Қазақстанның ғалым акушер-гинекологтары: А.И.Малинин – АММИ акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі, алғашқы профессор.
Я.С.Кленицкий – профессор, АММИ кафедра меңгерушісі.
Профессор Утегенова К.Д. Профессор Мурзалиева Х.Е. Профессор Аманжолова Р.С. Профессор Нугманов С.Н. к.м.н., доцент Козбагаров А.А. – СММА-ның акушерия және гинекология кафедрасының алғашқы меңгерушісі
Ана болу – табиғат алдындағы әйелдің басты міндеті (К.Ф.Славянский).
Акушерия гинекологиялық қызметтің мақсаты – жүктілікті көтеру қабілетін, жүктілікті уақытына жеткізу және дені сау бала туу үшін әйелдердің репродуктивті деңсаулығын сақтау. Қызметі: 1. Жүктілерді есепке алу – диспансеризация.
2. Жүктіліктің асқынуларың алдын алу, ана мен бала аурулары мен өлімін алдың алу.
3. Қалаусыз жүктілікті болдырмау.
4. Барлық әйелдер турғындарын есепке алу - диспансеризация.
5. Әйел өміріндегі барлық кезендердегі репродуктивті жүйенің ауруларың алдын алып емдеу.
ДДСҰ беруі бойынша (2001ж.), әлемде жыл сайын 200 млн әйел жүкті болады, олардың 137,6 млн-ы босанумен аяқталады.
Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезең әйел өмірінің ұзақтығының 0,5 % құрайды, әйел өлімінің көбі осы уақытқа келеді өмірдің жалғасындағы 30 жылмен салыстырғанда. Дүние жүзінде күн сайын жүктілік пен босануға байланысты 1400 әйел, жыл сайын 500 000 әйел өледі.
Акушерлік – гинекологиялық мекемелер түрлері: Фельдшерлік-акушерлік пункт
Отбасылық дәрігерлік амбулаториясы
Негізгі әйелдер кеңесі
Перзентхана
Перинаталдық орталық
Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
ФАП – дәрігерлік көмекке дейін бірінші рет ауыл тұрғындарына емдік-профилактикалық көмек көрсететін медициналық мекеме. Ауыл тұрғындарының арасынан жүкті әйелдерді, гинекологиялық ауруларды анықтап, олардың денсаулығын бақылайды.
ОДА – жасөспірімдерге, тұңғыш рет жүкті, босанатын, босанғаннан кейінгі және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін мекеме. Алғашқы медико-санитарлық көмектің негізгі номенклатуралық медициналық мекеме.
Негізгі әйелдер кеңес орны - әйелдерге акушерия-гинекология көмегін көрсететін арнайы мекеме. Бұл мекеме жеке немесе перзентхананың, орталық аудандық аурухананың, кеңестік-диагностикалық емхананың бөлімі болады. Сонымен қатар, жоғары дәрежелі “қауіп-қатер” тобындағы әйелддерге екінші сатыда арнайы көмек көрсетеді.
«Неке және жанұя» кеңесі. Жанұя – некедегі қарым-қатынастардың бұзылуына әкелетін жағдайлар мен аурулар кезіндегі кеңестік, емдік және алдын алу шараларын жүзеге асырады.
ОАА (орталық аудандық аурухана). Бұл мекемеде төмен дәрежелі “қауіп-қатер” тобындағы әйелдерге мамандандырылған дәрігер көмегі көрсетіледі.
Қалалық және облыстық перзентханалар: орта дәрежелі “қауіп-қатер” тобындағы әйелдерге арнайы акушерия көмегі көрсетіледі.
ПО – кеңестік, әдістемелік және оқу мекемесі. Қала және облыс тұрғындарының жоғары дәрежелі “қауіп-қатер” тобындағы әйелдерге акушерия-гинекология көмектерін көрсетеді. Акушерия-гинекология кафедрасының қызметкерлері оқу барысын жүргізумен бірге, клиниканың дәрігерлеріне әдістемелік нұсқау, жоғары дәрежелі “қауіп-қатер” тобындағы әйелдерге кеңес береді.
Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы - бұл орталық Қазақстан Республикасында акушерия-гинекология көмегін жоғары сатыда ұйымдастыратын, емдік-профилактикалық жұмыстарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқаратын, жоғары дәрежелі мамандар дайындауды және шет мемлекеттермен байланысты қамтамасыз ететін бас мекеме.