Билік - саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б.