Accoucher-босанудағы көмек



бет1/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê
Мінездеме Токтар, ИНФ Лабд11, АД-11 РУБЕЖКА.ПАТОЛОГИЯ (копия), Мінездеме Токтар Сабыров, Әлеуметтану силлабус, Органика тест 540

Акушерлік ғылым жүкті және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін медицина ғылымының бір саласы. Бұл ғылым ұрықтану, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі әйел организіміндегі физиологиялық және патологиялық құбылыстарды және жүктіліктің, босанудың асқынуларын, емін және алдың алуды зерттейді. Accoucher-босанудағы көмек.
Гинекология - әйел организімінің қалыпты арнайы қызметі мен әйелдің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерімен байланысты ауруларды, олардың алдын алуы мен емін оқып зерттейді. Gyne – әйел.
Акушерия бөлімдері:

  1. Жүктілік физиологиясы мен патологиясы

  2. Босану мен босанғанннан кейінгі кезеңнің физиологиясы мен патологиясы

  3. Оперативті акушерия

  4. Ұрық пен нәрестенің физиологиясы мен патологиясы

Акушерия ғылымының дамуы мен тұрақтану кезендері:
І кезең – ғылыми дамуға дейінгі, эмпириялық, халық медицинасы кезеңі.
ІІ кезең – ғылыми даму кезеңі.
Тас ғасырында - босануға көмек көрсетілгені туралы мәліметтер бар, оны тәжірибелі әйелдер, бақсылар, шамандар көрсеткен.
XV-XVI ғасырдағы акушерия тарихқа Андрей Везалия, Г. Фаллопия, Д.Ч. Аранцио аттарын сыйлады. Акушерияның даму орталығы Франция болды.
Ғылыми акушерия тарихында XVII ғасыр ерекше орын алады. Бұл кезеңде маңызды қорытынды жасалған: «плод в матке живет не душой матери, а своей собственной жизнью». Осы уақытта Ф.Морисо, Г.Девентер, Чемберлен жұмыс істеді.
XVI – XVIIғғ. – Франция. Германия. Англия. Парижде алғашқы акушерлік клиникалар ашылды. Алғашқы акушерлік мектептер ашылды.
ХVIIғ. – Акушерлік қысқаштар ойлап шығарылды. Жамбасты өлшеу қолданылды.
ХVIIIғ. – Ресейде акушерияның дамуы. Н.Максимович – Амбодик – орыс акушериясының атасы.
ХVIIғ. – А.Я.Крассовский босану механизмі туралы оқуды жасап шығарды. И.П.Лазаревич, Н.Н.Феноменов.
ХVIIғ. – В.В.Строганов эклампсияның емінің принциптерін жасап шығарды.
XIX ғасыр акушериясы: 
- К.М.Бэр 1827 жылы адам жұмыртқа клеткасын ашты.
- Төменгі жатыр сегменті туралы ғылым дамыды,
- Әйел жамбасы туралы ғылымы құрылып дамыды,
- Тәжірибеге асептика және антисептика енгізілді.
- Дж.Симпсон акушерияға наркозды енгізді, классикалық корпоральді кесар тілігі техникасы құрастырылды.
Қазақстанда алғашқы акушерия және гинекология кафедрасы Алматының мемлекеттік медицина институтында 1935 жылы ұйымдастырылды.
Акушерлік мамандарды дайындау

  1. С.Асфендияров атындағы АММУ

  2. Қарағанды мемлекеттік медакадемия

  3. СММА

  4. ҚазММА

  5. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстандық мемлекеттік медакадемия

  6. О-ҚММА

  7. АБДҚРҒЗО (ана мен бала денсаулығын қорғаудағы Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет