Бөж тақырыбы: Тәуелсіздік тарихы



Дата28.03.2022
өлшемі56,09 Kb.
#137011
Байланысты:
бөж.Раимов Кудрат
spravochnik, spravochnik, «География» п нінен то сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан сп, 020261 hanrei

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар факультеті
Тарих кафедрасы


БӨЖ
Тақырыбы: Тәуелсіздік тарихы

Пән : Қәзақстанның қәзіргі заман тарихы
Курс : 1
Мамандық : 6В01615-Тарих

Оқытушы: ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ:


Адилбекова Забираш Ашимхановна

ҚҰРЫЛЫМЫ / ФАКУЛЬТЕТІ / КАФЕДРАСЫ:


"Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар" факультеті "Тарих"

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ / АТАҒЫ / ЛАУАЗЫМЫ:


Ғылым кандидаты
Доцент м.а
Студент :Раимов Кудурат
Жоспар:
Тәуелсіздікті жариялау және егемен мемлекет құру стратегиясы
Күні батқан ксро.
Тәуелсіздік жолында
Тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы
Тәуелсіздікті жариялау. Әлем назары Қазақстанда
Саяси бағдар: Егемен мемлекет стратегиясы.

ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖАРИЯЛАУ ЖӘНЕ ЕГЕМЕН


МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ СТРАТЕГИЯСЫ
Бір мың тоғыз жүз сексенінші жылдардың соңы мен 1990-шы жылдардың
басы аса қиын кезең болды. Мемлекеттің соңғы басшысы, қайта құру-
дың сәулетшісі Михаил Горбачевқа мұраға қалған көнерген және қабілетсіз
кеңестік мемлекеттік машина сыр бере бастаған еді. КСРО ауыр да жүйелі
дағдарысты бастан кешіп жатты. Негізінен ол жаңа билік шамасы жетпеген
бағзы ішкі проблемалардан туындады, ал қолайсыз сыртқы факторлар бұл
құбылысты күшейте түсті.
Өнеркәсіп өндірісі күрт қысқарып, ұзаққа созылған шахтерлер ереуілі-
нен кейін көмір өндіру айтарлықтай азайып, елдегі мұнай өндірісі апатты
деңгейге дейін төмендеді. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының арзандауы
экономикалық ахуалды одан әрі қиындата түсті. 1990 жылы төлем балан-
сының керіс сальдосы 17 миллиард доллардан асты. Елдің валюта резерві
сарқылып, ол шетелдік несиелер есебінен ғана өмір сүріп жатты. Шетелдік
әріптестер кеңес басшылығына өтелмеген борыштары туралы жиі ескерте
бастаған, сондай-ақ әлемде Кеңес Одағының көп ұзамай банкротқа ұшы-
райтынына сенімділердің қатары да көбейе түскен кез еді.
Мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін баспа станогын бар қуа-
тымен іске қосуға мәжбүр болды және сол арқылы айналымдағы қаржы
массасын көбейтіп, ақыры оны бақылай алмай қалды. Рубль құнсызданып,
дүкен сөрелері бос жатты, көптеген аймақтарда негізгі азық-түлік талонмен
беріле бастады, алайда ұзын-сонар азық-түлік кезегінен ол да құтқара ал-
майтын. Алып елге ашаршылық қатері төнді.
Осының бәрі – әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеліп соқты. Оның үстіне
құйылған заңсыз қаржы ағымымен күшейген көлеңкелі экономика жаңа-
дан пайда болған бизнесті тұншықтыруға ұмтылған ұйымдасқан қылмыс
қатарын көбейте түскен еді.
Социалистік экономикамен бірге коммунистік идеология да күйреді.
Онда – сталиндік репрессиялардың ауқымы, ұжымдастырудың аяусыз
тәсілдері, жаппай ашаршылық сияқты тарихтың қасіретті беттері жайында
ел азаматтарының көзін ашқан жариялылық ерекше рөл атқарды. Соның салдарынан қоғамда моральдық абырой-беделі күрт төмендеген ком-
мунистік партияның қатары да айтарлықтай сиреген болатын, ал оның
билік монополиясына кепілдік беретін Конституцияның 6-бабы күшін
жойғаннан кейін партия ресми түрде өзінің басшылық үстемдігінен толық
айырылды. Кеңестік дәуірдің соңғы бір жарым жылында компартияның
барлық мүшелерінің төрттен біріне жуығы, яғни 4,2 миллион адам оның
қатарынан шығып кетті.
Ұлтаралық қатынастар шиеленісе түсті. Кеңес Одағының ұлттық аймақта-
рында тәртіпсіздіктер туындап, дүрдараздық қантөгіс пен соғыстарға ұла-
сты, ондаған, жүздеген мың адам босқынға айналды, ал оқиғаның бұлайша
өрбуіне әзір емес билік толықтай дәрменсіздігі мен жағдайды бақылауда
ұстау тізгінінен айырылғанын көрсетті.
1987 жылы, ізінше 1990 жылы отқару, минометтер мен артиллерия қол-
данылған, нағыз соғысқа ұласқан Таулы Қарабахтағы әзербайжан мен
армян халқының арасындағы жанжал басталды. 1989 жылы ұлтаралық
қақтығыстар Сухумиде, Ферғанада, Оңтүстік Осетияда, Приднестровье-
де, 1990 жылы Бакуде, Душанбеде, Ошта көрініс берді. Балтық жағалауы
республикаларындағы жағдай да өте күрделі болатын.
Ол кезде кеңестік Қазақстан үкіметін басқаратын мен оқиғаның бұлай-
ша өрбуі КСРО-ның күйреуіне әкеліп соғатынын білгендіктен, орталыққа
талай мәрте ұлтаралық мәселелерге қатысты жауапты да байсалды ұста-
ным керектігін айтуыма тура келді. Мен президент лауазымында болған
кезімде де өз көзқарасымнан айныған жоқпын, сол ұстанымда қалдым. Бұл
біздің тәуелсіз елімізді бұрынғы Одақ аясындағы көршілеріміздің басына
түскен қасіретті сынақтардан сақтап қалуға септігін тигізді.
1990-шы жылдардың басынан бастап республикаларда Одақ құра-
мынан шығып, тәуелсіздік алуға ұмтылған саяси қозғалыстар пайда болды.
Кеңестік басшылықтың 1989 жылы Тбилисиде, 1990 жылы Бакуде және 1991
жылы Вильнюсте күш қолдануға тырысқан әрекеттері кері нәтиже берді:
қарсылық күшейіп, тіпті бұқаралық сипат ала бастады. Жергілікті билік те
оған бейжай қарай алмайтын дәрежеге жетті, соның салдарынан 1991 жыл-
дың көктемінде он бес республиканың алтауы Кеңес Одағын сақтап қалу
қажеттігі туралы бүкілодақтық референдумға қатысудан бас тартты.
Сол жылдардың аласапыран оқиғалары біз үшін ащы да маңызды са-
бақ болды. Өз заманындағы құдіретті державаның күрт құлдырауының
себептерін түсінген және кеңестік басшылықтың тактикалық қателіктерін
талдаған біз КСРО-да болған оқиғалардан маңызды сабақ алдық. Сол са-
бақтар Қазақстанның алдынан шыққан көптеген қиындықтарды жеңуімізге
көмектесті. Ол кездегі республика өнеркәсібінің дені (93 проценті) орталыққа бағынышты болғанын айтсам да жеткілікті болар. Демек кеңестік эко-
номиканың құлдырауының зардабын қазақстандықтар толығымен бастан
өткерді.
Осынау күйреудің қатерлі салдары да көп күттірген жоқ. 1989 жыл-
дың 19 маусымында қарағандылық шахтерлер лайықты жалақы, еңбек
жағдайының жақсаруын және азық-түлікпен тоқтаусыз қамтамасыз етуді
талап етіп ереуілге шықты. Олардың әрекеті аймақтың экономикасын то-
лықтай құлдыратты, егер ереуіл толқыны одан әрі өрістесе, Қазақстанды
не күтіп тұрғанын көзге елестетудің өзі қорқынышты еді. Өздерінің жеке
мақсаттары мен мүдделері үшін қазақстандықтардың санасын қасақана
улап, кешегі бейбіт көршілер арасында этностық және діни алауыздық
тудырған саясаткерсымақтар отқа май құя түсті.
Көлемі жөнінен Кеңес Одағында екінші орын алатын республикаға
қоғамдық жікке бөліну қатері төнді. Орталық республика басшылығына
тағайындаған Г. Колбин бұл қатердің алдын алуға дәрменсіз екені түсінікті
болды. Ол апатты процестерді тоқтататындай көшбасшы болмақ түгілі, са-
уатты басшы да емес болатын. Түбегейлі саяси өзгерістердің уақыты келді.
1989 жылдың мамыр айында мен КСРО халық депутаттарының І
съезінің мінберінен елдің мүшкіл жағдайы одақтық биліктің көп жылдық
тиімсіз саясатының салдары екенін ашық мәлімдедім. «Одақтық билік қазір
де экономика мен ұлттық саясатта қиындықты үстемелеп, Кеңес Одағы
сияқты теңдессіз мемлекеттік құрылымды құрдымға жіберетін қателіктерін
жалғастыруда.
Жергілікті жағдайды білмейтін, ұлттық ерекшеліктерді түсінбейтін, жер-
гілікті халыққа абырой, беделі жоқ келімсектерді республикалардың бас-
шылығына тағайындауға мүлдем болмайды. Бұл басқарудың өрескел қате
тәжірибесі, төніп келе жатқан экономикалық апат осының тікелей салда-
ры» дедім.
Мен не туралы айтып тұрғанымды жақсы білдім. Ұлт көшбасшысы қан-
дай болуы қажеттігі және оның артатын жүгі қаншалықты екенін мен талай
рет ой елегінен өткізгенмін. Мен үшін ұлт көшбасшысы болу – милли-
ондаған отандастарың үшін, өз халқыңның тағдыры үшін бүкіл жауапкер-
шілікті арқалау деген сөз. Халқыңның туған перзенті болсаң, еліңмен ете-
не өмір сүрсең, құндылықтарың мен мақсаттарың жұртыңмен ортақ болса
ғана ондай орасан жауапкершілікті көтере аласың.
Осындай айрықша маңызды және мені ерекше алаңдататын нәрселерді
мен мінберден қарапайым, түсінікті тілмен жеткізуге тырыстым. Мен же-
тесіне жеткізе айтып, жұрттың түсінгенін қаладым, ақыры солай болды да.
Өзге де ұлттық республикалардағы әріптестерімнен қолдау тапқан менің сөзім тек съездің ғана емес, тұтас елдің пікірталасын туғызды. Ал одақтық
басшылық республикалармен қатынаста аяғын аңдап басатын болды.
Мен мұны алғашқылардың бірі болып көрдім. 1989 жылы 22 маусымда
өткен коммунистік партияның Орталық Комитетінің Пленумында мені Қа-
зақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп
сайлады. Орталық Комитеттің 158 мүшесінің 154-і мені қолдап дауыс берді.
Осылайша мен республика басшысы атандым. Одақтық орталық бұл
шешімді қабылдамас бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттарымен
және облыс басшыларымен ақылдасып, ғалымдарымыздың, жазушыла-
рымыздың пікірін зерттеді, республика тұрғындары арасында сауалнама
жүргізді. Сол бір қиын-қыстау кезеңде «Қазақстанның тағдырын қазақстан-
дықтар өздері шешуі керек» деген менің берік ұстанымыма ортақтасып,
тілектестігін білдірген барлық отандастарыма ризалығым шексіз.
Хатшылыққа сайланғаныма бірнеше күн өткен соң кеңестік басшы
Михаил Горбачевтің өтінішімен, ереуілге шыққан шахтерлермен кездесу
үшін Қарағандыға ұшып келдім.
Қарағанды – менің көз алдымда салынған, мен үшін өте ыстық қала.
Еңбек жолым сол жерден басталды. Мен ондағы әрбір кәсіпорынды жақсы
білетінмін, тіпті Қарағандыда мен тікелей танымайтын директор немесе бас
инженер жоқ.
Қарағанды облысы Қазақстанның шағын үлгісі десе де болады, онда
біздің республикамызда тұратын барлық ұлттардың өкілдері жиналған.
Шахтердің ауыр еңбегі ондағы адамдардың принципті, қатаң және шын-
дық іздеп шырылдайтын ерекше «қарағандылық мінез-құлқын» қалыпта-
стырған.
Әлі күнге дейін есімде, ұшақ әуежайға келіп тоқтағанда мен иллюми-
натордан өзімді траптан күтіп алғалы тұрған Қарағанды облысының бас-
шыларын көрдім. Қаладағы күрделі жағдай олардың тұнжыраған жүздеріне
көшкендей еді.
Ереуілдің себептерін ойша сараптаған мен, ұшақта отырған кезде-ақ
қала алаңындағы мыңдаған адаммен кездескенде түңілген халықтың тілін
тауып, қалай да өзіме олардың көңілін аударым қажет деп шешім қа-
былдаған болатынмын. Билік ендігі жерде олардың талаптарын елемеуді
доғаратынына, тағдырларына жауапты боларына кеншілердің көзін жеткі-
зу керек еді. Мен тек конструктивті әрекеттестік арқылы ғана біз асқынған
проблемалардың шешімін таба алатынымызды адамдар сезінгенін қала-
дым.
Қаланың қақ ортасындағы Совет даңғылында бізді наразы әрі
агрессиялық көңіл күйдегі жүздеген шахтер күтіп тұр екен. Ұзаққа созылған ереуілден шаршаған, қара қожалақ шахтер киімін киіп, көздері ғана жыл-
тыраған олардың көпшілігі үн-түнсіз отырып алып, асфальтты каскала-
рымен ұрғылап жатты. Кейбір шахтерлер мұнда тура көмір кенішінен кел-
ген, олардың беттеріндегі күйе одан әрмен адамдардың сұрын қашырып,
ереуіл басындағы ахуалды тіптен түнертіп тұрды. Жағдай әбден ушыққан
еді, көрініс те жайсыз болатын. Шахтерлердің кәсіподақ жетекшілері об-
лыс басшылығымен келіссөзден бас тартып, тікелей Назарбаевпен кезде-
суді талап етті. Мен де тіке ереуілшілерге тарттым.
Мен шахтерлермен бірнеше сағат сөйлестім. Олардың талаптарын
мұқият тыңдап, мәселе биліктің еркінде ғана емес, елдің қазіргі қиын
жағдайына тәуелді, шектеулі мүмкіндікке де байланысты екенін сабырмен
түсіндірдім. Сосын шахтерлерден өз өкілдерін сайлауды өтіндім, әрі қа-
рай келіссөздер жауапты министрлердің қатысуымен «Қарағандыкөмір»
комбинатының әкімшілік ғимаратында жалғасты. Кездесу таң ағарғанда
ғана аяқталды.
Біз мәмілеге келдік. Шахтерлердің бірінші кезектегі қажеттіліктері қа-
нағаттандырылды. Мұндай келіссөздер Қарағанды облысындағы барлық
шахтер қалашықтарында – Шахтинскіде, Саранда, Абайда жүргізілді. Көп
ұзамай ең өткір мәселелер шешілді де, қарағандылықтар ереуілді тоқтатты.
Бұл кезде КСРО-ның басқа көмір өндіруші аймақтарындағы жаппай толқу-
лар одан әрі жалғасып, күшейген үстіне күшейе түскен болатын. Ол біздің
күрмеуін табу мүмкін еместей көрінетін күрделі мәселелерге батыл кірісу
қажеттігін көрсеткен алғашқы жеңісіміз еді. Оған қоса, мен мұндай мәсе-
лелерді қалай шешу керегін де сезіндім. Жұмысымның басты бағыты етіп
экономиканы таңдауым дәл сол кезден басталды. Мен мұндай ұстаным-
ның өзіме ұнайтынын да ешқашан жасырған емеспін. «Әуелі – экономика,
содан кейін саясат» деп үнемі айтып келемін. Мені сол үшін сынағандар да
болды. Саясатты адамдардың игілігі мен тыныштығынан жоғары қоюдың
кесірінен КСРО-ның күйрегенін өз көзімізбен көрдік емес пе.
Мәселенің байыбына бару республикадағы ауыр экономикалық жағдай-
ды әп-сәтте жөндеуге болады деп үміттенуге еш мүмкіндік берген жоқ.
Жоғарыда айтып өткенімдей, ол кезде Қазақстан экономикасы орталыққа
толықтай тәуелді болатын. Аса маңызды отын-энергетикалық, әскери-
өнеркәсіп және кен-металлургия кәсіпорындарының бәрі орталыққа тіке-
лей бағынатын. Біздің металдарымыз бен мұнайымыздың, астығымыздың
экспортынан түскен валюталық кіріс Одақтың бюджетінде қалатын. Қыруар
қаржы тапса да, Қазақстанның оны пайдаланатын мүмкіндігі болмады.
Республика Одақтың бюджетінен бөлінген дотацияларды қанағат етуге және орталықтың масылдық туралы әділетсіз де тұрақты ескертулерін
тыңдауға мәжбүр болды. Жағдайдың драмалық парадоксы да осы.
Бұған мойынсұнып отыра беруге болмайтын еді. Мен өзінің бас аман-
дығын ғана күйттеген және әрекетсіздіктен құрдымға батып бара жатқан
әкімшілік жүйенің өкілі болғым келмеді. Мен республиканың әл-ауқатын
жақсартуды және оның болашағы үшін жауапкершілікті өз мойныма ал-
дым. Сол себепті, Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі ниетімді жария еттім.
Менің тапсырмам бойынша, республиканың жетекші экономистер тобы
Қазақстанның өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру тұжырымда-
масын жасады. Біз жер мен табиғи байлықты Мәскеудің әкімшілік өктемді-
гінен босатып, республиканың біржола меншігі деп жариялауды ұсындық.
Біз дербес шаруашылық жүргізудің, оның ішінде сыртқы экономикалық
қызмет жүргізудің де құқығын ала отырып, одақтық бюджет дотациясынан
толықтай бас тартуға дайын едік. Дегенмен, Қазақстанның ешкімге масыл
еместігін дәлелдеу ниеті жалпыодақтық министрліктер тарапынан қолдау
таппады. Кеңестік басшылық тұжырымдаманы қабылдаған жоқ.
Орталықпен арадағы экономикалық дербестік жолындағы
күресте шала-шарпы шаралармен жеңіске жету мүмкін еместігі анық бол-
ды. Жеңу үшін партиялық ұйым мен республика басшылығын бір қолға
ұстатқан мемлекеттік басқарудың кеңестік үлгісінен толығымен бас тартып,
президенттік институтты құру керек еді. Сонда жоғарғы биліктің иесі Мәскеу
тағайындайтын және субординацияға сәйкес елдің партиялық басшылығы-
на бағынуға міндетті республика партия комитетінің бірінші хатшысы емес,
керісінше халықтың сенім мандатына ие Президент республикадағы жоға-
ры биліктің нышанына айналады.
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-
інің Президенті мәртебесін бекітті. Дауыс берудің қорытындысы бойынша,
көпшілік дауыспен (қолдағандар – 317, қарсы болғандар – 18) республика-
ның жоғарғы өкілетті органы маған президенттік өкілеттік берді.
Мұндай қадамға баруды бізден өмірдің өзі талап етті. Өйткені экономи-
ка мен ұлттық саясаттағы одақтық құрылымдардың өктем тәсілдеріне қарсы
тұратын басқа амал болған жоқ. Тек атқарушы және заңнамалық билік тар-
мақтарының ерік-жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыра алатын президенттік
билік қана бүкіл мемлекеттік механизмнің тиімді қызметін қамтамасыз етіп,
экономикадағы қатаң орталықтандырудан арылып, республика мен оның
азаматтарының мүдделерін қорғай алатын еді. Тәуелсіздік жолында
1999 жылы 25 қазанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің
мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылдап, республика консти-
туциясының және оның заңдарының пәрменділігін мәлімдеді. Қазақстан
– халықаралық құқық субъектісі, ал Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің
бірден-бір қайнар көзі деп жарияланды.
Шынтуайтына келгенде, декларация құқықтық емес, саяси құжат болды.
Оның ережелерінің ешқандай заңдық күші болған жоқ. Қазақстанның еге-
мендігіне тек конституциялық акт ғана заңды негіз бола алатын еді. Десе
де, декларацияның баға жетпес символдық мәні бар болатын, ол бізге
тәуелсіздікке бастайтын жолды ашып берді.
Мен Қазақстанның дербестікке жетуін мақсат ете отырып, шешімқорлық
пен көзсіздіктің арасындағы айырманы айқын түсіндім және кеңестік эко-
номиканың құрылымын жақсы білгендіктен, КСРО-дан бөлінуге асықпадым
әрі одақтас республикалар арасында ондаған жылдар бойы қалыптасқан
экономикалық байланысты бірден үзу жоспарына қарсы әрекет жасадым.
Энергожүйелер, темір және автомобиль жолдарының тораптары, алып
Одақтың әр қиырындағы бір-біріне тәуелді кәсіпорындар – осының бәрінің
кеңес үкіметі жылдарында өзара байланғаны соншалық, олардың қатына-
сын бірден үзудің зардабы орасан болар еді. Оның үстіне бірде-бір рес-
публика қысқа мерзімнің ішінде өзінің әскери қауіпсіздігі мәселесін шеше
алмайтын. Бұл жағдай оларды сыртқы қатерлердің алдында дәрменсіз
ететін. Оны айтпағанда, біртұтас елдің әртүрлі республикасында тұратын
жақын туысқандар мен достар мемлекеттік шекараның екі жағында қалуға
мүлдем әзір емес еді.
Жаңа Одақтық келісімнің жобасын қолдағанда мен осындай дәйектерді
басшылыққа алдым. Жоба қабылданған жағдайда, КСРО – Тәуелсіз Мем-
лекеттер Одағы (ТМО) болып қайта құрылар еді. Бұрынғы кеңестік респуб-
ликалар экономикалық дербестікке қол жеткізіп, өздерінің саяси өкілет-
тілігін айтарлықтай кеңейтетін, ал жалпыодақтық орталық бірыңғай сыртқы
саясат пен ортақ қауіпсіздікке жауап беретін еді.
1991 жылы басталып, жұмысы бірнеше айға созылған Одақтық келісім
жобасы жаңа тарихқа Ново-Огарево процесі деген атаумен енді (Ново-
Огаревода КСРО президентінің Мәскеу түбіндегі резиденциясы орна-
ласқан). 1991 жылы 29 шілдеде біз РСФСР президенті Борис Ельцинмен
және КСРО президенті Михаил Горбачевпен кездесіп, ТМО-ны құру тура-
лы келісімге 20 тамызда қол қоюға шешім қабылдадық. Бірақ ол орындалған
жоқ. Келісілген құжатқа қол қоюға бір күн қалғанда кеңестік басшылар дан, оның ішінде елдің вице-президентінен, премьер-министр мен күштік
құрылым басшыларынан құрылған төңкерісшілер жаңа әділетті келісімнің
жасалуына қарсылық көрсетіп, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды. Олар
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, Қырымда
демалып жатқан Михаил Горбачевті сырқат деген жалған желеумен билік-
тен заңсыз шеттетті.
Сол күні мен Қазақстан азаматтарына үндеу жолдап, сабыр сақтауға,
төзімділік танытуға шақырдым. Мәскеудегі билікті заңсыз басып алған
төңкерісшілердің елеулі қысымына қарамастан, мен отандастарымды Қа-
зақстан аумағында төтенше жағдай енгізілмейтініне берік түрде сендірдім.
1991 жылы 20 тамызда Мәскеу мен Ленинградтың көшелеріне ондаған
мың адам қарсылық көрсетуге шықты, танктердің жолына баррикадалар
құру басталды. Елдегі ахуал барынша ушыға түсті. Бүлікті бастаған ымыра-
ластардың саяси таяздығы азаматтық текетірестер мен бұрын-соңды бол-
маған ауқымдағы қантөгіске бастауы мүмкін болатын. Оған жол беруге әсте
болмайтын еді. Мен төңкерісшілердің басшыларымен телефон арқылы
сөйлесіп, олардың әрекеттерін республиканың атынан ашық сынға алдым
және қантөгіске жол бермеуді қатаң түрде талап еттім.
Бүлікшілер қайта құру жылдарының қиындықтарынан қажыған қоғам
үнсіз келісе салады деп үміттенді және соншалықты бұқаралық сипат-
тағы қарсылықты күтпеді. 21 тамыз күні төңкерісшілер тізе бүкті. Михаил
Горбачев Мәскеуге оралды. Төңкеріс жасау әрекеті жүзеге аспады. Одақтық
келісімге қол қойылмауы және тамыз бүлігі орталық биліктің қоғам алдын-
дағы беделін түбегейлі жойды. Кеңестер Одағының мемлекеттік-саяси
тұрғыдан күйреуі процесі ушығып, күшейе түсті.
1991 жылдың екінші жартысында орталық билік мүлдем дәрменсіз
жағдайда болды. Бұл жағдайда маған Қазақстан тағдырының жауапкер-
шілігін өз мойныма алуға және бірнеше принципті стратегиялық шешім-
дер қабылдауға тура келді. Мен алдымен, өз Жарлығыммен кеңестік
әскери күш-қуаттың тірегі саналатын, әлемдегі аса ірі Семей ядролық
сынақ полигонын жаптым. Егемен Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік ак-
тісі бүкіл планетаға біздің еліміздің ядролық қатерден азат, бейбіт өмірге
ұмтылысын паш етті.
Сол күндері мен «Қазақ КСР Қауіпсіздік Кеңесін құру туралы», «Одаққа
бағынышты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР үкіметінің
басқаруына көшіру туралы», «Қазақ КСР-нің алтын қоры мен алмаз қорын
құру туралы», «Қазақ КСР-інің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін
қамтамасыз ету туралы» бірқатар тұғырлы Жарлықтарға қол қойдым.
Тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы
Қазақ КСР президенті қызметіне кіріскеннен кейін бір жарым жылдан
соң 1991 жылдың күзінде мен Жоғарғы Кеңеске республиканың сайлау
жүйесін реформалауды ұсындым. 1991 жылы 16 қазанда «Қазақ КСР пре-
зидентін сайлау туралы» заң қабылданып, соған сәйкес ұлт көшбасшысы
болуға кім лайықты екенін депутаттар емес, елдің барша азаматтары ше-
шетін, яғни мемлекет басшысы жалпыхалықтық дауыс беру негізінде сай-
ланатын болды.
Мен қалыптасқан әлеуметтік-саяси жағдайда тек отандастарымның сай-
лау учаскелерінде көрсеткен сенімдері ғана нағыз көшбасшылық құқығын
беретініне бек сенімді болдым. Жаңа сайлау егемендік ұғымына шынайы
және көңілге қонымды мазмұн беруге, Қазақстанның халықаралық беделін
көтеруге және Президент лауазымына кім сайланса да оған аса күрделі
жағдайда батыл әрекеттер жасау мандатын беруге тиіс еді. Ол қалайда алға
басуға шешім қабылдаған елдің айналып өтуі мүмкін емес, қатаң, ауыр әрі
қиын қадамдар жасауға тиіс болды.
Қазақстандағы тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы 1991 жылы
1 желтоқсанда өтті. Бұл – Кеңес Одағының ақтық демі таусылар кездің қар-
саңы болатын, оның экономикасы да біржола күйреп жатты. Қараша айын-
да сайлаушылармен кездескенде проблемалардан қашқақтауға тырысқан
жоқпын, популистік уәделер де бермедім, керісінше адамдармен ашық әң-
гімелестім. Сайлаушыларыма елді ауыр сынақтар күтіп тұрғанын, одан қалайда өту керектігін, себебі тәуелсіздік пен игілікке жетудің ептеп айналып
өтетін басқа жолы жоқтығын түсіндірдім.
Сайлау учаскелеріне 8 681 276 адам келді. 98,8 процент дауыс алған
сәтте мен елдің президентін ғана емес, болашаққа баратын жолын таңдап,
менің маңайыма ұйысқан еліммен бірге айтып тіл жетпейтін тұтастықты
сезіндім.
10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан
Республикасы Президентінің ант беру салтанаты өтті. «Біз дербес өмір
сүретін жағдайдамыз» – менің ұлықтау салтанатындағы негізгі сөзім осы
болды.
Арада жиырма жыл өткен соң бүкілхалықтық сайлау өткізілген мерейлі
күн мемлекеттік мерекеге – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези-
денті күніне айналды. Саяси күнтізбеде ол заңды және символдық тұрғы-
да Тәуелсіздік күніне ұласады. Тарихи 1991 жылғы президент сайлауы Қа-
зақстанның тәуелсіздікке қарай жасаған шешуші қадамы болды.
Тәуелсіздікті жариялау. Әлем назары Қазақстанда
1991 жылғы сайлаудан кейінгі бірінші жұмыс аптасында, өзім 1991 жыл-
дың 16 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасының Мемлекет-
тік Тәуелсіздігі туралы» заңның мәтінімен жұмыс істедім. Құқықтық тұрғыда
әлемнің саяси картасында дәл осы күні жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан
Республикасы пайда болды.
Осылайша, тарихи әділеттік орнап, бабаларымыздың ұлы арманы
орындалды. Бұған дейін декларация түрінде ғана болған мемлекеттік тәу-
елсіздік енді конституциялық негізге ие болды. Заңдағы 18 баптың біріншісі
біздің елімізді ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргі-
зетін тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.
Осы жерде аздап шегініс жасамақпын. Меніңше, Тәуелсіздік күні тек
ресми бекітілген мерекелік дата ғана болуға тиісті емес. Бұл күннің одан
анағұрлым маңызы үлкен мазмұны бар. Ол тәуелсіздік жолындағы күрестің
нүктесін қоюмен бірге, оның басталған күні де болды. Бүгін әр қазақстан-
дық оны өзінің жеке тәуелсіздігі мен табысты күні есебінде мерекелей
алады.
Республиканың барлық халқы үшін маңызды, біздің әрқайсымызға
Қазақстанның азаматы болу құқығын сыйлаған «Қазақстан Республикасы-
ның азаматтығы туралы» заңға арада бірнеше күн өткен соң – 20 желтоқ-
санда қол қойдым. Енді ел азаматтарын сыртқы қатерден қорғауды өз әскері қамтамасыз
етеді. Менің 1992 жылдың 7 мамырындағы Жарлығыма сәйкес, Қазақстан
аймағында дислокацияланған ТМД Қарулы күштерінің әскери бөлімдері
республиканың жаңадан құрылған Қарулы күштерінің құрамына енгізілді.
Алғашқы Қорғаныс министрі болып даңқты армия генералы Сағадат Нұр-
мағамбетов тағайындалды. Соның алдында, қаңтар айында, біз ішкі және
шекара әскерлерін құруды бастаған едік.
Рәміздер – мемлекеттіліктің атрибутикасы. Жас республикаға өзінің
ерекшелігін айшықты да қысқа, түсінікті бейнеде ұқтыратын символдар
қажет болатын. Осынау жауапты міндеттің шешімі көп күш қуат талап
етті. Ұзаққа созылған жұмыс менің белсенді қатысуыммен, 1992 жыл-
дың жазында аяқталды.
Сол жылдық 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның рәміздері бекітіл-
ді. Көк байрақта самғаған қыраны бар, күннің нұры мен шаңырақ, қанат-
ты тұлпар кейпіндегі елтаңба бүкіл әлемге танылды. Қазақстанның және
бұрынғы одақтас республикалардың ұзақ уақыт аңсаған тәуелсіздікті алу
қуанышы біздің халықтарымыздың маңдайына жазған тарих дүбірінің күр-
делілігін ұғынуға жалғасты.
Әлем жаңа мемлекеттердің қалыптасуына мұқият зер салды. Қазақстан-
ның тәуелсіздігін алғашқы болып Түрік Республикасы мойындады. Оқиға
Тәуелсіздік туралы Заңға қол қойылғаннан кейін бірнеше сағат өткенде
жүзеге асты және қазақстандықтар түркі ынтымағының мұндай көрінісін
жоғары бағалады. Келесі 11 желтоқсан күні Қазақстанды Ресей Федерация-
сы, 25 желтоқсанда Америка Құрама Штаттары мойындады. 1992 жылдың 3
қаңтарында бұл ұлы державаларға – Қытай, ал жылдың соңына дейін тағы
102 мемлекет қосылды.
1993 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық
мәжілісінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданып, әлемдік
қоғамдастықтың толыққанды мүшесіне айналды.
Саяси бағдар: Егемен мемлекет стратегиясы
Тәуелсіздік алумен бірге көптеген проблемамен бетпе-бет келген кей-
бір жас мемлекеттер – бұрынғы кеңестік республикалар әзірге стратегия
ойластыруға ерте екеніне, алдымен күнделікті тіршілік қамын жеңе білу
қажеттігіне мойынсұнды.
Оларға қарама-қарсы көзқарас ұстана отырып, негізінен күнделік-
ті мәселелерді шұғыл шешумен айналыссам да, мен бәрінен бұрын елдің ұзақ мерзімді стратегиялық мүдделерінен туындайтын болашақ қамын
бір сәт ойымнан шығарған емеспін. 1992 жылдың басында осы ойларым-
ның негізінде «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуы» атты бағдарламаға кірістім.
Мұндай құжатпен жұмыс істеу әжептәуір қиынға соқты. Жас
экономистер тобына негізгі мақсаттар мен даму міндеттерін түсіндірдім. Бұл
құжаттың жобалары соларға арналды. Оны сан мәрте талдадық. Жұмысқа
мамандардың әртүрлі категориялары тартылды. Ақырында ең қажетті
құжат жобасы дайын болды.
Стратегия мәтіні 1992 жылдың 16 мамырында жарияланды. Құжат Қа-
зақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшетінін
көрсетті. Көптеген адамдар бізді жете түсінбеді. Жоғарғы Кеңес пен оның
басшылығы жекелеген принципті көзқарастарды қайта қарауды талап етіп,
халықтың мұндай идеяны қабылдауға әзір еместігін алға тартты. Жоғарғы
Кеңестегі пікірталастар өте қызу болды.
Қазақстан Республикасының алғашқы даму стратегиясы кеңестік
идеология күйреген аймақта құрылған қатерлі дүниетанымдық вакуум
жағдайында жасалғанын айта кетуге тиістіміз. Басқа республикалардың
тұрғындары сияқты, қазақстандықтар да абдырап, торығуға түсті, жаңа
бағдарлар мен идеалдарды аңсады. Олардың ұсақ, бір сәттік пайдаға ден
қойып, елдің болашағы мен өмірдегі өз орнын жоғалтуына жол беруге
болмайтын еді. 1992 жылғы стратегия ел үшін аса қатерлі әлеуметтік сцена-
рийге қарсы маңызды тетік болды.
Бұл кезде дағдарыс шырқау шегіне жеткен еді. Мен алыс болашақты
қоя тұрып, елге орта мерзімді перспективалармен нарықтық экономикасы
дамыған және соған тиянақ болатын заңнамасы, халықтың еркі мен па-
расаты салтанат құратын қоғамы бар, күшті де тәуелсіз мемлекет құрудың
нақты қадамдарын ұсындым. Жылдар өте келе, менің алғашқы прагмати-
калық жоспарды «күнкөріс стратегиясы» деп атауым кездойсоқ емес еді.
Республиканың алдында өзінің мемлекеттілігін нығайту міндеті тұрды,
демек биліктің тиімді институтын қалыптастырып, әлемдік мойындауға қол
жеткізу, басқа елдермен әріптестік қарым-қатынасты реттей отырып, әртүр-
лі халықаралық ұйымдарға белсенді түрде қатысу керек еді.
Экономикалық саясаттың басым бағыттары ретінде банк жүйесін
нығайту, еркін баға бағамына көшу, сыртқы сауданы ұлғайту, шетелдік
инвестицияларға ыңғайлы жағдай қалыптастыру, тұтыну рыногын тол-
тыру, ең соңында мемлекеттік меншікті жекеге беру нақтыланды. 1992–
1995 жылдар дағдарыстан өтіп, экономикалық тұрақтылыққа қол жет-
кізудің қажеттігі туған кезең болды. Сондықтан да 1992 жылғы стратегия лайықты түрде сол кезеңдегі қоғам мен елдің тұрақтылығының айқын
бағдары болып саналды.
«Барша халықтың игілігі» мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі
бағыты ретінде белгіленді. Оған мемлекет әр адамға кәсіпкерлік еркіндік
және өз күш-қуатын өзі таңдаған іске жұмсауға мүмкіндік бергенде ғана
қол жеткізуге болатын. Әуелі тұрақтылық, сосын экономикалық өсім, менің
түсінігімде, жалақының, зейнетақы мен жәрдемақының өсуіне міндетті түр-
де алып келетін.
Қазақстан аумағының байырғы қазақ жері екенін, мемлекеттің қазақ мә-
дениеті мен тілін қайта түлетуге ниетті екенін айта отырып, мен қашанда
ұлттық белгі бойынша кемсітушіліктерге жол бермеуді және барлық этнос-
тар мен мәдениеттерге маңызды қолдау көрсетуді жалғастырып келемін.
Тарихтың одан арғы барысы көрсеткендей, 1992 жылғы стратегия –
Қазақстанның мықты президенттік билігі бар мемлекет ретінде дамуын
нақтылаған принципті тұрғыдағы маңызды шара болды. 1970–1980 жылда-
ры жылдам әрі тиімді түрде осындай реформалар жүргізе алған Оңтүстік
Корея, Сингапур, Малайзия және басқа да мемлекеттердің үлгісі мұндай
жаңғыруды тек ауқымды өкілеттікке және қоғамдық қолдауға ие табанды
көшбасшысы бар елдер ғана жүзеге асыра алатынын көрсетті.
Жас мемлекеттің жаңа саяси бағытын алғаш қалыптастырған 1992
жылғы стратегия одан кейінгі жылдардағы мемлекеттік құрылыстың ірге-
тасына айналды. Сол құжатта көрсетілген көптеген стратегиялық бағыттар,
одан кейін гі экономика мен саясаттағы тұрақтылық пен бетбұрыстар жүзе-
ге асқан кезеңде, толық мәнінде дамытылды.
Стратегиялық жоспарлау мен қоғамды жалпыға ортақ міндеттерді шешу-
ге жұмылдырудың тұңғыш тәжірибесінің сәттілігін ескере отырып, өмірдің
өзгермелі жағдайындағы елдің болашағына байланысты өз көзқараста-
рымды дәстүрлі формадағы стратегия түрінде құрдым, одан кейінгілері
1992 жылы қаланған іргетасқа табан тіреді.
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ
Пайдалаңған әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана, 2017. – 508 б.
ISBN 978-601-06-4715-2
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік
дәуірі» атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа
тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Егемен мемлекет-
тің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен
26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байла-
нысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баянда-
лады.
Кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты
ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны
кеңінен ашып көрсетілген. Бірінші және екінші жаңғырту аясында тоталитарлық жүйе-
ден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті
елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың
мақсаты – елімізді қалыптасқан жаңа жаһандық ахуал жағдайында жаңғырта отырып,
әлемдегі ең өркенді 30 мемлекеттің қатарына қосу.
«Тәуелсіздік дәуірі» отандық және шетелдік қалың оқырман қауымды қызықты-
рар туынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет