Accoucher-босанудағы көмек



бет6/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Шүрті (clitor): қасағаның төменгі жиегінде орналасқан аяқшалары өзара бірігіп, дөңгелек пішінді денесін құрайды. Қынап сағасы (Vestibulum vaginae): алдыңғы жағынан шүртімен, артқы және төменгі жағынан үлкен жыныс ернеулерімен, жақтаудың ішкі жағынан кіші жыныс ернеулерімен қоршалған кеңістік, қынап сағасының түбін қыздық перде құрайды. Аралық (perineum): тері, шандыр және бұлшықеттен тұрады, үлкен жыныс ернеуінің артқы жабысқан жері мен құйымшақ арасында орналасадышандыры мен бұлшықеттері жамбас түбін құрайды
Қынап (vagina): қынаптың кіреберіс жазықтығынан қынап күмбезіне дейінгі созылмалы түтікше мүше, ұзындығы 7-8 см қабырғалары үш қабаттан тұрады: а) шырыштыб)бұлшық етв) адвентициалды 
Жатыр (uterus): алмұрт тәрізді, қозғалмалы мүше, салмағы 50 г, ұзындығы 8 см, ені 5 см, қабырғаларының қалындығы 1-2 смБөліктері: а) денесіб) түбів) төменгі сегменті
Үш қабаттан тұрадыа) эндометрий - ішкі шырышты қабатб) миометрий - етті қабат
в) периметрий - сір, ең жіңішке сыртқы қабат
Жатыр мойны: қынап пен жатыр денесінің арасында орналасқан, ұзындығы 3-4 смжіңішке қуыс түтігі мойын өзегін құрайды
Жатыр түтіктері (uteri): жатыр түбінен жоғары екі жаққа созылған ұзындығы 10-12 см екі тесігі бар, кең тесігі іш пердеге қарай ашылып, шеті салпыншақпен біткен, ал тар тесігі жатыр қуысына қараған4 бөліктен тұрадыа) интерстициалдыб) қылта бөлігів) салпыншық бөлігіг) оймыш бөлігі .Қабаттарыа) ішкі – шырышты б) ортаңғы – бұлшықетв) сыртқы - сір
Жатыр мен жатыр түтікшелерін жамбас қабырғасымен байланыстыратын байламдар: жатырдың жалпақ байламы (іш перденің көлденең қатпары, жатыр денесін және түтікшелерін жабады)аналық бездің қалыпты жағдайын қамтамасыз ететін байлам (жатырдың жалпақ байламының сыртқы бөлігі)аналық безінің негізгі байламы (аналық безден басталып, жатырдың жалпақ байламының арасымен жатыр қабырғасына жетеді)жатырдың жұмыр байламы (жатыр түтікшесінің алдыңғы төменгі бұрышынан, жатырдың жалпақ байламының алдыңғы жағымен шап каналы арқылы үлкен жыныс ернеулерінің арасына орнығады, жатырдың алға еңкеюін қамтамасыз етеді) жатырдың көлденең байламы (жатыр мойнынын ішкі өзек тұсында қоршайды)қасаға- қуық байламдары (жатырдың алдыңғы төменгі бөлігінен қуық пен қасағаға дейін созылады)сегізкөз- жатыр байламдары (жатыр мойнының артқы жағынан, ішкі өзегінен басталып, тік ішекті екі жағынан айналдыра сегізкөздің алдыңғы жағына жалғанады) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет