Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті талдау.
Негізгі түсініктер:
1-д.ж. соғыста Үштік Одақтың жеңілуі, Австро-Венгрия империясының ыдырауы, Ресей мен Германияда монархияның құлатылуы Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада бірқатар мемлекеттердің құрылуына әкелді. 1918 ж. Еуропаның саяси картасында Австрия, Венгрия, Чехославакия, Польша, Югославия сияқты жаңа мемлекеттер пайда болды. Бұл мемлекеттердің құрылуы осы елдердегі халықтардың ұзақ уақыт бойы жүргізген ұлт-азаттық күресінің нәтижелі аяқталғанын көрсетті. Бұрын әртүрлі мемлекеттер құрамында болып, бөлініп келгени халықтар қайта бірігуге мүмкіншілік алды. Мемлекеттік егемендік алу осы елдердің саяси-экономикалық және мәдени дамуына жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |