Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты.
Мақсаты: Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға және оқыған мәтінді Суретпен байланыстырып сөйлеуге үйрету. Оқиғаны өз бетімен жалғастыру жағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқудың түрлерін қолдана отырып, өз тілдерінде көркем, әсерлі сөздерді пайдалана алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Сөздік қорларын, тіл байлықтарын арттыру, табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: М.Жұмабаевтың суреті, мәтін мазмұнына сәйкес келтірілген суреттер, слайд, ( балапан, қыс, торғайға жем беріп жүрген балалар т/б)
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: оқу, мазмұнын әңгімелеу, қорытынды жасау, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, бақылау, оқиғаны жалғастыру.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, өзін өзі тану.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Түзу отыр партаңа
Не қисайма, шалқайма Тыңдамаған балаға Миына сабақ қонама ?
ІІ. Өтілген тақырыптар бойынша жұмыс.
Біз қандай тарауды бастап едік?
Қыста талай қызық бар.
2.Онда қандай әңгіме оқыдық ?
М. Дулатовтың ’’Қыс ‘’
3.М. Дулатов кім, ол кісі туралы не білесіңдер ?
4.Оқушылар әңгімені кезек оқу.
5. «Күн шұғыласы» ойыны. (тақтада)
1 - қатар 2 - қатар 3 - қатар
Мәтін туралы айтып өту
1. Мәтіннің түрлерін ата.
2.Мәтінге не қоямыз?
3. Мәтін құру үшін не істейміз?
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге не берілді ?
- М.Дулатовтың «Мектепке» және «Мектептен» өлеңін жаттап келу. 1.Оқушылар өлеңді жатқа айтады. 2.Сұрақ – жауап. (оқушылар өздері жүргізеді)
Мектепке өлеңі бойынша.
-Ақын қысқы қар туралы не дейді? - Ақынның пікірі:
-Осы пікір бұрын оқыған қай өлеңде кездесіп еді ?
Мектептен өлеңі бойынша. – Балалардың көңіл күйі туралы не делінген ?
Екі мәтінге ортақ белгілер бойынша сұрақтар.
– Авторы кім?
– Өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген ? - Суыққа тоңған адамдардың беті туралы екі өлеңдегі пікір қандай ?
3.Қайнап тұрған самауырдың суреті . Бұл жөнінде не айтар едің ? -Самауыр отпен қайнайды. Оған ағаш, көмір салады. Қазіргі кезде электр қуатымен жұмыс істейтін самауыр түрлері өте көп. Сергіту сәті: Торғай, торғай, тоқылдақ Жерден тары шоқып ап. Дірілдейді, тоңады Жан – жағына қарап ап Сергіту сәті. ІҮ. Жаңа сабақ. (қыс мезгілінің суреті) 1.-Балалар, қыста құстар бола ма ? Болады. Бірақ аз.
– Олар қайда кеткен ? Күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар қыстап қалады.
Олар: суықторғай, құр, сауысқан, тоқылдақ, қарға, кептерлер, торғайлар, т/б.
Ендеше балалар біз осы құстар жайлы жаңылтпаш айтып көрейік.
Қыс қатты – ақ Қыспаққа ап, Құс тоңып жұр
Қыстап қап. (түсініп оқу, жаттау)
2. Міне біз бүгін Мағжан Жұмабаевтың әңгімесінде қыстап қалған балапан жайында оқимыз.
А) Сызбаны пайдаланып М. Жұмабаев туралы әңгімелеу.
Ә) Мағжан Жұмабаев. БАЛАПАН ҚАНАТ ҚАҚТЫ
(“Балапан” журналына арналып қара сөзбен жазылған өлең)
Балапан қанат қақты…
Жас едi. Қанаты да қатып жеткен жоқ едi. Амалсыз қақты.
Солтүстiктiң суығына шыдай алмады. Суық жел сүйегiне жеттi. Ызғар өкпесiне өттi.
Ұшып орманға барып едi, күнi кеше күбiрлесiп, күлiмдесiп, жылы құшағын ашып тұрған ағаштар бұған мойнын бұрмады. Ұшып тоғайға барып едi, қанша шырылдап айналып жүрсе де, қалың ақ кебiнiн жамылып, тоғай тұрмады.
Балапан баспана таба алмады.
Балапан қанат қақты…
Аштан өлетiн болды. Ойды-қырды қар басқан. Бiр қылтанақ таба алмады. Тоңып, дiрiлдеп, аласұрып жүрген балапанды көрiп: “Қорама кiр, қолымда тұр, қалған-құтқанымды берермiн”, — деп күледi солтүстiктiң салқын жүрек, тас бауыр адамы!
Балапан қанат қақты…
Ойы — жандәрмен жылы жаққа жетпек, егiз Есiл — Нұраның тәттi суларынан iшiп, Аралдың ыстық құмын құшпақшы. Терең Балқаштың мөлдiрiне шомылмақшы. Алтайдың етегiнде “уһ” деп демiн алып, Марқакөлдiң қаймағында жүзбекшi.
Балапан қанат қақты…
2.Суретпен жұмыс. – Жылдың қай мезгілі бейнеленген ?
– Балапан неге жылы жаққа кете алмады? - Мәтіндегі жазушы сөзін пайдаланып, суреттегі балапанның қимылын, іс-әрекетін сипатта.
- Қандай?
Сергіту жаттығуы
Дәптермен жұмыс.
Қанаты қатып жетпеген, суық сүйегінен өткен, ызғар өкпесіне өткен, аш, тоңған.
4. Суреттегі балапанның қимылын, іс-әрекетін сипаттатып, әңгіме- дегі оқиғаны өз бет-терінше жалғастыртып аяқтату.
Ү. Қорытынды: 1. Балапан неге жылы жаққа кете алмаған?
2. Әңгімеде суыққа шыдай алмаған балапан туралы не айтылған? Мәтіннен тауып оқып бер.
Балапанның халі сенде қандай көңіл күй туғызды?
«Мағжан ата» ағашын толтырту.
Барлық оқушы хормен айтады. Нан қиқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар Теріп алып қастерлеп Торғайларға тастаңдар
ҮІ. Үйге тапсырма: Балапан қанат қақты. Түсініп оқу, әңгімені әрі қарай жалғастырып және балапанның суретін салу.
ҮІІ. Бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |