Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті талдау.
Негізгі түсініктер: 1932 ж. президенттік сайлау қарсаңында сайлаушылардың көкейінде бір ғана мәселе тұрды – елді дағдарыстан шығару, халықты күйзелістен құтқару. Сайлауда бағдарламасы осы міндетті орындаудың нақты жолдарын көрсеткен кандидат жеңіп шығатыны түсінікті болды. Демократиялық партия және оның кандидаты Ф.Рузвельт елді дағдарыстан шығарудың жүйелі бағдарламасын ұсынып, сайлауда жеңіп шықты. «Жаңа бағыт» ерекше күйзеліске ұшыраған финанс саласын реттеуден басталды. 1933 ж. 6 наурызда бүкіл банктерді жабу және тексеру туралы жарлық шықты. Елдегі алтын қорына мемлекеттік бақылау қойылды.