Негізгі түсініктер:
Соғыста Үштік Одақтың талқандалуы нәтижесінде Африка мен Таяу Шығыстағы герман және түрік отарларын Ұлыбритания иемденіп алды. Ұлыбританияның халықаралық беделі де күшейе түсті. Алайда соғыстан Англия елеулі шығындармен шықты. Ұлттық байлығының 1/3 –нен айырылды. Сауда флотының 40 пайызы суға батып кетті. Англияның шетелдерге қарызы өсті, осы қарыздардың көбін АҚШ-тан алды. Сөйтіп, Англия дүниежүзілік финанстық орталық болудан қалды.
Дағдарыстың алғашқы белгілері Англияда 1930 ж. басында пайда болды, ал ең тереңдеген кезі 1932 жыл болды. Осы жылдарда өнеркәсіп өнімі 23 % -ға қысқарды. Соның ішінде, металлургия, көмір өндіру, кеме жасау салалары, ауыл шаруашылығы және сыртқы сауда ерекше күйзеліске ұшырады. Өндірістің қысқаруы салдарынан жұмыссыздық күрт өсті. 1932 ж. әрбір төртінші жұмысшы жұмыссыз қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |