Абулкасова Д. Б. 2011жыл Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы



бет92/115
Дата05.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13594
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   115
Негізгі түсініктер:
Испания Еуропадағы дамуы жағынан кенже қалған аграрлы-индустриялы ел болды. Помещиктер мен ірі финанстық олигархияның мүддесін қорғайтын монархиялық тәртіп сақталды. Испан тағында Бурбондар әулетінен шыққан король 3-Альфонс отырды. Конституция (1876) бойынша елдегі заң шығарушы билік король мен парламенттің (кортестер), ал атқарушы билік король мен министрлер кабинетінің қолында болды. Демек, Испанияның мемлекеттік-саяси құрылысы конституциялық монархия болды. Ал 1923 ж. мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде генерал Мигель Примо де Ривераның әскери диктатурасы орнады. Ол парламентті және саяси партияларды таратты, демократиялық бостандықтарды және 8 сағаттық жұмыс күнін жойды, ереуілдерге тыйым салды. Елде жаппай жазалау басталды. Буржуазиялық оппозиция диктатураға қарсы 1926 және 1929 жылдарда екі рет қарулы көтеріліс жасады, бірақ жеңіске жете алмады. 1930 ж. басталған экономикалық дағдарыс елдің әлеуметтік-саяси жағдайын шиеленістіре түсті. Елде революциялық жағдай қалыптасты.
Елде жұмысшы ереуілдерінің, шаруа көтерілістерінің өрістеуі, экономикалық қиыншылықтар,и әскерде де толқулардың жиілеуі 1930 жылдың басында Примо де Ривераны биліктен кетуге мәжбүр етті. Испанияның саяси күштерінің алдында енді монархияны жойып, республика орнату , аграрлық реформа жүргізу, елдегі аз ұлттарға (каталондықтарға, галисиялықтарға, баскілерге) автономия беру, қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру міндеттері тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет