Абулханова Калыгуль Аскаровна Атырау қаласы, Ақжар селосвы №59 «Ақбөбек» балабақшасы тәрбиеші Білім беру саласы



Дата08.06.2018
өлшемі19,73 Kb.
#41334
Абулханова Калыгуль Аскаровна

Атырау қаласы, Ақжар селосвы

59 «Ақбөбек» балабақшасы



тәрбиеші

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Кіріктіріп ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Жаратылыстану, сурет

Тақырыбы:«Жануарлардың қысқы мекені», «Ұзын құлақ ақ қоян»

Мақсаты:

Білімділігі:Балаларды жануарлардың түрлерімен таныстыру.Балаларды жануарлардың,қоянның қысқы тіршілігімен таныстыру, Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен-кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру.

Дамытушылығы: Есту зейінін жетілдіру,ойлау қабілеттерін дамыту,қоршаған орта нысандарына деген танымдық қызығушылықты дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелігі:Жануарлар дүниесіне деген жылы сезімін ояту,оларды қорғауға,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері:1.Шаттық шеңбері.

2.Слайд қарау «Жануарлардың қысқы мекені».

3. Жануарлар туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

4.Ғажайып сәт.

5.Дидактикалық ойын: «Аңдар немен қоректенеді?».

6. «Ұзын құлақ ақ қоян» сурет салу.

7.Қорытынды.

Билингвальды компонент: жануарлар– животные,аю-медьведь,қасқыр-волк,түлкі-лица,қоян-заяц.

Сөздік жұмыс: жабайы жануарлар.

Көрнекілік құралдары:слайд,жануарлардың суреттері,қысқы орман,жұмсақ ойыншық жануарлар,кейіпкерлер,қағаз,сүлгі,қылқалам,бояу.


Оқу қызметі

Тәрбишінің қызметі

Баланың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Балалармен шаттық шеңберін құрып,бір-бірімен қол ұстасып:

Табиғатты қолдай біл,

Аң құсын да қорғай жүр.

Білуіміз керек оны біз

Бізде табиғаттың ұлымыз,

Табиғат бөлек демеңіз,

Сол үшін жауап береміз.

Билингвальды компонент: жануарлар– животные,аю-медьведь,қасқыр-волк,түлкі-лиса,қоян-заяц.


Балалар шеңбер болып тұрып, бірге қайталап айтады.


Балалар орысша, қазақша қайталайды.




Ұйымдастырушылық кезең



Бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Жануарлардың қысқы мекені» деп аталады.

-Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші.

-Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

Дұрыс айтасыңдар,балалар.


-Ал балалар сендер қыста тонасыңдар ма?

-Олай болса жануарларда қыста тоңады екен.Жануарлар екі түрге бөлінеді.Жабайы жануарлар және үй жануарлары.Жабайы аңдар орманда тіршілік етеді.Олар өз азығын өздері тауып жейді.Қыста жануарларға азық табу қиынға түседі.Ал үй жануарларын адамдар асырап,бағады.


-Ендеше балалар жануарлар туралы слайд қарайықшы.

-Ырғып қозғалатын қорқақ,құйрығы бір тұтам,құлағы сала құлаш,киімі екі түрлі.Бұл қай аң?

Қоян-ең қорқақ аң.Ол ағаштардың қуысында қыстайды.Қорегі түрлі шөптер,ағаш қабықтары.Қоянның баласы көжек деп аталады.Қыста қоянның түсі ақ болады.Ақ қарда қоянды байқау өте қиын,ол қорғаныш қызметін атқарады.

Ең айлакер қу аң,қай аң?

-Ал қораға шабатын қай аң?

-Дұрыс айтасыңдар балалар,Түлкі мен қасқыр жыртқыш аңдар.Тістері өткір,көздері қырағы жақсы көреді,сезімтал.Қыста жортып жүріп ,азықтарын тауып жейді.Олар қыста ұйықтамайды.Түлкінің баласы-мыршай,ал қасқырдың баласы-бөлтірік деп аталады.

-Балды жақсы көретін ,қорбаңдап жүретін қандай жануар?

-Ал аюға келетін болсақ,аюдың екі түрі болады.Ақ аю,қоңыр аю.Аюдың баласы-қонжық.Ақ аю-суда мекендейді.Суға сүңгіп балықтарды жейді.Ал қоңыр аю орманда мекендейді.Жаз бойына жинаған майынан қорек алып,қыс бойына ұйқыға кетеді.



Ғажайып сәт:

-Балалар,бүгін бізге қонақ келді.Ол қонақтың кім екенін табу үшін ,мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Қасқырдан да құтылды,

Аюдан да құтылды.

Ақыр соңында

Қу түлкіге тұтылды.

Ол не?


-Қыс.


-Су қатады,қар жауады,боран болады,айналаның бәрін қар басады.
-Иә.

Балалар қызыға тыңдайды.

Балалар қызыға қарайды.

-Қоян.


-Түлкі.

-Қасқыр.


-Аю.

Балалар сұраққа жауап береді.

-Бауырсақ.



Ұйымдастырушылық кезең



-Дұрыс балалар,бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен,ата-әжесінен адасып қалған соң бізден көмек сұрай келіпті.Кәне көмектесеміз бе?

-Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық.

-Сол кезде алдынан қоян шығады.

-Қоян:-бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

-Бауырсақ:-жемеші мені.

-Қоян:-сен онда менің тапсырмамды орында.

-Бауырсақ:-жарайды.

-Қоян:-сендер маған мен туралы тақпақ айтып берсеңдер,мен босатамын.

-Қане балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?Кім қоян туралы тақпақ біледі?

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

-Қоян:-рахмет сендерге,бара қойыңдар.

Балалар бауырсақпен әрі қарай жүреді,сол кезде алдарынан қасқыр шығады.

-Қасқыр:-бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

-Бауырсақ:-жемеші мені қасқыр.

-Қасқыр:-онда менің сендерге қояр сұрағым бар.Егер орындасаңдар,босатамын.

-Бауырсақ:-жарайды.

-Қасқыр:-мен қандай жануармын,қайда тіршілік етемін?



Балалар:жабайы жануар,орманда тіршілік етеді.

-Қасқыр:-жарайды,бара қойыңдар.

Алдарынан аю шыға келеді.

-Аю:-бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

-Бауырсақ:-жемеші мені аю.

-Аю:-онда маған мен туралы сергіту жаттығуын жасап беріңдер.Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.

Балалар қане,сергіту жаттығуын айтып береміз бе?

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп,теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Бауырсақ домалап келіп ,түлкіге кездеседі.

-Түлкі:-ах,бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

-Бауырсақ:-жемеші мені.

-Түлкі:-онда мен сендерге жұмбақ жасырамын.Шешуін тапсаңдар босатамын.

Тауықтар қашып жасқанған,

Қулығы артық басқа аңнан.(Түлкі)

-Түлкі:-мен туралы жұмбақ білетіндерің мені қатты қуантты.Рахмет,бара қойыңдар.



Бауырсақ:балалар рахмет,мен ата әжемді таптым

-Иә.


Балалар бірге тақпақты қайталайды.

-Балалар қоянға арнап тақпақ айтып береді.


Балалар:


Қасқыр-жабайы жануар.

Орманда тіршілік етедідеп жауап береді.

-Иә.

Балалар түлкі деп жауап береді.






Балалар балабақшамызға қайтайық.

Балалар біз орманнан қандай жануаларды кездестірдік?Ия балалар ,дұрыс айтасыңдар.Қоян,қасқыр,аю,түлкі.



Сөздік жұмыс:жабайы жануарлар.

Балалар ойын ойнап жіберейік.



Дидактикалық ойын: «Аңдар немен қоректенеді?»

Шарты:. Тақтаға жабайы жануарлар қоян,түлкі,қасқыр,аюдың суреттері ілінеді.Балалар осы жануарлардың немен қоректенетінін тауып,тұстарына жапсырады.

Ал ендеше балалар ендігі ашық оқу қызметімізде қоянның суретін салып бояйықшы.

-Қоянның құлақтары қандай болады?

-Ал құйрығы қандай?

-Қыста қоянның түсі қандай болады?

-Ия балалар дұрыс айтасыңдар.

Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек,денесін үлкен сопақша дөңгелек,аяқтарын кіші сопақша

дөңгелек, дөңгелектермен сызып салуға

болатынын көрсете отырып,түсіндіреді.

Көрсетілген үзік сызықтармен салынған қоянның суреттері таратылады.Балаларға үзік сызықтарды қосқыза отырып қоянның суретін салғызып боятады.

Қарындашпен үзік сызықтарды қосамыз.Қоянның түсі қыста ақ болғандықтан ақ түсті бояумен бояймыз.

Алдын ала дайындалып,езілген ақ бояуға қылқаламның ұшын ақырын жартылай батырып,дөңгелектің ішін

сызықтан шығармай бояуды тапсырады.


Балалар мұқият тыңдайды.

Балалар сөздікті қатты,орташа,жай айтады.


Балалар ойынды қызыға ойнайды.

-Ұзын.


-Қысқа.

-Ақ.


Балалар үзік сызықтарды қосу арқылы қоянның суретін салады және бояйды.

Рефлексивті-

түзетушілік кезең


Ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Балалардан сұрап, жауап алу:

Балалар бүгін қайда бардық?

Қандай жануарларды кездестірдіңдер?

Балалар жануарларда тірі табиғатқа жатады,оларға қамқорлық жасауымыз керек.

-Сендер ненің суретін салып,боядыңдар?Балалар аюдың,қоянның қимылдарын жасайықшы.Қасқыр қандай дыбыс шығарады.

Балалардың жұмысын талдап, мадақтайды


-Балалар сұрақтарға жауап береді.


Балалар аюдың,қоянның қимылдарын жасайды.

-У-У-У-У деп ұлиды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі :жануарлар туралы түсінікті,жануарлар түрлерін,

Меңгереді:жануарлардың қайда тіршілік ететінін,жануарлар туралы тақпақ айтуды,жұмбақ шешуді,

Жасайды: қағаз бетіне қоянның суретін салуды,қылқаламды пайдаланып бояуды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет