


Ойлап 

қарасақ 


қазақ 

халқының 

жоңғарлармен  күрес  тарихындағы  көптеген  оқиғалар  олармен 

көршілес  жатқан  еліміздің  оңтүстік-шығысы  мен  оңтүстігінде 

болған. 

Бұл 


ең 

алдымен 


елдің, 

өңірді 


жағрафиялық 

орналасуына  байланысты  еді.  Ежелгі  және  орта  ғасырлар 

дәуірін  алсаңыз  Баласағұн,  Тараз,  Испиджаб,  Ташкент, 

Отырар,  Сығанақ...  қалалары  тізбектеліп  бір  жолдың  бойында 

жатыр.  Қазақ  хандығының  ХVІІІ  ғасырдың  басындағы  жайына 

келсек,  Ташкент қаласы Ұлы жүздің ордасы (астанасы) болып, 

Төле  би  мен  Жолбарыс  хан  отырса,  Қазақ  хандығының 

56



астанасы  Түркістан  әрі  Орта  жүздің  ордасы  болып,  онда  Үш 

жүздің  төбе  ханы  Тәуке,  ол  өмірден  өткеннен  кейін  баласы 

Болат отырса, сонымен бірге Орта жүздің ханы Сәмеке мен биі 

Қаз  дауысты  Қазыбек  отырды.  Ал  Кіші  жүздің  ордасы  Сауран 

болып,  онда  Әбілхайыр  хан  мен  биі  Әйтеке  отырған.  Қарасақ, 

бүкіл  қазақтар  осы  өңірге  топтасып  отыр.  Олай  болса  қазақ-

жоңғар 

қатынасының 

шиеленіскен 

кезіндегі 

көптеген 

кездесулер осы өңірмен байланысты. 

Төртінші  айтпағымыз,  ХVІІ  ғасырдың  соңы  мен  ХVІІІ 

ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  көптеген  жиындардың,  бас 

қосқан  кездесулердің  болған  жерлерінің  орны  туралы  болмақ. 

Бірақ  сол  кездесулердің  қайда  болғанын  барған  сайын 

шатастырып  бара  жатқан  сияқтымыз.  Ал  кейбірі  тіпті 

бұрмаланып  жүр.  Мысалға  алатын  болсақ,  “Басында  күнде 

жиын  өткен”  Күлтөбе  кездесуінің  қайда  болғанын  бүгінгі  тарих 

жазушылардың  кейбірінің  өзгертіп  жазып  жүргені  жаныңа 

батады.  Ал  оған  дейін  қанша  кездесулер  өтті,  ол  жөнінде  аз 

айтылады. 

Соның 

басында 


Сайрамның 

тұрғаны 


да 

белгілі. 

Тарихымыздан  белгілі,  1635  жылы  құрылған  Жоңғария 

мемлекетінің  алғашқы  қонтайшысы  Батурдың  баласы  Қалдан 

Бошақтудың  әскерлерi  1681  жылы  Сайрамды  қоршап,  Қазақ 

хандығының  астанасы  Түркiстаннан  қол  бастап  келген  Тәуке 

хан  оған  тойтарыс  бердi.  Осы  шайқасқа  Кiшi  жүз  әскерiнiң  бiр 

бөлiгiн  басқарған,  кейiн  осы  жүздiң  биi  болған  Әйтеке  батыр 

қатысқан  екен.  Оның  батырлығымен  бiрге  шешендiгiмен  де 

көзге түскендігі жөнінде көп айтылады. Жоңғарларға осы жолы 

тойтарыс  беріліп,  кейiн  шегiндiргенiмен  1683  жылы  Сеуан 

Рабдан 


қолбасшылығымен 

жоңғарлар 

қайта 

келiп, 


М.Тынышпаевтың “История казахского народа” деген еңбегінде 

атап көрсеткендей Сайрам қаласының тас-талқанын шығарды. 

Осыдан  кейiн  жыл  сайын  шамасы  екі  рет  жиналатын  кездесу 

басқа жақта өтетін болды. 

Жалпы, 

ХVІІ 


ғасырдың 

ортасынан 

шамамен 

80-


жылдарының  ортасына  дейін  қазақ  жүздерінің  кездесуі, 

Мәртөбеде  өткені  тарихымыздан  белгілі.  Онда  елдiң  ішкі 

жағдайы мен хандықты аман сақтау, басқыншыларға тойтарыс 

беру,  қырағы  болу,  ішкі  мәселелер  сөз  болған.  Тарихи зерттеу 

еңбектеріне қарағанда бұл кездесуге еліміздің түкпір-түкпірінен 

ерте көктемде, немесе күзде жиналады екен. Ол жиынды қазақ 

ханы  басқарып,  әр  жүздiң  сұлтандары,  билерi,  ру  басылары, 

батырлары қатысыпты. 

Иә, 1683 жылдан кейін Мәртөбедегі кездесу өтпей қалды. 

57



Біздің  айта  кетейін  дегеніміз,  жоңғарлардың  Сайрам  қаласын 

алудағы  қырғын  шайқастардың  болғаны.  Жоңғарлар  Сайрам 

қаласын  көп  шығынмен  алды.  Олардың  денелері  бұл  күні 

қаланың дәл ортасындағы төбешік басында жатыр. Ал Сайрам 

маңындағы  Мәртөбені  кейбір  оқырмандарымыз  әлі  көрменген 

болар,  ол  арнайы  қолдан  үйіліп  салынған,  үш  бұрыштылау 

болып  келетін  орын.  Батыс  жағының  биіктігі  он  метрдан  асса 

керек.  Оңтүстік  батыс  жағына  таман  арнайы  тағы  да 

биіктетілген  үй  орнындай  елді  мекені.  Шамасы  сол  жерде  хан, 

сұлтандар,  билер  отырған.  Сөйтіп,  Сайрам  жоңғарларға 

өткеннен  кейін  кездесу  Ташкенттің  оңтүстігіндегі  Күлтөбеде 

өтті.


Күлтөбе  –  бұрынғы  қазақ  жері.  Ол  бүгінгі  Өзбекстан 

Республикасында.  Кезінде  Ұлы  жүздің  ордасы  болып,  оның 

ханы  Жолбарыс  пен  биі  Төле  отырған  Ташкенттен  шамасы 

қырық  бес  шақырым  жердегі  Ангрен  өзенінің  ескі  арнасының 

жағасындағы  “Күлтөбенің  басында  күнде  жиын”  деп  аталып 

кеткен жерде. 

Әрине,  ол  кезде  Ташкентте  негізінен  Дулаттың  Шымыр, 

Сыйқым,  Жаныс,  Ботпай  рулары  тұрғаны,  оны  кейін,  1809 

жылы  Қоқан  хандығының  басып  алуынан  кейін  өзбектердің 

көптеп  келе  бастағаны  белгілі.  Біз  мұны  көрші  елімізбен 

территория  мәселесін  қайта  қарау  ісі  жөнінде  сөз  етіп 

отырғанымыз  жоқ,  тек  Күлтөбенің  қайда  екендігі  жөнінде  сөз 

болғандықтан 

оқырмандарымыз 

өткен 

тарихымыздың 



шындығын білсін дегеніміз. 

Олай  болса,  басында  күнде  жиын  өткен  Күлтөбеміз 

Ташкенттің  оңтүстігіндегі  Ангрен  өзенінің  жағасында.  Орыс 

тарихшылары  мен  кезінде  М.Тынышпаев  та  айтқан  “Жетi 

жарғы”  қабылданған,  ескі  Ангрен  жағасындағы  жердi  көп 

iздестiрiп,  тапқанымызда  сол  жердiң  тұрғындарының  көпшілігі 

арнайы  іздеп  келгенімізді  есітіп,  таң  қалған еді. Алайда, қазақ-

жоңғар  қатынасының  шиеленісіп  тұрған  кезіндегі  қаншама 

мәселелерді  қараған  “Күлтөбенің  басында  күнде  жиын”  өткен 

жерді  бүгінгі  тарихшыларымыз  алысқа  барып  әуре  болмай-ақ, 

Түркістандағы  атақты  кесененің  алдындағы  үш  жүз  қадымдай 

алаңнан “тауып алды”. Өте өкінішті. 

Айтайын  дегеніміз,  енді  сол,  “Ата-бабаң  осы  жерге  дейін 

иеленген”  деп  Ташкенттің  оңтүстігіндегі  қырық  бес  шақырымға 

дейінгі,  әдейі  белгілеп  беріп  кеткен  жердi  барып  көрудiң 

талайлар  үшiн  мүмкiндiгi  болмай  отырғаны  былай  тұрсын,  ол 

туралы  тіпті  ұмытып  барамыз.  2006  жылы  жарық  көрген 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынып, 

58



Қазақстан 

Республикасы 

Мәдениет 

және 


ақпарат 

министрлігінің  бағдарламасы  бойынша  “Аруна”  баспасынан 

жарық  көрген  “Қазақ  хандығы”  кітабында  бірде  бұл  Күлтөбені 

Түркістан қаласындағы Йасауй кесенесінен 350 метр жерде деп 

көрсетсе,  енді  бірде,  “Шамамен,  Түркістан  төңірегіндегі 

Күлтөбенің басында “Тәуке ханның жеті жарғысы” деген атауға 

ие  болған  заңдар  жиынтығы  қабылданды”  [8],-  дейді.  Тіпті, 

кейінгі  шыққан  Қазақстан  ұлттық  энциклопедиясында  да, “Жеті 

жарғының”  Түркістанның  жанындағы  Күлтөбеде  қабылдағанын 

жазады. 


Сонда, 

кезінде 


ата-бабаларымызсол 

кездесудіңТүркістан  қаласының  түстігінде  өткенін  білмей, 

бүгінгі,  сонау  Өзбекстанда  болды  деп  қателесті  дейміз  бе!.. 

Жоқ, біздіңше олай емес. 

Салқам  Жәңгiр  мен  әз-Тәукенiң  кезінде  көп  жерде  жиын 

өткiзген.  Рас,  кездесулер  Түркістан  қаласының  жанындағы 

Битөбеде,  Сайрам  қаласының  маңындағы  жоғарыда  айтылған 

Мәртөбеде,  Шаян  өзенінің  бойындағы  “Қарақұм”  төбеде, 

Созақтың солтүстігіндегі Қарақұрымда, Ордабасыда, Сырдария 

облысының  Ангрен  қаласына  жақын  жердегі  Күлтөбеде  өткен. 

Бірақ, сонау, қазақтың ескі атажұртында қалған Ангрен өзенінің 

жанындағы  Күлтөбе  кездесуінің  болған  жерін  де,  оның 

маңызын да ешқашан төмендетуімізге болмайды. 

Күлтөбе  жайында  айтарымыз,  Төле  би  қайтыс  боларда 

мүмкіндігі 

бола 


тұрып, 

елдің 


зиялылары 

жерленетін 

Түркістанды  айтпай,  сол  кезде  Ұлы  жүздің  астанасы  болған, 

ұзақ  жыл  өзі  билеген  Ташкентке,  “Шайхантаур  мазарының 

жанына  жерлеңдер”-  дегенде,  кейінгі  ұрпақ  “ата-баба  жерінің 

шекарасын  ұмытпасын”  дегенді  ойлады  емес  пе.  Мұндай, 

тарихи оқиғалар болған жерлерімізді шатастырылып жүргеніміз 

бұл ғана болмаса керек.

Бесінші 

айтпағымыз, 

оқулықтарымызда 

тағы 


да 

қателіктер жіберіп жатырмыз. Тағы да айтар болсақ, жоңғарлар 

XVIII  ғасырдың  басында  қазақ  жерiне  шабуылын  қайта 

бастады.  Қазақстан  тарихында  атап  көрсетілгендей,  1708 

жылы Бөген, Шаян, Боралдай өзендерiнiң бойларындағы қазақ 

ауылдарын  талқандады.  Дәл  осы  кезде  батысымыздағы,  ХVІІ 

ғасырдың  20-жылдары  көшіп  барып,  сонда  орналасып  қалған 

Едiл қалмақтары да батысымыздан ел шетiне тидi. 

Осындай,  ел  басына  күн  туған  1710  жылы  Түркiстан-

Сайрам  керуен  жолының  Шаян  өзенiнен  өткен  жерiне  таяу 

маңындағы  “Қарақұм”  деген  жерде  үш  жүз  жасақтарының  бас 

қосуы  өттi.  Осы  өңiрдiң  перзентi,  Қаратаудағы  Бөген  өзенiнiң 

тау  шатқалдарынан  шыққан  жерiне  жақын  жайлауда  дүниеге 

59



келген,  осы  кезде  жиырма  тоғыз  жаста  болған  Бөгенбай 

Алашаұлы  сол  жерде  қашанда  жеке  бастарының  қамын  ғана 

ойлайтын кейбір билеушiлердiң “жоңғарларға қарсы төтеп бере 

алмай  босқа  қырылғанша,  жердi  тастап  үдере  көшiп  кетейiк” 

дегендерiне  көнбей,  қазақтың  қарапайым  кедейлерi  оларға 

iлесе  алмайтынын  айтып,  кiндiк  қаны  тамған  жерi  Бөгеннiң 

бойын  жауға  тастап  кетпей,  жоңғарларға  өлтiре  соққы  беруді 

ұйымдастырды. Бұл тарихи шындық. 

Ал  осы,  1710  жылы  жоңғарлар  тағы  да  кезекті 

шапқыншылығын  жасаған  кезде  Бөгенбай  батыр  қол  бастап, 

жоңғарларды  апанына  қарай  бiр  серпiтiп  тастаған  Қарақұм 

кездесуi  өткен  төбешік  жер  ХХ  ғасырдың  60-жылдары  Арыс-

Түркiстан  каналының  бойына  мақта  еккенде  тегiстелiп  кеттi. 

Бірақ  бүгінгі  Бөген  ауданына  қарайтын  ол  ауылдың  соңғы 

кездерге  дейін  “Қарақұм”  ауылы  деп  келгені,  қариялардың әлгі 

төбені  “хандар  мен  батырлар  отырған  әулие  төбе”  деп 

қастарлеп келгені белгілі. 

“Қарақұм  құрылтайы  – 1710  жылы  үш  жүз  өкілдерінің 

жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыру үшін өткен 

жиын.  Ол  Арал  теңізінің  солтүстігіндегі  Қарақұм  алқабында 

өтті”  деу  –  жалған.  Ал,  Алматы  қаласындағы  Атамұра 

баспасынан  2010  жылы  жарық  көрген  Қазақстан  тарихының  3-

томының  125-126  беттеріндегі,  2003  жылы  Алматыда  жарық 

көрген,  Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедиясы  5-томындағы  588-

бетіндегі,  Алматы  қаласының  Аруна  баспасында  2006  жылы 

жарық  көрген  Қазақ  хандығы.  т.б.  [9]  еңбектердегі  айтылған 

жайларға келіспейміз. 

Осы  жерде  келіспейтін  жай,  сонда  Тәуке  хан  бастаған 

қазақ  жасақтары  жау  келіп  қалғанда  төрт  күндік  жерде  Ұлы 

жүздің  астанасы  Ташкент,  күншілік  жердегі  Кіші  жүздің 

астанасы  Сауранды  тастап,  Арал  теңізінің  солтүстік-шығыс 

өңіріндегі мың шақырымға жуық Қарақұмда не істеп жүр. 

Расында да, керуен күніне қырық шақырым жүрсе, мықты 

тұлпарларының  шөл  даламен  өзі  суыт  жүргенде  алпыс-жетпіс 

шақырымға  жетсе,  одан  соң  тынықпай  ма...  Мың  шақырым 

дегеніңіз,  болмағанда  он  күндіктен  астам  жол.  Сонда, 

Қарақұмға  барып-қайтуы  шамасы  бір  ай...  Екіншіден,  бүкіл 

қазақтың  негізгі  бөлігі  осы  үш  астананың  төңірегіне  топтасқан 

болса,  Аралдың  маңындағы  сонау  жердегі  шөл  далаға  Тәуке 

хан  бастаған  қазақтың  игі  жақсылары,  жасақтары  не  үшін 

бармақ...  Үшіншіден,  Арал  маңындағы  Қарақұмға  барып 

келгенше Қаратауға келіп қалған жоңғарлар Қазақ хандығының 

астанасы  Түркістанды  алмай  ма,  әлде,  сол  жолы  келіп  қалған 

60



жауымыз  кішіпейілдік  жасап,  қазақ  жасақтарының  Арал 

маңынан  келуін  күтіп  жатқан  ба?!  Бұл  шындыққа  мүлде 

жанаспайды.  Олай  болса,  алдағы  кезде  жаңа  оқулықты  жазар 

кезде  осы  жайды  қайтадан  ойластыра  отырып,  “Қарақұм 

төбені”  Арал  теңізі  жағындағы  шөлде  емес,  Ташкент-Түркістан 

арасындағы  бүгінгі  Төрткүл  өңіріндегі  “Қарақұм  төбе”  деп 

айтуды жөн деп санаймыз. 

Алтыншы 


айтпағымыз, 

тарих 


оқулықтарында, 

монографияларда  тарихи  шындықтың  бұрмаланғанын  бұдан 

да  басқа  мысалдарын  айтуымызға  болады.  Соның  бірі  1726 

жылдың  көктемінде  жоңғарларға  қарсы  азаттық  күрестің  басы 

болған  Ордабасыдағы  кездесуге  қатысқан  қазақ  билері 

жөнінде.


1681  жылы  жоңғар  әскерлерi  Сайрамды  қоршаған  кезде 

Қазақ  хандығының  астанасы  Түркiстаннан  қол  бастап  келген 

Тәуке  хан  оларға  тойтарыс  бердi.  Осы  шайқаста  жоғарыда 

айтқанымыздай  Әйтеке  де  болды.  Ол  батырлығымен  бiрге 

өзінің  тамаша  шешендiгiмен  де  көзге  түскен  жан  болса  керек. 

Біздің сұрағымыз, 1726 жылы өткен Ордабасы кездесуінде сол 

Әйтеке би болған ба. 

Тағы  бір  айтарымыз,  соңғы  кезге  дейін  осы  кездесудегі 

билердің  қызметін  артықша  етіп  көрсетудің  орын  алғандығы. 

Тіпті,  көптеген  суреттерде  Ордабасы  төбесінің  етегінде  қалың 

әскердің  алдында  үш  бидің  ғана  сөйлеп  тұрғаны  бейнеленді. 

Кім  білсін,  бұл  қаншама  жылдар  бойы  айтылмай  келген 

аталарымызбен  мақтанудан  туған  жағдай  да  шығар.  Өтпелі 

кезде  оны  түсінуге  болады...  Бірақ,  біздің  еліміз  билер 

басқарған  ел  емес,  хандар  басқарған  ел  болғанын  ешқашан 

ұмытпауымыз  керек.  Олай  болса,  ХVIIІ  ғасырдың  20-жылдары 

да Қазақ хандығының басында Болат хан, одан кейін үш жүздің 

хандары  (сұлтандар),  одан  кейін  қазақ  билері  тұрғанын  естен 

шығармауымыз керек.

Қазіргі  кезде  Өзбекстан  тарихшылары  Қоқан  ханы 

Шымкентті 1810 жылы, Түркістанды 1815 жылы, Ақмешітті 1818 

жылы,  Ташкентті  шамасы  1827  жылы  алғанын  айтып,  1864 

жылға  дейін  билеген  бұл  өңірді  Қоқан  хандығының  жері  деп 

жатады.  Ал  біздер  Ташкенттің  қаншама  кездер  Ұлы  жүздің 

астанасы  болғанын,  оның  оңтүстігіндегі  қаншама  аймақтың 

Қазақ хандығының жері болғанын, “Жеті жарғының” Ташкенттің 

оңтүстігіндегі,  шамамен  одан  45  шақырым  жердегі  Ангрен 

өзенінің 

жағасында 

қабылданғанын 

неге 

мақтанышпен 



айтпасқа.  Олай  болса,  кезінде  Ташкенттен  оңтүстіктегі 

қаншама  жерлер  Қазақ  хандығының  елді  мекендері  болған. 

61



Олай  болса,  мұның  өзі  де  қазақ-жоңғар  қатынасының 

шиеленіскен 

кездеріндегі 

Ташкент 


қаласының 

қазақтар 

мекендеген  елді  мекен  болғаны  жөніндегі  шындықты  өз 

дәрежесінде 

айта 

алмай, 


біздің 

тарихшыларымыздың 

тарапынан жіберіліп отырғаны айтарлықтай кемшілік.

Тағы 


бір 

айтпағымыз, 

қазақ-жоңғар 

қатынасының 

шиеленіскен  кезінде  небір  оқиғалар  өткен,  тіпті,  Кіші  орданың 

(жүздің)  астанасы  болған  Сауран  қаласы  мен  сол  өңірдің 

тарихы  да  тереңінен  зерттеліп,  келешекте  ол  өңірдің  Қазақ 

тарихында өзінің орнын алғаны жөн. 

Жалпы, бұл кезең жөнінде Қытайдың Үрімжі қаласындағы 

“Шыңжиаң  қоғамдық  ғылымдар  академиясы”  кітапханасының 

өзінде  Пекинде,  Үрімжіде,  басқа  да  қалалардағы  баспаларда 

шыққан  еңбектердің  қытай  тілінен  төте  араб  жазбасына 

аударылған  қаншама  қажетті  материалдар  бар  [11].  Соларды 

неге  пайдаланбасқа.  Егер,  төте  араб  харіптерімен  жазылған 

осы  материалдарды  оқыған  болса,  біздің  тарихшыларымыз 

қазақ-жоңғар  қатынасының  көптеген  жайларымен  жан-жақты 

таныс болған болар еді. 

Біз 


тарихымыздың 

қазақ-жоңғар 

қатынасының 

шиеленіскен  кезеңінен,  тарихымыздың  бір  кезеңінен  ғана 

мысалдар  келтіріп  отырмыз.  Ал  еліміздің  тарихы  қаншама 

кезеңдерден  тұрады.  Айтылған  пікірлер  мен  ұсыныстардан 

қорытынды жасайтын кездің келгені анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет