Ұстаздарға арнау Жаннұр



Дата02.10.2023
өлшемі14,36 Kb.
#183304
Байланысты:
Ұстаздарға арнау


Ұстаздарға арнау
Жаннұр: Әр ұстаз өз қырымен көрінеді,
Оқушы махаббатына бөленеді.
Мерекелік кешімізде сізерге
Арнауды жеткізеді 11 - сынып өрендері.

Ақтолқын: Ардақты ұстаздарым апайларым,
Көптен көрмей сіздерді мен сағындым.
Бәріміздің бастауышта жетекшіміз,
Жаны жылы, өңі сұлу Жайсанкүл апайымыз.

Жаннұр: Орыс тілін оқытқан, тіл жаттықтырып,
Роза апай, Раулан апай алғысымыз сіздерге мың сан шексіз.
Қазақ тілін үйретіп, әдебиетпен тоқытқан,
Раушан апай рахмет үлкен, жүз жасаңыз.
Бастауышта тәрбиелеп, бейімдеген,
Түймекүл апай, көргіміз келеді жүзіңізді күлімдеген.

А: Математика әлемін жетектеген, тәрбие беріп әрқашан күлімдеген ол біздің Роза апай,
Ж: Тарихтан беріп қызықтырған, оқушылардың өмірін қызықтаған ол біздің Мария апай.
А: Бәрімізді сабырға шақыратын, көңіліңе қарайтын, жан ұғатын ол біздің Мейрамкүл апай,
Ж: Тіл тазалығын тексеріп, әдебиетпен сусындатқан ол біздің Гүлзада апай.
А: Оқушыларына майда тіл, жүйрік ойымен ұнайтын – Қалия апай,
Ж: Темірдей тәртіп пен білімділікті талап ететін, көңілі жарқын жан – Назира апай,
А: Ағылшын тілімен әлемге жол ашқан, асқан сабырлығымен таңғалтқан – Қарлығаш апай.
Ж: Терең білім үйретіп, саралы ой салатын жан – Перизат апай.
А: Оқушылардың жанын түсінетін, әрдайым жымиып жүретін – Салтанат апай,
Ж: Байсалды мінезімен, әдемі жүзіменен жаныңды жадырататын – Пернеш апай.
А: Салмақты мінезімен сүйсіндірген, жан – жағына нұрын шашып гүлдендірген – Сәуле апай
Ж: Бәрімен тез тіл табысатын, сөзсіз – ақ бәрін көзіңнен ұғатын – Нұрила апай.
А: Көңілі пәк, жайдарлы, үйрететін ағылшын тілін пайдалы – Айнұр апай.
Ж: Қолаң шашымен көзге түсетін, біздерді сүйсіндіретін – Бекзат апай,
А: Жанарымен әлемді нұрландыратын, әзіліңді түсініп, сыр алатын – Әйгерім апай.
Ж: Сөзінің мәнері өте тамаша, мақтайтын бәрі жарыса – Мақпал апай.
А: Атақты физиктермен теңдесетін, сұлулығымен ханшамен теңдесетін – Назира апай,
Ж: Ән салса әнімен, сөйлесе сөзімен баурайтын – Ақнұр апай.
А: Керемет жан, мінезімен еліткен, ұнатаын бар оқушы мектептің – Гүлбаршын апай,
Ж: Тәрбиеге тұнып тұрған өн бойы, әдемі жүретін жыл бойы – Клара апай,
А: Жүрегі ақ, өзі адал, өз ісіне шебер маман – Ләззат'>Ләззат апай.
Ж: Өз ісінің шебері, қолынан бар іс келетін – Айман апай,
А: Мектебімізді кітаппенен байытқан, жарқын мінезбенен сыр ұққан – Гүлнәр апай.
Ж: Бастауышта оқушыға бағыт берген, ол кісіні баға жетпес жақұт дерем – Рахия апай,
А: Әннің әуезін білетін жан, сөздің мәйегін білетін жан – Ұлжамал апай,
Ж: Ашық жарқын мінезі бар, сүп – сүйкімді келбеті бар – Ләззат апай
А: Асыл жан, ардақты боп танылған жан, сұлу кісі – ол біздің Әйгерім апай,
Ж: Көрнекі ханымы мектептің, сүйікті апай ол біздің – Жанар апай.

А: Құтты болсын мерекесі ұстаздың,
Ұстаздарға жыр арнауға құштармын.
Бақыт пенен шаттыққа сіздер кенеліп,
Шәкірттердің есінен еш шықпасын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет