Қош бол,құтты «Әліппем!»
Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!
Бүгін сіздер бірінші «Б» сынып шәкірттерінің «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Құрметті ата-аналар!Балалардың қолдарына алғашқы рет ұстап,бетін ашқан оқулығы-«Әліппе».Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол.Кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамы!Ендеше балақандар,қадамдарың құтты болсын!Білім дариясында талмай жүзіп,білім,ғылым мұхитының тереңінен бар асыл інжу-маржанын тере берулеріңе тілектеспін!Ата-аналарыңның мақтанышына айналып,елімізге адал еңбек ететін білімді,тәрбиелі азаматтар болып өсіңдер!
Е.Арайлым
Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.
А.Аружан
Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Хор: «Әліппе әні»
Оқушылар хормен:Біз «Әліппені» бітірдік.
Мұғалім:Иә,бітірдіңдер,қазір біз «Әліппемен» қоштасып,жаңа достармен танысамыз.
Осы кезде «Әліппе» ортаға шығады.
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата – ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппең келді ортаңа.
Менің атым – Әліппе!
Мені анаңдай дәріпте!
Мені оқып, ер жеткен,
Әпкең сенің, ағаң да!
Балалар,сендер мені оқып бітірдіңдер,әріптерді жақсы меңгердіңдер.Енді сендерге ары қарай білім беретін мына «Ана тілі» болады,танысыңдар!
Ортаға «Ана тілі» шығады.
Сәлеметсіз бе! «Ана тілі»
Оқушылар хормен:Сәлеметсіз бе,»Ана тілі»!
«Әліппе»:Міне,сендерді де таныстырдым,енді сабақтарыңды жақсы оқыңдар!Ал мен кетейін.
Мұғалім: «Әліппе» біздің балалардың сізге арнаған тақпақтары бар тыңдаңыз.
«Әліппе»:
Жарайды олай болса тыңдайын.
Жанболат
Қош бол,құтты «Әліппем»!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Толганай
Қолыңа тұңғыш қалам ап,
«А» әрпін алғаш жазарсың
Біліп ап «А-ны» саралап,
«Б-сына» көзді саларсың.
Айдана
«Әліппе» деген-алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Майра
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан
«Әліппе»-білім бесігі!
Камила
Алфавиттің «А» тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші?
«А» деген ол-Аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол-Әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол-Балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де қадірлі.
Би «Шығыс биі» Ерік Арайлым
Хор: «Тәрбиешім мұғалім»
Мұғалім: Біз бір жыл бойы көп еңбек еттік.Қырық екі әріпті түгел жаттап алдық.Оқуды,санауды,жазуды үйрендік. Ендеше, қазір қалай оқитынымызды көрсетейік. Математика әлеміне саяхат.
Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
( 5бес)
Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады енді нешеуі,
Қане, кім шешеді?
(5 бес)
«Әліппемен» қоштасу тек біздің мектепте ғана емес,біздің еліміздің мыңдаған балалары «Әліппе» кітабын бітіргендерін мерекелеуде.
Гулназа:
Оспан де өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Қай әріптен басталған
Екеуінің аттары? О-әрпі
Камила:
Бастайды ол «таңды» да,
Бастайды ол «талды» да.
Келіп тұрған қай әріп
«Тау» мен «тастың» алдында? Т-әрпі
Т-кәдімгі телеграф бағаны
Кейде оған ұқсатасың балғаны.
А.Аружан
Бір мен үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан.
Апа,ата сөздерін
Қайсы әріптен бастаған? А-әрпі
А-жер өлшейтін саржан
Белін буып алған.
Е.Арайлым:
Ас біткеннің анасы-
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған,
Соңғы әрпінде қарашы. Н-әрпі
Н әрпінде екі тіреу,
Ортасында басқыш біреу.
Динара:
«Майда» бар да, «шайда» жоқ,
«Менде» бар да,»сенде» жоқ,
Толганай:
«Н» әрпінен «Ң» әрпінің
Айырмасы бар қандай?
Оң аяқтың басына ол
Тұзақ іліп алғандай
Анель
«Ұя» десе соңында,
«Сия» десе соңында.
Тұратұғын қайқайып,
Айтыңдаршы қайсы әріп? Я-әрпі
Би «Яблоко биі» Сұлтанбек,Жанболат,Нұргелді,Жасұлан,Адилбек,Бекжан
Хор: «Отан»
Альбина:
Таныстырар әріппен,
Мынау кітап- «Әліппең».
«Әліппе»деген аты оның
Басталған қай әріптен?
Айдана
Мынау доға-қарайық
Ұқсайды оған қай әріп.
Динмухамет:
Ірімшікті жедің ғой,
«Тәтті» екен дедің ғой.
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған?
Адилбек:
Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен».
Осы атаулар зер салшы
Басталған қай әріптен? П-әрпі
Әр үйде бір қақпа бар
П-аумаған тап солар.
Жанболат
Еменде бар
Қайыңда жоқ
Есікте бар
Тұтқада жоқ
Сұлтанбек:
Ұқсайды өзі шалғыға,
Елестет көз алдыңа.
Кәне ойланып табайық
Болды екен қай әріп? Ғ-әрпі
Нұргелді:
Шошиды,шортан,шорағай,
Шабақ аулап шағала.
Шегіртке қуып Шорабай,
Шапқылар шилі жағада.
Жасұлан:
«Үйрек»десе-бірінші,
«Бүйрек» десе-екінші.
Бұл қайсы әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
Бекжан:
Ие керек итке,
Ине керек жіпке.
Икем крек іске,
Иық керек жүкке.
Би: «Шығыс биі» Аружан,Арайлым,Камила,Динара,Толганай,Анель
Дана:
«Өрікте» -сөздің басында
«Бөрікте» сөздің қасында.
Бұл қай әріп,көріңдер,
Енді айтып беріңдер? Ө-әрпі
Майра:
Жарықсың ғой электр,
Алыпсың ғой электр.
Сен үйіме келмесең,
Мультфильм де көрмесем.
К.Аружан:
Қызықтырып әркәмдә-ақ
Суда жүзер жылтылдап.
«Б» әрпінен басталған,
Сол жүзгіштің атын тап.
Данабек:
Добым,добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Тарелкені сындырдың
Үстел үстін бүлдірдің.
Санжар:
Сара келіп сабақтан
Сан шаруаны тындырды.
Самауырға салатын
Сексеуілді сындырды.
Сазан балық қуырды
Сауды сары сиырды.
Абылай:
Қырларда құр,-деші
Жайылып жүр-деші.
Біреуі қарауыл
Қарап-ақ тұр деші
Ал енді өзің-ақ
Р-Р-Р-деші
Нұрболат:
Қосылса 13 арасы
Қандай әріп қарашы?
Айдын:
«Қаздан» көре аласың
«Қағаздан» да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың
Мерей:
Түн шымылдық ашқаннан,
Жымыңдайтын аспанна.
Көп шырақтың аты не
Қайсы әріптен басталған?
С.Арайлым
Кесе,шыны,пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз? – ыдыс
Нурсултан.
Еңбек сүйгіш құмырсқа,
Ерте тұрып жұмысқа.
Жазда астық тасиды,
Толтырады ас үйді.
Нұрдәулет:
Уықтардың барлығын,
Уыққапқа сал күнім.
Уыққапқа салған соң,
Уыздан жеп ал күнім.
Азамат:
Ай,тай,май,
Шай,жай,сай.
Сөз соңында кілең- «Й»
Аты оның-«қысқа й».
Серік:
«Егіз»-десек екінші,
«Сегіз»-десек үшінші.
Бұл қай әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
Мадина:
Ф-ның екі көзі бар,
«Футбол»-деген сөзі бар.
Нурмухан:
«Балықта» бар да, «нанда» жоқ,
«Халықта» бар да, «хан»да жоқ.
Қазақша би: «Айгөлек» Аружан Аружан Арайлым Гулназа Динара Толганай
Мұғалім:Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Енді балаларымыз «Әліппеден» басқа да қызықты кітаптарды оқи алады.Бізге кітапханашы Сауле апайларың келіп тұр.
Кітапханашы:Балалар,мені мерекелеріңе шақырғандарың үшін көп рақмет.Сендер енді өз беттеріңмен оқи аласыңдар.Кітапханада әдемі суреттер,қызық әңгіме мен тақпақтар жазылған балаларға арналған кітапшалар бар.
Мен сендерге бүгінгі мерекелеріңе сыйлық ретінде «ана тілі» кітабын ала келдім.(Кітаптарды балаларға таратады,көмекке «ана тілін» шақырады).
Ана тілі:Балалар,енді басқа да қызықты кітаптар оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты кітаптар таратып бердім.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсені үйренесіңдер.
Оқушылар хормен: Оқимыз,Ана тілі,оқимыз!
Мұғалім: Сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата-аналарың,әжелерің де қосқан үлесі мол.Кәне бәріміз рақмет айтайық.
Оқушылар хормен: Бақытты балалақ шағымыз үшін рақмет,сіздерге ата-аналар!
Қазақша би:Гулназа,Альбина,Дана,Айгерім,Данабек,Динмухамет,Нұрдәулет,Азамат
Мұғалім:
Бүгінгі күн тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар. (шашу)
Қымбатты,балаларым!Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ,сендерді бір-біріңмен достыққа,мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретеді.Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Ертеңгілік «Рақмет саған,Әліппе!» әнімен аяқталады.Аружан Арайлым Толганай
Енді құттықтау сөзін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Мерказиева Гулмира Кеңесовнаға сөз береміз.
Бұдан кейін құттықтау сөзін ата-аналарға береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |