Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ИСЛАМ ДІНІН ЫҒЫСТЫРУ САЯСАТЫ



Pdf көрінісі
бет26/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   124
Байланысты:
abuev

ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ИСЛАМ ДІНІН ЫҒЫСТЫРУ САЯСАТЫ 

(XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басы)

Еслямова А.З.

Еуразия гумантарлық институты, Астана қаласы

aeslyamova@mail.ru

Қазақ елінің Ресей империясының қол астына түсуі ұзақ 

мерзімге  созылып,  XIX  ғасырдың  60-шы  жылдары  толық 

аяқталды.  Осы  процестің  барысында  қазақ  халқы  тек 

әлеуметтік, экономикалық, саяси қанауға алынып қоймай, өзінің 

дербес  ұлт  болып  өмір  сүруіне,  келешегіне  өте  қауіпті  рухани 

95



қысымнан  да  зардап  шекті.  Патша  өкіметінің  отаршылдық 

саясатының  құрамдас  бөлігі  –  дін  болғандықтан,  отарлаудың 

алғашқы жылдарында патша өкіметі қазақ халқын өзінен бірден 

үркітіп  алмау  үшін  христиан  дінін  уағыздауға  тиым  сала 

бастады.  Патшалықтың  жүргізген  алғашқы  саясаты  мұсылман 

дінінің  өзін  қазақтарды  орыстың  азаматтығына  қаратуда 

пайдалану  еді.  Тілмаш  ретінде  орыс  әкімшілігіне  орыс 

азаматтығына  насихаттауда  өздерінің  этноленгвистик  әрі  діни 

мәдениеті  жағынан  қазақтарға  жақын  Қазан  татарларын 

пайдаланды» [1, 43]. 

Ресей  империясының  отарлық  саясатының  алғашқы 

өкілдері  қазақ  арасынада  молда  бейнесінде  сыналып  ене 

бастады.  Шынында  да  аузында  “алласы”  бар  бейбіт  ниеттегі 

татар  “молдалар”  арқылы  қазақ  арасына  ену  тиімдірек  болды. 

1785 

жылы 


23-і 

қарашадағы 

II  Екатерина  патшайым 

жарғысында татар молдаларының айқын бейнесі көрініс тауып, 

олардың 

міндеті 


белгіленді. 

Онда: 


«Қырғыздардың 

(қазақтардың  –  А.Е)  әр  түрлі  руларына  молдаларды  бекіту 

біздің  бұдан  бұрын  берген  жарлықтарға  сәйкес  келеді  және 

бізге  шын  берілген  болуы  үшін  оларды  Қазан  татарларынан 

іріктеуге  күш  салыңдар.  Қызмет  орнына  жіберер  алдында 

жақсылап  нұсқау  беру  керек.  Ол  нұсқауларда  қырғыздарды 

(қазақтарды)  патша  сарайына  берілгендік  рухта  тәрбиелеуді, 

шекараларда  жиі-жиі  болатын  тәртіп  бұзушылардың  алдын 

алуды  естен  шығармауы  керек.  Бұл  молдалардың  жол 

шығынын  төлейтін  болыңдар,  ерекше  көзге  түскендеріне  сый 

құрмет  көрсетіңдер» [2,  61]  – деген  нұсқауларынан  патша 

үкіметінің  ішкі  мақсатын  айқын  тануға  болады.  Татар 

молдалары қазақ даласында беделден жұрдай болды. 

Кейін  патша  үкіметі  қазақ  халқының  әдет  ғұрпы  мен  діни 

ұстанымдарын  зерттеуді  қарқынды  жүргізіп,  халық  арасында 

ислам 


дінінің 

 

кең 



өріс 

алғандығын, 

қазақтардың 

мұсылманшылықтың 

парыздарын 

сақтауға 

тырысу 

мүмкіндіктерін 

анықтаған. 

Осыған 


байланысты 

отарлық 


саясатты жүргізуге кедергісін тигізеді деген мақсатпен, исламға 

қарсы  іс  шараларды  жүргізуге  кіріседі.    «Положение  об 

усиленной  охране  для  районов  со  сплошным  мусульманским 

населением»  деген  ереженің  дайындалуын  талап  етті.  Онда 

империя  көлемінде  барлық  мұсылман  басқармаларын  жауып, 

орыс  әкімшілігіне  тәуелді  ету,  мұсылман  баспасөзіндегі 

цензураға  арнайы  регламент  белгілеу,  исламның  христиан 

дініне  деген  зиянды  пиғылдарын  дер  кезінде  басып  отыру  іс 

шараларының  жүзеге  асырылуын  қолға  алды  [3,104]. Патша 

96



үкіметі  халық  арасында  ислам  дінінің  күшеюіне  тежеу  қою 

мақсатында  некеге  байланысты  мәселелерде  шариғатқа 

сүйенуге  тиым  салды.  Бұл  1891  жылы  бекітілген  заңдар 

жинағының  289  бабында  арнайы  көрсетілген.  Сонымен  қатар 

патша  әкімшілігін  толғандырған  тағы  бір  мәселелердің    бірі  

қажылыққа  бару.  Қажылыққа  барушылардың  саны  қазақтар 

арасында  жыл сайын артып отырған [3,104]. 

Түркі  тектес,  туыстас,  мұсылман  халықтарының, 

әсіресе,  қазақ  халқының  әлеуметтік-экономикалық  мәдени 

дамуын  барынша  тежеп,  пәрменді  орыстандыру,  шоқындыру 

әрекетіне жол ашқан патша үкіметінің XIX ғасырдың соңы мен 

XX  ғасырдың  басында  үдете  түсті.

Мешіт,  медреселерді 

рұқсатсыз тұрғызылуына тыиым салынды, олардың жабылуын 

көздеп  медреселерде  орыс  тілін  оқу  ең  басты  міндет  деп 

енгізді.  Ал  мешіт,  медреселердегі  молдаларды  отаршыл 

үкіметтің өзі тағайындайтын болды.

Патша  үкіметінің  халық  ағарту  ісіндегі  отаршылдық 

саясаты  мұсылманша  оқуға  да  өз  ықпалын  тигізді.  Мұсылман 

мектептерінің  саны  біршама  қысқарды.    Халық  ағарту 

министрлігі  1870  жылы  26-шы  наурыздағы  “татар  –  магаметан 

және христиан – (бұратана) арналған ”заң қабылдады. Заңның 

негізгі  мақсаты  -    Қазақстанда  орыс-қазақ,  аралас  мектептерін 

ашу,  қазақ  балаларын  орысша  оқытып  шоқындыру,  Қазақстан 

және  Орта  Азия  территорияларындағы  бұрыннан  келе  жатқан 

мұсылмандық  мекептерді  жою  болды.  Бұл  ережеде  анық 

берілді:  «әрбір  діни  мектептерде,  орыс  тілін  білмейтін 

молдалардан  басқа  “татар  тілін”  білетін  орыс  оқытушысы 

болуы  керек  еді  және  мұсылман  балаларының  мектептерге 

оқуға  түсудегі  басты  мақсаты    орыс  тілінде  сөйлеуді  үйретуді 

қамтамасыз ету еді» [4, 122 ].

Патша үкіметі мектеп–медреселерге мүлде теріс көзқарас 

ұстанды.    Олардың  айтуынша:  мектептерде  әрбір  кластарға 

арналған  оқулықтар  белгіленбеген,  нақты  бағдарламасы, 

келесі  курсқа  өтуге  арналған  белгілі  бір  кезеңі  жоқ,  сондықтан 

да бұл оқу орындарында ұзақ уақыт білім алған адамдар әлі де 

болса,  қараңғы  және  сауатсыз  болып  қала  береді  деген.

1874 


жылы 

барлық 


Қазақстан 

мұсылман 

мектептері 

мен 


медреселері  Халық  ағарту  министрлігіне  бағындырылды. 

Мәселен,  1872  жылы  Ақмола  облысында  10  мектеп-медресе 

жұмыс істеген. Онда жалпы 365 оқушы оқыған, олардың 321 ер 

бала,  ал  44  қыз  балалар  еді.  Яғни,  Петропавлда  7  мұсылман 

мектебі,  олардың  4  ер  балаларға,  3  қыз  балаларға  арналған, 

Көкшетауда  2 ер балаларға арналған және Ақмола қаласында 

97



бір  ер  балалар  мектебі  болды.  Сонымен  қатар  патша  үкіметі 

1876  жылы  орыстандыру  саясатының  тағы  бір  жолы  ретінде 

мұсылман  оқу  орындарына  орыс  сыныптарын  енгізу  туралы 

шешім  қабылдады.  Бірақ,  қандай  да  болмасын  шектеулерге 

қарамастан мұсылман оқу орындары Ақмола облысында да аз 

да  болса  өз  қызметтерін  жалғастыра  берді.  Мұсылман 

мектептерін полицейлік бақылауға беріп, қадағалап отырды  [5, 

88-89]  . 

Қазақтар  балаларын  мектеп-медреселерде  оқытқысы 

келетін  ата-аналар  бұған  уезд  бастықтарынан  арнайы 

белгілеген  куәлік  түрінде  рұқсат  қағаз  алуға  міндетті  болды. 

Патша  үкіметі  жаңадан  мектеп-медреселерді  ашуға  рұқсат 

етпеді.  Дәстүрлі  мектептер  мен  медреселер  өз  қызметін  орыс 

тілі  мұғалімі  бар  орыс  кластары  болған  жағдайда  ғана 

жұмыстарын  жалғастыруға  мүмкіндік  берілді.  Егер  де  куәлік 

алудан  бас  тартқан  ата-аналарға  айыппұл  салынып,  немесе 

жазаға  тартылатын  болған.  Мысалы,  олар  бірінші  рет  10  сом 

көлемінде,  екінші  рет  30  сом  айып  төлеулері  тиіс  болатын.  Ал  

үшінші  ретте  5  тәуліктен  15  тәулікке  дейін  қамалып,    олардың 

балаларын  мұсылман  мектептерінде  оқытуға  мүлдем  тыйым 

салынды.

Сол  кезден  бастап  мектептер  мен  медреселерді 

басқаратын  меңгерушілер  инспекторларға  әр  бір  жылда  оқу 

орындарында  оқитын  оқушылардың  тізімін  дәлме-дәл  жазып, 

тапсырып тұрулары қажет болды. Молдалар мен медреселерді 

басқаратын  адамдар  инспекторға  өз  сабақтарының  оқу 

құралдары 

мен 


басшылықтары 

айқын 


көрсетілген 

бағдарламасын  табыс  етуге  мәжбүр  етілді.  Жаңа  мектептер 

мен  медреселер  ашу  туралы  өтініштер  де  инспектроға 

берілетін  болды.  Ол  өз  кезегінде  бұларды  округ  тәрбиешісіне 

табыс ететін, егер өтініш жасаған кезде: а) мектептерді немесе 

медреселерді  құрушылар  есебінен  орыс  класын  ұстау  туралы 

міндеттемелер; 

ә) 


ашылатын 

мектептерді 

немесе 

медреселерді  материалдық  жағынан  жеткілікті  дәрежеде 

қамтамасыз  етуге  арналған  құжат  көрсетіліп,  тілек  білдірілген 

жағдайда  ғана  мұсылман  оқу  орнын  ашуға  рұқсат  етілетін». 

Яғни,  дәстүрлі  мұсылман  оқу  орындарына  көптеген  қатаң 

талаптар  қойылды.  Бұл  жай  ғана  талап  болған  жоқ  сонымен 

қатар,  отаршыл  әкімшілік  тарапынан  қатаң  қудаланды. 

Мектептер 

мен 

медреселердің 



жалпы 

саны 


Ақмола 

облысында,  1896  жылы  13-ке  жеткен,  онда  547  оқушы  оқыған, 

[6,44]  Ал,  1898  жылы  – 11  мектеп-медресе,  оқушының  саны 

425, [7,  78]    1907  жылы  – 15,  970  оқушы  білім  алған  болатын 

98



[8,96].

Патша жарлықтары бойынша болыста тек қана 1 молда 

мен 1 мешіт болуы тиіс еді және мұсылман діни басқармасы 

әр  жыл  сайын  ашылған  медреселер,  ондағы  ұстаздар  мен 

шәкірттер  жайлы  мәлімет    беріп  отыруы  тиіс  болды  [10,1-

2].  Егер  заңға  қайшы  келетін  мектеп  -  медреселер  болса 

оларды  бірден  жауып  тастаған  еді.  Мәселен,  Көкшетау 

уезіндегі медресе жайлы мына деректе: «Существующая ныне 

в Кокчетавском уезде медресе, уклонившиеся в своей практике 

от  преподанных  Министерством  Народного  Просвешения 

правил,  были  оставлены  лишь  до  конца  текущего  учебного 

года, а затем был закрыт...» [9,43].   

Қазақ  елі  ішінде  ислам  дінінің  күшеймеуін  көздеген 

үкімет  қазақтардың  арасында  православиені  насихаттауды 

қолға  алды.  Үкімет  қазақтар  арасындағы  исламның  даму 

деңгейін, таралу жолдарын зерттеп православие дінін уағыздау 

үшін бірқатар жағдайлар бар екендігін анықтаған.

Бұл  іске  орталықтағы  патшалық  үкіметі,  Синод,  1869 

жылы  Мәскеуде  құрылған  миссионерлік  қоғам  негізгі  басшы 

болып,  жүйелі  бағыт  беріп  отырады.  Ал  жергілікті  жерлерде 

бұл 

жұмысқа 


генерал-губернаторлар, 

әскери 


губернаторлар,  уез  бастықтары  қолдау  жасап,  мұрындық 

болды. Іс  жүзінде  бұл  жүргізіліп  жатқан  шаралар  қазақ 

халқының орыстандыру, әсіресе, христиан дініне шоқындыру 

әрекеттері  болатын.  Ол  үшін  білім  беру,  ағарту  ісіне  қатаң 

бақылау  орнатты.  Бұл  жайлы  М.Мырзахметов  былай  деп 

жазады:  «Ресей        империясының        Ағарту министрлігі  мен 

миссионерлердің 

шет 


аймақтағы 

бұратана 

халықтар 

арасында  ашылатын,  бірақ  негізінен  миссионерлік  мүддені 

көздеген аралас мектептерге ерекше мән берілді» [10,19].

Патша  үкіметінің  бұратана  халықтары  үшін  ашылған 

аралас  мектептерде  қазақ  халқын  сауаттандыру,  ғылым, 

білімге  үйрету  емес,  керсінше,  отарлаушыларға  күнделікті 

саяси-әлеуметтік  мұң-мұқтаждарына  жұмыс  істейтін  төменгі 

дәрежелі  кызметкерлер  даярлау  мақсатын  ұстанды.  Орыс-

қазақ мектептер, мұғалімдер семинариясы, тағы басқаларында 

шамаға  қарай  миссионерлік  ағартушылық  мақсатта  ұстап 

отырды.  Осы  кезеңде  отарлық  езгіге  қарсы  қарулы  көтеріліс 

жүріп  жатса,  екіншісінде  ұлт  -  азаттық  күрестің  ондай  түрі 

аяқталып,  енді  екінші  кезеңі басталды.  Бұл  кезең  жәдиттік 

қозғалыстың дүниеге келуімен сипатталады.

Қорыта айтсақ, XIX  ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың 

басындағы  қазақ  қоғамының  діни  сана-сезімінде  кең  түрде 

99



таратылған    мұсылман  діні  мен  христиан  діні  идеялогиясы 

қамтылған  кезең  болатын.  Сонымен  бірге  Ресей  патша 

отаршылдары қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығын 

иеленіп  қана  қойған  жоқ,  олар  қазақтарды  рухани  жағынан  да 

отарлады:  орыстандыру,  шоқындыру,  қазақ  тілінен,  дінінен 

айыру  шаралары  жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде, қазақ 

халқы  ата-баба  дінінен,  тілінен,  әдет-ғұрыпынан,  салтынан, 

дәстүрінен айырылуға жақын қалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет