Барлығы – 45 сағат



бет1/4
Дата04.11.2016
өлшемі0,68 Mb.
  1   2   3   4
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін» Институт директоры

_______________

С.А. Маулетова

қолы аты-жөні

«__»__________ 2010ж.

«Мәдениет және өнер» институты

«Вокал және аспаптық өнер» кафедрасы

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

Вокалдық ансамбль

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – 3
Семестр –4

Кредит саны -1

Практикалық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) –15сағат

СӨЖ – 15 сағат

Барлығы – 45 сағат



Орал 2010 ж.


Пәннің оқу әдістемелік-кешені __Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының __ _Алматы-2003_________________________________

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
Құрастырушы(лар): Оқытушы Каженова Л.Ж.

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Келісілді: ОҮҰжОӘЖБ жетекшісі А.А.Какимова
Кафедра меңгерушісі: _Бабенко О.А. ________________

(аты-жөні) (қолы )


Мәдениет және өнер_институттың оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

_ 2010 ж. № хаттама




Мәдениет және өнер_институттың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы

С.С.Гусманов______________________________________ (аты-жөні) (қолы )



1. Пәннің оқу әдістемелік-кешені __Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының __ _Алматы-2003_________________________________

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
2.КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)
Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушының аты-жөні:Каженова Л.Ж..

Офис: «Вокал және аспаптық өнер» кафедрасы

Жұмыс мекен – жайы: Достық,162

Жұмыс телефоны: 51-27-39

E – mail:
Пән туралы мәлімет
Ансамбль

Семестр 15 аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 1 кредит сағат,әр кредит-бір байланыс сағаттан(практика) және студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі (2 кредит мысалында келтірілген):


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1 (1 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ ,СӨЖ

50 + 50 мин.

Байланыс сағаты 2 (2 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ ,СӨЖ

50 + 50 мин.

Кредит саны-1

Өту орны: № 4 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме: (2 кредитке)


Курс

Семестр

Кредит саны

Практика

лық сабақтар



ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

2

IV

1

15

15

15

45


Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат беріледі:

-пәннің мақсаты мен міндеттері,

-пререквизиттер (білім,дағдыларға негізделу үшін міндетті түрде алдын-ала оқылуы тиіс пәндер),

-постреквизиттер (пән соңында алатын білімі, дағдылар тізімі),

-оқыту әдістемесі.



Пән бойынша мағлұмат:Профессионалдық музыканың бұрын- соңды халқымызға белгісіз жанрлық түрлері, орындаушы коллективтер, вокалдық әншілік мектеп, хор айту мәдениеті, музыкатану саласы қалыптасты. Солардың бірі – вокалдық өнер яғни ән салу. Халқымыздың дәстүрі бойынша әнді домбыраның сүйемелдеуімен және сүйемелдеусіз жеке де немесе бірнеше кісі қосылып та орындаған. Әсіресе жеке ән салу мейлінше мол тараған. Халық арасынан шыққан табиғи дауысты талантты әншілер музыкалық оқу орнында ән өнерімен мақамданып, вокалдық пысықтау, жаттығу арқылы дауыс ауқымын кеңейтіп, әншілік үн күшін, регистрлік үн қатарын арттырады.

Курс мақсаты: Кәсіби орындаушылық шеберлік негіздерін тәжірибеде меңгеру. Шығарманың көркемдік деңгейін мазмұнын ашу. Дәстүрлі музыка өнерін кәсіби орындаушылық жоғары деңгейде меңгеру.Ұлттық білім бағдарламасының халықаралық дәрежеде танылуын қамтамасыз ету. Білім сапасын әлемдік дәрежеге көтеру. Студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыра алу және білімін жетілдіру қабілетін дамыту.

Курс міндеті: Әншінің жалпы музыка танымы аспапты игеру тәсілдерімен тығыз байланыста қатар дамып отыруы керек.Оқытушы сабақ барысында шәкіртінің ой-өрісі мен қабілетіне қарай ән өнерін жан-жақты талдап, тереңдете түсіндіріп отыруы тиіс.

Пререквизиттер: қарапайым музыка теориясы, сольфеджио

Оқыту әдістемесі: практикалық түрде шығармаларды аспапта көрсете білу.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар,түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.


Сабақ мазмұны мен кестесі
Сабақтың кез- келген түріне қолданылатын материалдардың тізімі мен атауы көрсетілген «техникалық оқу құралдары» (немесе демонстрациялық және қосалқы материалдар) деген бөлім енгізуге болады.

Мысал ретінде 1.2 бөліміндегідей аптасына 1 кредит- сағат көрсетілген.


1 апта

1 кредит сағат

1 практикалық сабақ



Тақырып ; Кіріспе сабақ.Абай «Көзімнің қарасы»

Практикалық сабақ мазмұны ;нақышы ,әдісі,орындалу ерекшелігі.

(қарастырылатын мәселелер)



Әдебиет;құрастырушы С.Өтебаева «Көзімнің қарасы»

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану,үнтаспа.

ОЖСӨЖ мазмұны :Әр ұлттың өзіндік болмысын ерекшелейтін тұстары салт – дәстүрі, тұрмыс – тіршілігі – осыған орай бедерленетін мәдениеті, өнері. Ұлы ойшылымыз Абай айтқандай дүниеге өлеңмен жер қойнына еніп, тал бесіктен, жер бесікке дейін әнге бөленіп, күйге тербеліп саналы ғұмыр кешкен дана халық. Ән – халықтың рухани байлығы, замана шежіресі, ұрпақтан ұрпаққа ауысып,жаңғырып дамып отыратын өміршең өнер, халықтың көркем тарихы, өмір айнасы.

СӨЖ мазмұны: оң қол мен сол қол қойылымымен жаттығу, қағыспен жаттығу, әнді орындап жаттығу. Студенттің денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шашырамауын қадағалау керек. құрастырушы С.Өтебаева «Көзімнің қарасы» 6-8 беттер.
2-апта

1- кредит сағат

2 практикалық сабақ



Тақырып: Сегіз серінің әні «Гауһартас»

Практикалық сабақ мазмұны : Ән кең тыныспен, даланың созылыңқы, маңғаз үнімен шырқалады. Осы бір аяулы әннің мүсінінде қаншама жұмсақтық, нәзіктік, құбылмалы-құлпырмалы шабыт бар! Бұл әннің төл бойында сымбатты үйлесім, оралымды, икемді ырғақ, жоғары талғамды орындаушылық мәдениет тоғысқан. «Гауһартас» әні өмір мен әсемдіктің байланысын түсінетін әрбір адамның рухани қажеттігін қанағаттандыра алады.

Әдебиет:М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» 22-23 беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Студентті үйрету бағытын анықтау – нота сауаты қолдан алу. Себебі есте сақтау , есту , таза дыбыс мәдениетін қалыптастыру , қабылдауы тез студенттерге қолдан үйренген тиімді. Бүгін үйренгенін келесіде ұмытып отырған студентке сан жүйесінен , нота сауатынан қолайлысы жоқ. Бірақ қысқа әуендерді, қарапайым қимыл, қағыстардан бұлармен де жеміске жетуге болады. Бастапқы сабақтарда үйге көп тапсырма берілмейді , кластағы сабақты да бірнеше бөліммен өткізген дұрыс. Арасында ән құрылымын сұрап, нота жазғызып , әр алуан бағытта, студентті демалғызып өзі ән орындап ойластырған ұстазға шексіз амалдар баршылық. Бір сабақты бірнеше бөлікке бөлу. Осындай шараларды іске асырғаннан кейін отырып әнді үйрену.

СӨЖ мазмұны: Ән шынайы жүрекпен айтылатын, адамның жанын , ішкі сезімін, ойын, қиялын баурап алатын ғажайып туынды. Шексіз еркіндік, кеңдік диапазонның әсем біркелкілігі - әнші дауысының ерекшілік айғағы болып табылады.Орындаушылық өнерге жаттығу. М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» 22-23 беттер.
ОЖСӨЖ

Тақырып :Алтай қазақтарының кәсіби ән өнері. Сұлубайдың әні «Сұлубай»

Практикалық сабақ мазмұны : Сұлубай Сапыұлы (1907 – 1994) ақынның шығармашылығында қазақ халқының кәсіби әнші – композиторларында ерекше орын алатын «автопортреттік» немесе «өзін-өзі таныстыру» әндері кездеседі. «Автопортрет» әндері бірқатаркәсіби халық әнші – композиторлардың шығармашылығында кездеседі. Мысалы, Біржанның «Біржан салы», Ғазиздың «Ғазиз ақыны», Шашубайдың « Ақ қайыңы», Майраның «Майрасы», Әсеттің «Қысметі», Мәдидің «Қарае\кесегі» өзін-өзі таныстыру тақырыбында шығарылған. Бұл дәстүр Алтай аймағының атақты әншісі Сұлубай шығармашылығында өз жалғастығын табады.

Әдебиет: Күйші Қ. Медетовтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары Алматы 2002 жыл. 231-234 беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Сұлубайдың әні «Сұлубай» әні, сондай-ақ, сол тұста бүкіл көтерілісші халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын, жан-күйзелісін, сағынышын бойына сыйдырған елдің рухани азығы.

3-апта

1-кредит сағат

3 практикалық сабақ



Тақырып: А. Жұбанов «Қарлығаш»

Практикалық сабақ мазмұны : Композитордың лирикалық бағытта жазылған ән творчествосының үлгісі есебінде «Қарлығаш» әнін атауға болады. Бұл ән бірден ел арасына кең тарап, халықтың сүйіп айтатын шығармасына айналды.Әннің халықтық негіздегі интонациялық байлығы мен поэтикалық әсемдігі бірден құлаққа жылы тиеді. Сондықтан да болар, кіршіксіз махаббатты баяндайтын бұл ән арада бірнеше ондаған жылдар өтсе де, бұрынғы күйіндегідей қабылданады.

Әдебиет: М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» 92-93 беттер.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Ескере кететін бір жай, композитор қашанда әннің буын санына, өлең мазмұнына өте ұқыптылықпен қарайды да, оның үнділік қасиетіне де үлкен мән береді.Композитор ән әуенін еркін де кең көлемде дамытып, тереңдете түсу үшін төрт жолдан тұратын он бір буынды өлең сөзінің екінші және төртінші жолдарынан кейін «Қарлығаш» деген сөзді қосып отырады. Осы арқылы композитор музыкалық образды байытумен қатар негізгі идеяны ұстап тұрған басты лептісөзді де ерекшелейді. «Қарлығаш» - адамның жан дүниесіне ерекше әсер ететін жұмсақ үнді лирикалы ән.

СӨЖ мазмұны:Әнге жаттығу. Жаттығуды әуелі дыбыссыз (ыңылмен) машықтанған тиімді.Әнді орындап жаттығу.Сол қол қойылымының дұрыс қалыппен орналасуын қадағалау,қол саусақ буындарының жеке-жеке сезініп дайындалу керек. Керек дыбысқа байланысты қозғалыс жүйесін қалыптастыру, таза дыбыстың күшін (қатты, жай) сезініп естуге талпыныс жасау. Дыбыс әуезіне (қоңыр,ашық) жұмыс. әр саусақ қойылымына жаттығулар (өткен тақырып) жасау. М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» 92-93 беттер.

4-апта

1- кредит сағат

4 практикалық сабақ



Тақырып: Б. Байқадамов «Ақ бидай»

Практикалық сабақ мазмұны : Б. Байқадамов - өзіндік ерекшелігі бар аса талантты композитор. Оның әндерінің тақырыбы мен көркемдік бейнелеу құралдары өте бай. Оның шығармаларында лирикалық, жігерлі әуен де, байсалды баяу саз да тасқынды, асқақ юмор сатиралық лебіз де бар. Композитордың творчестволық принципі – мейлінше халықтық. Ол қазақтың халық ән өнерінің ырғақ – нақыш әуендеріне сүйенді және оны кеңіне пайдаланды. «Ақ бидай» әні қазақтың халық әнін заман интонациясына сәйкестендіре пайдаланудың айқын мысалы, оның әуендік ырғағы халықтық фольклорлық дәстүрімен ұштасып жатады.

Әдебиет : М. Ахметова «Ән өнері және уақыт» 94- бет.

Техникалық оқу құралдары : оқулық пайдалану, күй - табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Композитор шығарма әуенін түрлендіре отырып варияциялық принципті пайдаланады. Мәселен, шумақтың соңғы екі жолын қайталағанда, алғашқы әуен (әннің бірінші бөліміндегі) басқаша жаңарады. «Ақ бидай» әніндегі музыкалық екпінді, эмоциялық әуен ерекшеліктерін талдау. Ән басынан аяғына дейін шабытты, өршіл ырғақпен безенген.Орындаушылық өнердің негізгі арқауы шығармаға табиғи берілу, дене қимылы, орындау шеберлігі, сезу, ойлау қабілеті өзара қатынастарынан тұрады. Осы қасиеттер орынды әсер бергенде, орындаушы деңгейі қақында сөз етуге болады. Автор тыңдаушы мен орындаушы арасынан өз ойын ұқса, керісінше орындаушы шығарма болмысын толық жеткізе алса – онда ол жоғары деңгейде болғаны. Себебі әр шығармада автордың өскен ортасы, заманы, стилі, ойы, әдістемелік қыр-сырлары, екпіні, ырғағы, музыкалық тілі сан-салалы екені даусыз. Орындаушы өзінен еш нәрсе қоспайды деу қате түсінік, кейде ол автор ойынан да үздік шығып жатады. Бұл автор ойын өз өн бойынан өткізе білгендігі, әдіс тәсілінің кең, білімінің тереңдігін көрсетеді, өзінше үн қосады, өзгеріс енгізеді, өз қолтаңбасын түсіреді. Орындаушылық деңгей осы қолтаңбамен өлшенеді. Ән өнерінде халық таныған орындаушыларға бас иген, бірнеше ұрпақ арқылы жеткендіктен шебер орындаушылар үлгісі биікте қала алған, слоай бола бермек.

СӨЖ мазмұны: .Әнді орындап жаттығу. Автордың ойын ыждағаттылықпен түсіне білу, әдіс тәсілін пайдалану. Орындаушылық деңгейге жаттығулар жасау. Орындаушылық өнердің негізгі арқауы шығармаға табиғи берілу, дене қимылы, орындау шеберлігі, сезу, ойлау қабілеті өзара қатынастарынан тұрады. Осы қасиеттер орынды әсер бергенде, орындаушы деңгейі қақында сөз етуге болады. Автордың ойын ұғыну.

ОЖСӨЖ

Тақырып :Абай «Айттым сәлем Қаламқас»

Практикалық сабақ мазмұны : Біздің дәуірімізде Абай әндері танымал композиторларымыздың симфониялық, опералық, кантата-ораториялық күрделі шығармаларына арқау болғаны аян, профессионалды музыканың дамуына ықпал етіп, түрлі дәрежеде мол пайдаланып келеді.Сондай-ақ Абай әндері қазақ музыка өнерінің үлкен бір саласы – вокалдық ансамблдің өрістеуіне де зор әсер етті. Маман композиторларымыз бұл салада да шығармаларына Абайдың ән мұрасын кеңінен пайдаланып келеді. Абай әндерінің стилін, саздылығын мұқият сақтай отырып, творчестволықпен дамытқан композиторлар әндердің ұтымды жерлерін өзіндік музыкалық ырғақ-нақыштармен жүйелі үндестіріп, вокалдық ансамблдің түрлі пластикалық ерекшеліктерін жарқыратып көрсетеді.

Әдебиет: құрастырушы С.Өтебаева «Көзімнің қарасы» Алматы «Өнер» 1995ж

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Абай өлеңдеріне жазылған музыкалық шығармаларды республика ән айту өнеріне қосылған үлкен үлес деп білуіміз керек. Елімізде жалпы ән өнерін игеріп, оны дамыту барысында белгілі композиторлардың әрқайсысының творчестволық өзіндік ерекшеліктері бар және олардың мамандылық қолтаңбасы қалыптасқандығы туралы. Көрнекті композиторлардың ұлы ақын өлеңдеріне жазған вокалдық ансмбль шығармалары да құрылымдық – композициялық күрделілігіне қарай орналастырылған.

5 апта

1 кредит сағат

5 практикалық сабақ



Тақырып : Халық ән «Япурай» өңдеген Б. Ерзакович

Практикалық сабақ мазмұны : Әннің мазмұнын және түрлер бірлестігінде дауыс-ырғақтық және сезімдік тұрғыда қабылдау. Әннің стильдік және жанрлық дауыс ырғақтық ерекшеліктері бойынша жұмыс жасау. Әнді тыңдатып болғаннан соң туындаған өзінің ойлары мен күйзелістерін, сезімдерін, ішкі толғанысына сипаттама жасау.

Әдебиет:құрастырған Б. Ғизатов «Халық әндері» Алматы – 1960жыл.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Әнді музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрету үшін бірден оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру, автордың ойын, әннің мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн. Ән мазмұнына байланысты орындау әдістерін талдау, дамыту деген сөз. Сабақта жаңа әнді үйренгенде оны бөлшектеу қателікке соқтырады. Тұтас басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет, ал оның орындау әдістерін, қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.Осылайша қолға алынса ғана әнді белгілі бір мезгілде үйреніп меңгеруге болады. Әрбір әннің техникалық қиын жерлері кездеседі.Мұндай жағдайда ұстаз шәкіртке осы іспеттес жаттығулар береді. Бұл жаттығулар әннің қиын жерлерін игеруге көмегін тигізетіндей болғаны абзал.

СӨЖ мазмұны: әнмен танысу, әнде кездесетін әдіс-амалдарды меңгеру, әннің көркемдік мәнін ашу.Әннің музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрену үшін оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеруге жаттығу. Автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн. Шығарма мазмұнына байланысты орындау әдістерін талдау,дамытуға көңіл бөлу керек. Сабақта үйренген нәрселерін еске сақтап қайталап пысықтау. Шығарманы тұтастай басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау қажет. Оның орындау әдістерін, қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.Осылайша қолға алынса ғана әнді белгілі бір мезгілде үйреніп меңгеруге болады.

6-апта

1-кредит сағат

6 практикалық сабақ



Тақырып :өңдеген Б. Байқадамов халық әні «Назқоңыр»

Практикалық сабақ мазмұны :

Міндетті түрде шығарма жөнінде мағлұмат беру. Яғни шығарманың жанры, стилі, композитор қақында түсініктеме; өмірі, өмір сүрген уақыты шығарманың қағидасы. Шығарманың қиын тұстарына алдын-ала жаттығулар, жай екпінде нотадан оқу керек. Нотадан оқығанда, көзбен жобалау, алыс перне аралықты тұстарын анықтап алу, динамикалық жобаларын анықтау, саусақ кестесі мен қағыс қарымын жобалау керек. Сабақ өту барысында бірден практикалық жүйеде іске асырылады.



Әдебиет: құрастырған Б. Ғизатов «Халық әндері» Алматы – 1960жыл.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Әннің мазмұнын ауызша сипаттау. Әнді тыңдау және стильдік белгілеріне, әуендік – тақырыптық ерекшеліктеріне мән беру.Музыкалық- көркемдік бағытты игеруге жаттығулар қолдану.Әнді мәнерлеп орындап шығу. Әннің үзіндісін тыңдату арқылы әннің сөз орамынының аяқталуымен сәйкес келуіне назар аудару.

СӨЖ мазмұны: Жанр мен стильді, алғашқы сарындынемесе сөз орамына жаттығу.Әннің сарынына немесе сөз орамдарына импровизациялау. Әуеннің қозғалыс барысын ажырату, дыбыстардың ұзақтығын, күшін сезіну.\ге дағдыланып жаттығу. Әнді көп дауыста және екі дауыста орындау. Әннің нашар қайталанатын тұстарымен жұмыс жасау,яғни бірнеше рет жаттығу және түрлі тәсілдерді пайдаланып қолдану.
ОЖСӨЖ

Тақырып : Ә. Молдағайынов «Ақ мама»

Практикалық сабақ мазмұны : Әннің әунедерін үйрету алдында оның мәтіні, әрбір сөзі түсінікті екендігіне көз жеткізу керек. Алғашқы сөз орамынан келесіге өтуде, әр сөз орамындағы ансамблмен ән айту тапсырмаларының негіздерін бағындырғанда барып жүзеге асыруға талпыну.Тыныс алу, мақам, дыбыстау және т.б.тәсілдерге жаттығуларын орындау

Әдебиет: Ә. Молдағайынов, Ж. Рахимова «Уроки музыки и пения» Алматы-2007ж., 187-бет.

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Әнмен танысу, әнде кездесетін әдіс-амалдарды меңгеру, әннің көркемдік мәнін ашу.Әннің музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрену үшін оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеруге жаттығу.Әнде кездесетін қиын жерлер мен қателіктерге мән беру және оны болдырмаудың маңызы зор екендігін жете түсіну. Мәселен, қиын жерлерді бірге, соңынан өзі бірнеше мәрте орындау арқылы. Тесситура бойынша тым жоғарғы немесе төмен үзінділерді тиімді үндестілікке таңдай отырып, әуенді игеру деңгейіне сай біртіндеп бұрынғы үндестілікке оралу түрінде «көшіре» жаттау пайдалы.

7- апта

1 кредит сағат

7 практикалық сабақ



Тақырып : Естай «Құсни – Қорлан»

Практикалық сабақ мазмұны : Әнді жаттау кезінде, әуеннің дұрыс орындалуын мұқият қадағалау міндетін атқара отырып, бірнеше рет орындау.Қателіктер көрініс бере қалған жағдайда оларды дереу түзету қажет.Әнді жаттаудың шапшаңдығы мен реттілігінің оны игеру үшін қисынды болуын қадағалап отыру.Әнді мәнерлі түрде орынау, содан кейін мақамдық дәлсіздіктерін жөндей отырып, әннің шапшаңдығы менсипатына сай сөз орамдары бойынша бірге оқу.

Әдебиет: құрастырған Б. Қабылбаев «Әсем әуендер»Алматы «Өнер» 1991 ж.34-бет

Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны : Әннің бірінші бөлігін жаттап орындау.Бұл жағдайда сауатты тыныс алу мен тежеуді, дұрыс қайталаулар мен мақамдарды мұқият қадағалау. Әнді жаттау мен орындаудың бүкіл үрдісін жұмыстардың әрқилы тәсілдері мен әдістерін құрастыру.Әнді жаттау үрдісі негізінен өнімді әдістің – осы туындының әр сөз орамын қалай айту және қалай айтпау керектігін тұрақты көрсетіп тұру.

СӨЖ мазмұны: Жүктелген тапсырмаларды орындау. Дауыс ырғақтарын музыкалық дауыс ырғақтарына мейлінше жақындатуға жаттығу. Сөз орамдарын ынталы әрі ұқыпты қайталау әнді жаттаудағы негізгі тәсілдердің бірі болып саналатынын ұмытпау.Әнді ерекше мәнерлі әрі шынайы дыбысталуына жаттығу. Әнде кездесетін қиын жерлер мен қателіктерге мән беру және оны болдырмаудың маңызы зор екендігін жете түсіну. Мәселен, қиын жерлерді бірге, соңынан өзі бірнеше мәрте орындау арқылы.
8-апта

1-кредит сағат

8 практикалық сабақ



Тақырып :С.Мұхамеджанов Абайдың өлеңіне арналған романс «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»

Практикалық сабақ мазмұны: Вокалдық саланың бірі – романс.Романс – аспап сүйемелімен жеке дауыста орындалатын лирикалық ән. Романс – поэзия мен терең сазды, бейнелі әуен үндестігінен туған өзіндік стилі, музыкалық көркемдік шиеленісі, формалық музыкалық драматургиялық ерекшелігі бар, түрлі мазмұнмен дараланатын жаңа жанр. Негізсіз өнер тумайды. Осы тұрғыда халқымыздың ән өнерінде европалық романс нұсқасынан кем түспейтін әндер бар. Сондықтан да көркем романс жанры халқымызға жат емес. Жанрдың ұлттық алғашқы нұсқалары Мұқан Төлебаев творчествосымен байланысты. Оның «Май кеші», С. Торайғыровтың поэзиясына жазылған «Қамар», «Көп жүрдім шыдайын деп...» романстары, «Кестелі орамал», «Тос мені, тос» романстары – сонау отызыншы – қырқыншы жылдары жазылған туындылар.Көп ұзамай романс тағдыры Абай поэзиясымен ұштасты. С. Мұхамеджанов Абай поэзиясына жиырмадан астам ән – романстар жазылды. Олардың ішінде «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл», тағы басқа да көптеген үлгілері халық музыкасына айналды.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат
dmdocuments -> Саз құралдары (пәннің атауы) Пәннің оқу-әдістемелік кешені


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу