«Жасық материализм» - шаманшылдықтардың «жалпы табиғатты» құрметтеуі.
Ғылым мақсаты – ақиқатқа жету.
Апта 11. ХХ ғ. Батыс философиясы.
Мақсаты: қазіргі заманғы философияның дәстүрлі философиялық мәселелерге көзқарасы. Кредит саны- 2
Дәріс №1. ХХ ғ. Батыс Европа философиясының мәні мен мағыналық бағдарламасы.
Дәріс №2. Позитивизм, оның тарихи түрлері.Экзистенциализм. Герменевтика.
19 ғ. соңы мен 20 ғ. басындағы Батыс Европа философиясы жеке философиялық ағымдар мен мектептер жиынтығы болып табылады. Осы ілімдер өзара ұқсас болып келетін негіздерге сүйенеді, яғни идеализм мен оның модификациялары иррационализм, субъективизм, аналитикалық философия, ғылым философиясына айналады.
20-шы ғасыр дүниенің қанағаттанарлық ғылыми бейнесін іздеумен өтті. Өйткені ғылымның жедел дамуы әртүрлі ғылым салаларында парадигмалар ауысуына әкелді. Сонымен бірге ғылыми-техникалық прогресс өмірдің көтеген салаларында дағдарыстар тудырды. Әлеуметтік қатынастарда еңбек пен капитал арасындағы антагонизм күшейді, ол орасан зор бұқараны қамтыды, капиталға тиісті қайшылықтар елдер арасына жайылды. Осындай күрделі уақытта философия әртүрлі тәсілдермен осы процесстерді түсіндіру жодлдарын іздеді, немесе олардың ақиқатын – капиталистік жүйенің антагонизмдерін бүркемелеуге тырысты.
ХХғ. І жартысында адам мәселесінде Батыс философиясында түбегейлі жаңа бағыт антропология қалыптасты. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. басында бұрыңғы философияның бұл саладағы даму бағыттарына С.Кьеркегор, Ф.Ницше и А.Шопенгауэр үлес қосты. Осы ғұламалардың жасампаздығы нәтижесінде неміс классикалық философиясы түбегейлі өзгерді. Әлем рационалдық жалғыз жүйе емес, ғылымдағы прогресс адамзат қауымына бұрын қалыптаспаған жаңа жағдайды әкелу мүмкіндігі сипатталды. Тарих иррационалдық, ал таным аристократтық мағынада болды. Барлық әлемге сәйкес келетін бір көзқарас жасау утопиялық сипатта, адам болмысын көрсете алмады. Сондықтан философиялық қайнар негізіне адам мәселесін қойды.
Қазіргі замандағы Батыс философиялық ойлаудың негізгі бағыттары сцентизм, антропологизм, кейде діни мистикалық философияға оралу. ХХғ. философиясы классикалық философияның жаңа идеялармен байытты.
Жеке адамның санасы мен зердесі, мемлекет пен партияның авторитаризмнің т.б. ықпалына ұшырады. Сөйтіп, классикалық (батыс философиясының оптимистік идеялары постиндустриялық қоғамның идеяларында жалғасады). Бұрын болмаған биологиядағы клонирования т.б. жетістіктер адам санасына, тәртібіне ықпалын тигізіп, бақылауға алынды. ХХ ғасырдағы Шетел философиясы.
Классикалық философия әлем мен адам туралы тұтас ілім жасауға тырысқан болса, ал қлассикалық емес және постклассикалық философия ілімнің жаңа әртүрлі бағыттары мен мектептерін қалыптастырды. ХХғ. 90жылдарында философияның жаңа ілімдері позитивизм, прагматизм, экзистенциализм, неотомизм, психоанализ т.б. дүниеге келді.
Позитивизм. Негізін салушы О.Конт. Ол адамзат тарихының қалыптасу кезеңдерін теологиялық, метафизикалық, позитивтік деп үшке бөлді. Позитивтік кезең бұл адамдардың әлемдегі барлық құбылыстары мен құдай идеялары мен зерде нәтижесінде емес, тек тәжірибе (эксперимент) негізіндегі ғылым арқылы түсіндіруі жүзеге асыруы. Факторлар, эксперимент, тәжірибелер жаңа философияның қортында негіхіне айналады. әрбір ғылым өз алдына философия. Сондықтан олардың принциптері мен негіздерін зердеде қағидалар арқылы түсінідіру қажет емес. Позитивизм философияның бекерге шығаруының жүзеге асуы. Бұны Э.Матыңа, Р.Авенариустың, Б.Расселдың, Р.Карнаптың еңбектерінде кездестіреміз.
Позитивизм өзінің дамуында логикалық позитивизм (логика ғылымын зерттеу) семантикалық позитивизм тілдің ғылыми зерттелуі болып бөлінеді.
Прагматизм. Негізін салушы И.Бентам, көрнекті прагматизм өкілдері У.Джемс, Д.Дюн, С.Хук, Ч.Пирс т.б. Ақиқаттың қағидаларын практикалық дәлелденумен құндылыққа айналу сипатында талдау жасайды. Сондықтан әрбір адамның пайдалану құндылығы өзінше сипатталады. Сондықтан прагматизмнің негізгі қағидасы ақиқаттың плюрализмі.
Психоанализ. ХХғ. таралған философиялық ағымдардың бірі, негізін салған З.Фрейд, ары қарай дамытқан: К.Г.Юнг, А.Адлер,К.Хорни және неофрейдистер В.Райх, Г.Маркузе, Э.Фромм, постмодерның өкілдері.
Фрейд адам санасындағы саналылықтың ар жағындағы санысыздық құбылысын ашып, адам қызметіндегі шешуші орын бейнеледі. Сөйтіп, адамның әртүрлі жағдайдағы санасының жаңа қабатын ашып берді.
Экзистенциализм. ХХғ. 30-40 ж.ж. аралығында қалыптасқан философиялық ағым. Негізін салушы С.Кьеркегор. Ол классикалық рационализм философиясына қарсы болып, жеке даралықтың зердеге бағынуын сынады.
Ең терең ақиқаттар логикада танылады. Әрбір адамның ішкі жан күйзелісінен дүниеге келеді. Философиялық талдау дегеніміз әрбір адамның мәнінің шексіздіктегі жалпы заңдар мен заңдылықтар негізіндегі мәндік бейнеленуі. Оның көрнекті өкілдері:: Ж.Сартр, К.Ясперс, А.Камю, М.Хайдеггер.
Неотомизм. Ортағасырылық схоласт Ф.Аквинский философиясының жаңа дәуірдегі ресми философиясының қалануы. Оның көрнекті өкілі Ж.Маритен, О.Гассет, т.б. Неотомизмнің негізгі идеясы құдай болмысын ғылым мен философия негізінде заманға сәйкес негіздеуі. Сөйтіп, ғылымның жаңа жетістіктері пайдаланылады да соның нәтижесінде дінді модерназациялық өзгеріске ұшыратады.
Апта 12 Болмыс философиясы.
Мақсаты: Болмыс категорияларын және философиялық болмыстың мәні мен мазмұндарын қарау.
Кредит саны-2
Дәріс№1.Философиялық болмыс ұғымы. Болмыстың категориясының ерекшелігі, мәні, негізгі түрлері. Субстанция мен материяның философиялық категория ретінде бейнеленуі. Дәріс №2. Материяның өмір сүру түрлері және көріністері. Болмыс материясының әдістік түрлері. Диалектиканың негізгі принциптері және заңдары.
Болмыс. Тарихтағы болмыс мәселелрі.
Болмыс мәселесі -онтологияның негізгі мәселесінің бірі. Болмыс ұғымы- философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі. Ол жалпылай алғанда «бар болу», «өмір сүру» проблемасын қамтиды. «Болмыс» түсінігінің арғы түбірінде «болу», «бар болу» деген мағынаның жатқаның аңғару қиын емес. Бұл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.
Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б. э. дейінгі Ү-ҮІІ ғ.ғ. ) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз- бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемінің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы, бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.
Сондықтан антикалық көне Үндістан мен Қытай философияларында болмысты түіну талпыныстары болды. Болмыстың негізгі құбылыстық бейнеленуі. Материалдық болмыс табиғат құбылыстары, адамның еңбегімен жасалған заттар дүниесі. Сондықтан адамның болмыстық мәндік, материалдық руханилығы бір тұтас ұғымға айналады. Адамдардың тарихы екі жағдайдың алдында тұрды.Біріншіден, болмыстың барлығын мойындау немесе абсолюттің көмегімен философиялық болмыс пен еркіндікті талдаудың көрінісіне айналдыру.
Философия адамның мәнін мәңгілік, абсолюттік пен құдайға бағындырады.Сөйтіп, адам өз тарихы мен өмірін иесіне айнала алмайды. Әрине, болмыстың мәні адам өмірінің мәнімен ұштасып жатады.
Христиандық философияда болмыстың мәні Құдай еркі мен даналығына байланысты бәрін ұйымдастырдаы. Құдай жеке адамдардың өмірінде өз еріктерімен бас тартып, барлық мүдде-мақсатты жоғарыдағы құдыретке беруге тиісті. Ал Жаңа Заман дәуірінде адамдар Құдайдың бұл қасиеттерін мойындамайды да, өз өмірлерінің ұйымдастырушы құдыретіне айналады. Сөйтіп, нағыз болмыс өзгерген әлем, құқық пайда болды. Философиялық болмыс мәселесі адамға назар аударылады да болмыс субъективтік сипатқа ие болады.
Болмыстың жалпы заңдылықтары.
Расталған болмыс – қарама-қайшылық құбылыстардың қарама-қайшылығымен өзара қатынастарымен даму дәрежесінде қалыптасады. Бұны антика заманының ойшылдары қарама-қарсылық күресінің бірлік заңдылық есебінде сипаттады. Нақтылы құбылыстарда болмыста тұтастығымен қатар ішкі қайшылық жақтары, ескі мен жаңа, тұрақтылық пен өзгеріс, мән мен құбылыс, тәртіп пен шым-шытырық (хаос) бәрі бар.
Бұны ашу үшін философияда түсінік ұғымдары қалыптасқан: диалектика қағидалары, диалектика заңдары, диалектика категорияларының қайшылық сипаты.
Диалектканың қағидалары болмыстың жалпы заңдылықтары негізінде әлемді зерттеу мүмкіндігін бейнелейді.Диалектика принциптеріне: болмыстың даму қағидалары әлемнің кез-келген уақытындағы жағдайлар мен өзгерістер, тұрақтылықтар негізінде қарапайымдылықтан күрделенуге өтуі.Өзара қатынас қағидасы бүкіл әлемді байланыспен олардың локальды құрамдас бөліктерінің өзара қатынасында бейнелейді. Жүйелік қағидасы- бұл заттардың ішкі ұйымдасқан құрылымдық және құбылыстардың саралануының бейнеленуі.Детерминизм объектілердіңдамуының және мәндерінің себептілік-салдарлық байланыстарының бейнеленуі. Диалектиканың барлық заңдарда құбылыстардың барлық қатынастары бейнеленеді. Жалпы ғылымдар жалпы заңдылықтардың өзіндік зерттелу салаларында заңдылықтарды бейнелейді. Қарама-қарсылық бірлік заңы табиғаттағы бүтіндіктің ішкі бастама қайшылығыен қарама-қарсы күресінен тұрады. Сандық-сапалық заңы белгілі жағдайдағы сандық міндеттілікті ашады. Бұл кезде сапа шексіз өзгере беруі мүмкін емес. Белгілі өзгерісте өлшем қалыптасады.(Бұл жаңа зат). Құрылым мен элемент түсінігі әрбір боллмыстың объективтік жүйесін береді. Жүйе тұтастықтың бірлігі, ал құрылым элементтердің өзара қатынастарының жалпы жиынтығы. Қажеттілік кездейсоқтық категориясы табиғаттағы процестердегі жалпы заңдылықты белгілейді. Кез-келгенжалпы заңдылықта ауытқу заңдылығ болады .Ол кездейсоқтылықтың қажеттігін бейнелейді. Мазмұн мен түр категориясы болмыстың, құбылыстың, заттардың ішкі даму заңдылығы (мазмұны) мен өмір сүру әдісінің ұйымдасу көрінісін ашады (түрі).
Орыс философиясы мен постмодерндегі болмыс.
Орыс философтары батыс европалық дәстүрдегі болмыс ұғымымен келіспейді.Субъективті болмыс Құдайдың өкіметінің ерекшелігінің ауысуы есебінде қаралады да, бірінші орынға адамның мүдделері мен тілектері қойылады. Орыс діни философы және психологы С.Л. Франк (1877-1950) жаңа европалық болмыстың адамдық мәні жеке дара ойлау санасы яғни сананың көрсеткіштері есебінде сипатталады. Сондықтан өз өмірлерін болмыстың көрінісі емес, басқа сипатында қабылдайды, бұл болмысқа сәйкес келмейді. Декарт ілімінде шартсыз болмыс орнына мендік болмыс қойылды. Бұны Франк философиялық теориялық сананың кемшілік деңгейінде қарады.
Орыс діни философиясы абсолюттік алғашқы болмысты мойындады.
Материя
Материя ұғымы-дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын матералистік дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым матералистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.
Ертедегі грек ойшылдары табиғат құбылыстарының құпияларын ұғынуға талпына отырып, дүниенің бір негізі, түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция (лат.- түп негіз, қайнар) мән деген сөзден шыққан деді. Субстанция алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп қаралды. Түрлі заттар құбылыстар мен процестер пайда болып немесе белгілі бір уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін, болмысын өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады.
Ежелгі матералистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара-пар деп санады. Ежелгі грек философиясындағы барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алды. Мәселен, Фалес үшін ол – су, Анаксимен үшін – ауа, Гераклит үшін-от. Дүние негізі төрт заттан –судан, ауадан, топырақ пен оттан тұрады, материя дегеніміз- осы деген ұғымда кең таралған болатын. Матерализмнің негізгі принциптері Демокриттің атом туралы ілімінде тереңірек қарастырылады. Оның пікірлерін кейіннен Эпикур мен Тит Лукреций Кар дамытты.Бұл ілім бойынша әлемдегі барлық заттар мен дүниелер атомнан құралады. Атом-пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін, кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын , бөлінбейтін ең кішкене бөлшек.
Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс- материяның ажырамас , мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Қозғалыс дегеніміз- кез-келген өзара әсер, өзара байланыс, кез- келген бөлігі.
Тірек сөздер:
Натурфилософия (латын сөзі nature - табиғат) – бұл табиғат пен табиғи құбылыстарды ақыл-ой негізінде түсіндіру, әлемнің бір бағытын ашуы.
Онтология (грек сөзі ontos – мәні и logos - түсінігі) – логикалық, танымдық, методологиялық мәселелерді ашу ретінде философиялық ілім.
Диалектикалық матерализмнің натурфилософия мен пантеизмнен айырмашылығы руханилық, құдайлық мазмұнды жоққа шығарады. Материя – жалғыз ғана, бір ғана От, Су, Ауа, Жер, Атомдар т.б. ұғымдармен шектелмейді. Классикалық диалектикалық материализмнің мәні В.И.Лениннің еңбектерінде бейнеленген. Материя категориясы реалдық шындықты адамның сенімдері арқылы бейнеленуін бірақ, оған бағынышсыз өмір сүруін ашады.
Субстанция (латын сөзі substantia – мән, қайнар ) – философлық категория сан алуан құбылыстармен нақтылы заттардың, процестердің ішкі даму заңдылығының тұтастығы мен мәндік мәнін ашады.Әлемнің алғашқы мәні бір субстанциядан тұрады деген ілімді монизм, ал материалдық бастама алынатын болса материалистік монизм деп атаймыз, егер ең алғашқы субстанция есебінде рух, ой алынса идеалистік монизм деп аталады. Егер екі көп бастамадан тұрса, яғни материалдық-рухани оны дуализм (латын сөзі – екілік) деп атаймыз.
Тірек сөздер:
Қозғалыс – материяның атрибуты. Қозғалыс түсінігі мен сандық сапалық барлық өзгерістерді аламыз.
Уақыт және кеңістік – материяның болмыстық түрі. Сан алуан материялық объектілер кеңістік пен уақытта қозғалыс түрлерін бейнелейді.
Апта 13. Танымның: жалпы мәселелері.
Мақсаты: өзара қатынас пен дамудағы танымның қайнар негіздерінің белсенді мақсаттық таным сипаттарын ашу.
Кредит саны- 2
Дәріс №1. Таным философияның пәні ретінде. Таным негізгі түсініктері, мәселелері. Сезім және рационалдық танымның түрлері, ерекшеліктері.
Дәріс №2. Таным мәселелері философиялық білімнің негізгі құрамдас бөлігі.
Дүниетану деген не,оның негізгі формалары қандай, білмеуден білімге, ақиқат деген не және оған жетудің жолдары қандай , ақиқаттың критерийі не бұлардың және бұлардан басқа да көптеген философияның мәселесі таным теориясы және гносеология қарастырады.
Таным теориясының мәселесі философиямен бірге пайда болды. Таным процесінің атаған мәселелерімен айнасы ел бастаған ертедегі грек философы Демокрит, Платон , Аристотель және басқалары болды. Кейіннен бұл мәселелермен айналысқандар: Бэкон, Р. Декарт, Юж Локк, Б. Спиноза, Г. Лейбниц, И. Кант, Д.Дидро, Гегель , Герцен т.б.
Таным проблемасы – философия мазмұнында түбегейлі орын алатын үлкен мәнді иеленетін материализм мен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің арқауына айналған проблема. Оның басты есебі – танымның қайшылыққа толы күрделі процесі екендігінде.Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді,адамның заттар мен құбылыстар туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Скептицизм (күмәнданушылық) деп атауға болады, ал XIX ғасырдан бері агностицизм деп атай бастады, яғни дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығарады. Ақиқат - танымның негізгі мақсаты. Ақиқат дегеніміз – біліміміздің бізден тысқары тұрған обьектіге сай келуі оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі.
Диалектикалық материалзимнің таным теориясының метафизикалық материализмнің таным теориясынан ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі,екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы. Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді.
Тірек сөздер:
Адам – бұл оның ерекше, жансыз заттар мен өсімдіктер жан-жануарлардан түбегейлі ерекше айырмашылығының сипаты.
Тұлға – бұл адамның жеке өзіндік қайталанбас, әртүрлі қасиеттермен бейнеленуі.
Жеке адам – бұл қоғамдық қатынастардың жиынтығы, құрамдас бөлігі ретінде бейнеленуі.
Таным
Таным әрқашанда қоғамдық тарихи практикалық процесі ретінде бейнеленеді, дамиды, жетіледі. Таным дегеніміз – адамның жаңа білімді игеру. Таным объектісі мен субъектісі әрқашнда диалектикалық сипатта болады. Сондықтан философия тарихында таным теориясы философия игерудің ең басты құралы. Ғылым танымның арнаулы түрі. Олай болса, ғылым танымның әртүрлі дәрежедегі бейнеленулігі. Осыдан ақиқат түрлері қалыптасады.
Тірек сөздер:
Рационалдық таным – бұл кез келген қызметті, мәдениетті т.б.құбылыстарды логикалық түсінік негізінде зердеде саралануы.
Сезімдік таным – бұл көру, есту т.б сезім мүшелері арқылы қабылдануы.
Адасу – білімнің заттық мәнге сәйкес келмеуі.
Ақиқат – бұл білімнің заттық дәлме-дәл заттық бейнеленуі.
Тақырыбы: Ғылыми танымның логикасы мен әдістері (методологиясы).
Сабақ мақсаты:
Ғылымның, адамдардың рухани қызмет әрекетінің бағыттары мен білімдерінің табиғат, қоғам т.б. объективтік заңдарын игеру. (практикалық қолдануы)
Тірек сөздер:
Теория – білімнің ең жоғарғы ұйымдастырылуы.
Теорияның негізгі міндеттері (функциялары): 1) талдау міндеті синтетическая функция. 2) түсіндіру міндеті. 3) әдіснамалық міндеті. 4) алдын-ала болжау міндеті 5) практикалық міндеті.
Әдіс– ережелер, әдістер және таным ережерінің жиынтығы.
Апта 14. Сана.
Мақсаты : Сананың философиялық мәнін ашу.
Кредит саны- 1
Дәріс №1. Сананың мәні және философиялық түсінігі.
Дәріс №2. Сана табиғаты, оның құрылымы.
Сана философиялық мәселе ретінде.
Философия тарихында сана мәселесі екі жақты зерттелді. Бірінші, сананы сипаты мен әдістерін белгілеу, заттардың санада түсіндірілуі.Екінші, сананың өзін ерекше құбылыс ретінде талдау жасады да, түсіндіру мүмкін бе деген сұраққа жауап іздеді. Көне Жаңа Заман философиясында бұл әдістер бір-бірінен айырмашылығы болмады. Сондықтан заттың санада бейнеленуі болса, бұл мәселе табиғатта ашылған құбылыс ретінде қаралды. Философия заттардың санада өмір сүруін сипаттай отырып, оны уақыт пен кеңістікте, сезім мен қабылдау т.б. деңгейде көрсетеді.
Қазіргі заманғы философтар бұл мәселені адамның әлеммен қатынасы және өзіндік сипаты ретінде талдай бастады.
Сана – адамның барлық мәндерден айырмашылығының көрінісі. Оны түсіну адамды түсіну. Тарихи алғаш сөз жан ұғымымен бейнеленеді Антикалық дәуірлерде жанға жетекшілік рөл береді де, ол мәңгі өмір сүріп, денеден артықшылыққа ие болды. Ары қарай даму жанмен қатар жеке тұлғаның сипаттау үшін ақыл ұғымын енгізеді.
И.Кант жанның қабылдау әсері ретінде сезімдік танымды, ес, зерде және адамның психикасының саналық жандық тұтастық принципін шығарады. Сөйтіп, зерде танымның құндылығы ретінде интеллект деген атауға ие болды.
Сананың пайда болу теориясының әртүрлі ұғымдары бар:
Табиғаттың космостық санасы. Адамға бағынбай, бөлінбей өз алдына өмір сүріп, ғарыштан келіп жатады.
Биологиялық көзқарас тірі табиғаттың организмдердің бәріне тән сананың пайда болуының жүзеге асуы.
Адамның көзқарасы –бұл адам миының нәтижесі ретінде тек адамға тән құбылыс.
Сана- қоршаған әлем мен материяның бейнеленуі. Сондықтан сана объективтік өмірдің субъективтік көрінісі деп айтуға болады. Материяның санада екінші рет бейнеленуінің жүзеге асуы. Себебі, материя мәні уақытта мәңгі өмір сүреді.
Сана қоғамның қалыптасуы мен адамның дүниеге келуінен басталады. Сондықтан, материя жасымен салыстыратын болсақ, сана аз ғана уақыттың, адамдардың жан-жануарлардан даму нәтижесіндегі бөлінісінде 2,5-3 млн. жыл бұрын жүзеге асқан. Бұл материяның дамуымен, пайда болуымен салыстырғанда, шағын ерекшелік. Сана – адамның, қоғамның жоғары ұйымдастқан материяның нәтижесі. Ол идеалдық табиғатта мойындалады. Ал материалистер оны материяның дамуынан шығарады.
Философияда сана мәселесін зерттеуде әртүрлі ұғымдары бар.:
Физикализм - материалистік ұғым, сана мәселесін жеке субстанция емес, материяның физикалық немесе басқа ғылымдардың нәтижесі ретінде сипаттайды.
Солипсизм – сана табиғатына шеткі көзқарас, яғни сананың даралығын жалғыз расталған шындық ретінде алады да, ал материалдық өмір оның нәтижесіне айналады.
Объективтік идеализм – сананы жетекшілік рөлге қояды да, қалған құбылыстарды соның нәтижесінде сипаттайды. Сөйтіп, ол әлемдік сананың құрамдас бөлігіне айналады.
Шектелген материализм – сананы жоғары ұйымдасқан материяның өзін-өзі бейнелеу сипатында алады.
Сана. Өзіндік сана. Қоғамдық сана.
Сана – сезімдік, ақыл-ойлық бейнеленулердің нақтылы жағдайда сипатталуының, соның негізінде білімнің көрінісі.
Сананың негізі қабылдауда. Адам оны сезім мүшелерімен жүзеге асырады. Сөйтіп, объективтік расталған өмірді, қабылдауды көреміз. Көптеген зерттеушілер адамдағы бейнеленулерді сана ретінде қабылдайды. Сөйтіп, осы бейнелеулер энергия бір ұғымға жинақталады да, әлемнің өзара қатынасы туралы ақпарат береді. Бейнелердің жинақталуы адамдарды қоршаған ортадан бөліп алу процесі. Осыдан табиғаттан бөлінген «Мендік» құбылыс қалыптасады да сананың табиғи бастамасы дүниеге келеді.
Бұл адамның ішкі , сыртқы жан дүниесімен сараланып, өзіндік сананың қалыптасуы. Бұл «мендік» құбылысының әлемде заттарда құбылыстарда, өмір тәжірибесінде адамға тән қорытынды жасалуы.
Өзіндік сана – «мендік» құбылысты әлемнің себептеріне байланысты шығарады. Сөйтіп сана сыртқы әлеммен өз ішкі әлемін түсінгенде ғана әлемге анықтама береді, ойлап, шешім қабылдау қабілетіне ие болады. Сөйтіп,өзіндік білім деңгеіне жету дегеніміз, сол сыртқы заттарға өзіндік ілімінде қолдана білу.Сонда «мен білем,білгенімді өмірде қолдана аламын» т.б. қағидасы қалыптасады.
Бұл адамның ішкі мазмұнының сыртқы әлемді қабылдауының нақтылануы. Санада жеке адамдар мен жалпыға бірдей мазмұндар бар. Ұжымдық сана сөзі сол топтағы бар адамдардың мазмұнына сәйкес келеді. Қоғамдық сана әрбір тапқа байланысты анықталады. Сөйтіп, соның негізінде адамның жеке мүддесі, санасы, міндеттері, таптық мәні ашылады. Бұл жағдайда қоғамдық сана жеке тұлғаның емес, сол ұғымдағы әлеуметтік топтардың ортақ бағалануы. Әрбір тап өкілдері өз мүддесіне сипаттайды.
Қоғамдық сананың шарттылығы – қоғам мен жеке әлеуметтік таптардың қажеттілігі. Қоғамды дамытуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, рухани өмір бұқаралық сана ретінде мазмұн жағынан толықтырып отырады. Соның нәтижесінде санада жаңа құндылықтар қалыптасады. Қоғамдық сана тарихи мүдделер негізінде дәуірлерде, жеке адамдарда өзгеріске ұшырады.
Сана, ойлау, тіл. бұл – адамдардың өзара белгілі бір жүйелік белгілер нәтижесінде өзара қарым-қатынас санасын қалыптастыру. Өзіндік танымды, жалпы танымды жүзеге асыру ақпараттарды жинақтау, адамдардың тәртібі негізінде өздерін басқаруы. Тіл–материалдық құралдардың идеалдық рух, сана ойлаудың жүзеге асуы. Тіл рухты материалды және қабылдау деңгейіне жеткізеді. Тілде табиғи жүйелік белгілермен қатар ауызша, жазбаша, т.б. адам әрекетінде қалыптасқан құбылыстарды көре аламыз. (мыс: саз, жол белгілері, сұлбалар т.б.). Тіл- қоғамның өмір сүруінің басты жағдайы. Ол қоғамда номинативтік (заттармен құбылыстарды тілдің бейнеленуі). Танымдық оқу үрдісінде қолдануы. Коммуникативтік адам аралық процесінің жүзеге асуы.
Сана күрделі құрылымдарда тұрады. Ойлау оның жоғары қабаты. Ал ойлау ақпараттарды сезім арқылы жинақтау құбылысы. Осындан ойлаудың мәні қалыптасады да түсініктер дүниеге келеді.Ойлау құбылыс –күрделі психикалық процесс. Онда ақылда ойлану және сөзбен бейнелену құбылысы бар. Сөйтіп, нақтылы ойлау процесі нақтылы объектілерден белгілі заттар мен құбылыстарға айналады. Сөйтіп, ойлауда табиғилық пен идеалдылық ерекшелік қалыптасады.
Ойлау мен тіл пара-пар емес. Тіл табиғаттың физикалық-материалдық көрінісін ашады. Ойлау табиғаты заттық құбылыс емес. Ол идеалдық ақыл-ойлардың жиынтығы.
Сөйтіп, адам санасымен тілі жеке дара сананың қайнар негізіне айналады да, адамдардың творчестволық ойлау қабілетіне ие болады.
Тірек сөздер:
Достарыңызбен бөлісу: |