Ашық сабақ
Тақырыбы: М.Жұмабаев. «Балапан қанат қақты
Бастауыш сынып мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев. «Балапан қанат қақты»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға әңгіме мазмұнына сүйене отырып жыл мерзімдерінің бірі қыс туралы әңгімелеу, оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен шеберлік дағдысын қалыптастыру, жыл мезгілдері туралы айта отырып, оқушыларды табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, сызба, слайд, тест, семантикалық карта т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы ассоциация, түртіп алу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. /1-2 минут/
І. Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың оқитын тақырыбына деген қызығушылығын туғызу. Оқушылардан сұрақтар жиналады. Нені білгісі келетіні туралы себептер айтылады. Немесе белгілі бір алынып отырған тақырып, мәселе төңірегінде не білгенінде жинақтап тізім жасау. Сосын топпен ой алмасу.
Мектепке
|
Екі мәтінге ортақ белгілер
|
Мектептен
|
1. Ақын қысқы қар туралы не дейді?
2. Ақынның пікірі:
3. Осы пікір бұрын оқыған қай өлеңде кездесіп еді?
|
1.Авторы кім? Ол туралы не білесің?
2. Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
3. Суыққа тоңған адамның беті туралы екі өлеңдегі пікір қандай?
|
Балалардың көңіл-күйі жайлы не делінген?
|
3.Негізгі бөлім
Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау:
ІІ. Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды. Тақырыпқа байланысты кино көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент жасауға болады. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек.
Автор туралы мәлімет беру:
1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында (қазір М.Жұмабаев атында) дүниеге келген.
1905-1910 жылдары Қызылжардағы медреседе оқиды.
1910-1911 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды.
1938 жылы 19 наурызда халық жауы деген жала жабылып нақақтан атылды.
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріп айтып беру.
Суретпен жұмыс:
Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Не көріп тұрсың?
Балапан неге жылы жаққа кете алмаған?
Әңгімеде суыққа шыдай алмаған балапан туралы не айтылған?
Оқып бер.
Қорыту: Сабақты пысықтау, оқушылардың білімін тиянақтау.
Шығармашылық тапсырма
1.Балапанның халі сенде қандай көңіл күй туғызды?
2.Құстарға көмек
«Мағжан ағашы»
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Оқу, мазмұндау.
Мұғалімнің қол жеткен жетістіктері:
-Оқушы қызығушылығы артты.
-Бей-жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық, ұжымдық іс-әрекетте.
-Тіл байлығы артып, ойлау қабылеті дамиды.
-Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырады.
-Бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.
-Топ алдына шығып, еркін өз ойын айтуға дағдыландырады.
Осы орайда, Қ. И. Сатпаевтың « Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірибелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын хылықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өрісенде болады»,- дегендей, білім беру саласында оқытудың жаңа, озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мүмкін емес.
Семантикалық картамен жұмыс:
|
Отан туралы
|
Ғылым таппай мақтанба!
|
Кел балалар оқылық!
|
Күн шыққанда.
|
Ілияс Жансүгіров
|
|
|
|
|
Ыбырай Алтынсарин
|
|
|
|
|
Абай Құнанбаев
|
|
|
|
|
Мұқағали Мақатаев
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |