Дәріс мақсаты: Тақырыпты талдау.
Негізгі түсініктер: Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 ж. 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуылынан басталды. Польшаның Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты. «Қауырт соғыс» жүргізу мақсатында ол Польшаға қарсы барлық әскерінің үштен екі бөлігін топтастырды. 1939 ж. 3 қыркүйекте Англия мен Франция Польшамен одақтастық міндеттерін орындау мақсатында Германияға соғыс жариялады. 1939 ж. 19 қыркүйекте Скандинавия елдері басталған соғыста бейтараптылық саясат ұстайтындарын мәлімдеді.
1939 ж. 28 қыркүйекте «Достық және шекаралар» туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды. Бұл келісім екі мемлекеттің Польшаны ықпал аймағына бөлісуін бекітті және КСРО мен Германияның арасындағы жаңа шекараны белгіледі. 2 қазанда қорғаныс шайқастарын жүргізіп жатқан соңғы поляк бөлімдері берілді. Осылайша Польша мемлекеті 4-рет бөлініске түсті.