Дәріс мақсаты: Соғыс саясатын айқындау.
Негізгі түсініктер:
Соғыс аяқталған соң Францияның саяси жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Конституция бойынша 1918 ж. көктемде парламент қайта сайлануға тиісті болды. Алайда соғыс жағдайына байланысты оның өкілеттілігі 1919 ж. қарашасына дейін ұзартылды. Соғыс барысында елдегі оңшыл және орталық қанат партиялары топтасып, «ұлттық одақ» құрды да, 1919 жылғы сайлауда жеңді. Жаңа үкіметтің міндеті соғыстың зардаптарын жою, елдің экономикасын қалпына келтіру болды. Бірақ Франция үшін мұны істеу тым ауыр тиді. Сондықтан, «ұлттық одақтың» билігі кезінде премьер-министрлер жиі-жиі ауысты. «Ұлттық одақ» үкіметтерінің ішкі саясаты экономикалық мәселелерге мемлекеттің араласуын тежеуге, жеке меншік кәсіпорындардың еркіндігін күшейтуге бағытталды.
Достарыңызбен бөлісу: |