Абулкасова Д. Б



бет3/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,18 Mb.
#13082
1   2   3   4   5   6   7   8

ГЛОССАРИЙ

Философия пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Абсолют

Абсолют

absolute

Альтернатива

Альтернатива

alternative

Құдай

Бог

God

Буддизм

Буддизм

Buddhism

Тұрмыс

Быт

existence

Болмыс

Бытие




Мәңгі шындық

Вечная истина

eternity true

Мәңгілік

Вечность

eternity

Зат

Вещь

thing

Елестету

Воображение

imagination

Қабылдау

Восприятие




Мемлекет

Государство

county, state

Идеализм

Идеализм

idealism

Индуизм

Индуизм

hinduism

Диалектика

Диалектика

dialectics

Мейірімділік пен зұлымдық

Добро и зло

kind and bad

Догматизм

Догматизм

dogmatism

Өмір

Жизнь

life

Ақиқат

Истина

true

Идеология

Идеология

ideology

Категория

Категория

cathegory

Католицизм

Католицизм

catholicism

Концептуализм

Концептуализм

conceptualism

Ақиқаттың көрсеткіші

Критерий истины

criterium of true

Ғылыми танымның логикасы

Логика научного познания

logic of scientific

Қатынастар логикасы

Логика отношений

logic of relations

Логистика

Логистика

logistics

Материализм

Материализм

materialism

Дүниеге көзқарас

Мировоззрение

outlook

Монада

Монада

monada

Монизм

Монизм

monism

Адамгершілік

Мораль

Moralis

Ойлау

Мышление

thinking

Халық

Народ

people

Ұлт

Нация

nation

Өмір салты

Образ жизни




5.Дәрістердің кешені

1 апта

Кредит саны-2

Дәріс №1 Тақырыбы: Философия пәні және міндеттері.

Дәріс № 2 Тақырыбы: Философиялық танымның өзіндік ерекшелігі.

Дәріс мазмұны: Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері.Дүниеге көзқарастың тарихи түрлері: миф, дін,философия. Философияның негізгі мәселесі және оның шешімі.

Дәріс мақсаты: Философия пайда болған кезден бастап адамзаттың дүниетанымдық көзқарасының өткен тарихи сатыларын анықтау.

Тірек сөздер: архаикалық, иллюзиялық, рационалдық.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. Философияның рухани қайнар көздері және мәдени-тарихи алғышарттары.

  2. Философия дамуының негізгі сатылары және бағыттары.

Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады. Философия пайда болған кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзінің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болып табылады. Адамзат ойының дамуы архаикалық, фантастикалық, иллюзиялық көзқарастан оның рационалдық – танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірілуіне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық математиктер мен астрономдар әлемнің гелиоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қалады, квадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді. Философия көзқарастың тарихи қалыптасу негізіндегі адамның өзіндік санасының нәтижесіндегі әлемнің түсінуінің түрі. Сондықтан философия пәнінің сан алуан талдаудың негізінде негізгі міндеттерді шешу қажет. Әсіресе қазіргі заманда философиялық сана біздің көзқарасымыздың негізгі бағдарына айналуға тиіс.

Сұлба 1.

Философияның негізгі кезеңдері





Аңыз




Алғашқы қауымдық құрылыстағы мәдениет және Көне Заман өркениеті







Философияға дейінгі сипат




Грекия

Египет

Месопотамия

Иудея

Қытай

Үндістан







Аңыз




Грекия

Қытай

Үндістан

Сұлба 2.

Философия дамуының негізгі кезеңдері.

Б.э.д. І мыңжылдық -476жылдар аралығындағы көне дәуір





476 ж. ХІҮортағасыр дәуірі.





ХІҮ-ХҮІІ ғ.ғ. аралығындағы Қайта Өрлеу дәуірі





XVII – XХI ғ.ғ. аралығындағы Жаңа Заман дәуірі.

XVII ғ. – 1688 ж. Жаңа Заман дәуірінің басы.

1688 – 1789 ж.ж. Ағарту дәуірі.

1770-1850 ж.ж.Неміс классикалық философиясы.

XIХ – ХХI ғ.ғ. Қазіргі Заман философиясы

Сұлба 3.

Философияның негізгі бөлімдері.
Философиялық пәндер




Логика







Этика







Эстетика







Ғылыми методология




Философлық ғылымдар ( математиканың философиялық мәселелері. Астрономия, физика, биология т.б..)




философлық антропология







Философиялық мәдениет







Тарих филсофиясы







Құқық философиясы







Дін философиясы





Сұлба 4 .

Философиялық ілімдердің сандық бастамасы.







Онтологияның негізгі ағымдары:



Монизм – болмыстың тек жалғыз бір бастамасы туралы философиялық ілім.

Дуализм – болмыстың екі (материалдық және идеалдық) бастамасы туралы ілім.

Плюрализм – болмыстың екіден көп бастамасын мойындайтын философиялық ілім.

Онтологиядағы, танымдағы және әлеуметтік философиядағы «монизм», «дуализм», «плюрализм» терминдері.



Онтологиядағы

Алғашқы бастамалық болмыстың сандық сипаты.

Танымдағы

Танымның қайнар негізі мен сандық сипаты.

Әлеуметтік философиядағы

Жетекші саяси күштердің және әлеуметтік факторлардың сандық сипаты.

Сұлба 5.

Философиялық ілімдердің саралануының (классификациясының) алғашқы сапалық бастамасы.

Материализм




Идеализм


Объективтік идеализм

Субъективтік идеализм

(Көрсетілген белгі ілімдердің өзара сәйкеспейтіндігін сипаттайды)



Тірек сөздер:

Материализм - болмыстың бастамасы ретінде материяны (табиғатты) мойындайтын философиялық ағым.

Идеализм – болмыстың бастамасы ретінде әлде бір идеалдық мәнді (абсоюттік рух, т.б.) мойындайтын ағым.

Объективті идеализм – болмыстың бастамасы ретінде әлде бір адам санасына бағынбайтын, тысқары әлде бір идеалдық (Құдай, Абсолют, Әлемдік ақыл, т.б.) мойындайтын философиялық ілім.

Субъективті идеализм – болмыстың бастамасы ретінде адам санасы мен «мендігін» мойындайтын философиялық ағым.

Апта 2. Шығыс мәдениетіндегі философия феномені.

Кредит саны- 2

Дәріс № 1. Көне Үнді және Қытай философиясы.

Дәріс № 2. Негізгі бағыттар мен философиялық мектептер.

Мақсаты: Көне Грек философиясының экзистенциалдық бағытын ашу. Қытай философиясының әлеуметтік мазмұнынын сипаттау.

Көне Үнді филсофиясы.

Көне Үнді философиясы өте ерте замандағы аңыздық сана жүйесінен басталды. Сондықтан оның қалыптасу сатысында тарихи жаратылыстық аңыздан діни философияға ұласуы, оның негізгі категорияларын талдау негізінде тарихи мұрагерлігін түсіндіреді. Негізгі Көне Үнді философиясының мазмұндарын түсіндіріп, соның негізінде алғашқы рухани мәдениеттің мәнін ашып, философияның көзқарастық қайнарға ұласуын көрсету. Бұл жағдайда Көне Үнді философиясының сан алуан міндеттерді атқаратын этикалық мәнін ашуға болады.



Ведалар.

Атауы

Негізгі мазмұны

Ригведа

1017 гимннен (самхит) тұратын веда құдайларына жолдауы.

Самоведа

Ригведалар (құрбан шалу кезіндегі) гимндердің дұрыс жүзеге асырылуы.

Яджурведа

Ригведалардың (құрбан шалу кезіндегі) гимндерді дұрыс айтылуының жүзеге асырылуы.

Атхарваведа

Құдайларға, демондарға, рухтарға жалбарыну нәтижесінде дуалауды жүзеге асыру, дуалардың жиынтығы.

Тірек сөздер:

Пуруша – Хаостан туған, аңыз негізіндегі ең алғашқы адам.

Рита – әлде бір космостық тәртіптердің, заң мен заттардың заңдық, жүйелік әрекетінің жүзеге асуы.

Сансара – дәлме-дәл аударсақ, қайта туудың жүзеге асуы, адамның қайта оралуы.

Карма – бұл адамдар тағдырының себептік-заңдық негіздері және белгілі уақыттан кейін құбылыстарының қайта туу құбылыстарының күштік көрінісі.

Чарвака



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет