Дәріс: Ауыз қуысы шырышты қабатының анатомо-гистологиялық құрылым ерекшеліктері. терминология, АҚШҚ ауруларының жүйесі. Зақымдаушы бөрткендер. АҚШҚ орын алатын патологиялық үдерістер



бет1/7
Дата14.10.2022
өлшемі5,22 Mb.
#152994
  1   2   3   4   5   6   7

Дәріс: Ауыз қуысы шырышты қабатының анатомо-гистологиялық құрылым ерекшеліктері.терминология, АҚШҚ ауруларының жүйесі. Зақымдаушы бөрткендер. АҚШҚ орын алатын патологиялық үдерістер.

Доцент Абдикаримов С.Ж.

1.АҚШҚ анатомо-гистологиялық құрылым ерекшеліктері 2.Терминология, жүйесі 3.АҚШҚ зақымдаушы бөрткендер. 4.АҚШҚ орын алатын патологиялық үдерістер.

Дәрістің жоспары

Тақырыптың өзектілігі

  • Ауыз қуысын жауып тұратын шырышты қабық басқа бөліктерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Шырышты қабық термиялық, физикалық, химиялық тітіркендіргіштерге төзімді болып келеді және инфекцияның енуіне жол бермейді, сонымен қатар қандай да бір жағдайда тез қалпына келу қасиеті жоғары. Бұл қасиеттер оның анатомо-топографиялық ерекшеліктеріне, қоршаған ортаға және морфофункциональды ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

АҚШҚ құрылымы


Ауыздың шырышты қабығы (tunica mucosaoris) 3 қабаттан тұрады:
  • эпителий,
  • нағыз кілегей қабық пластинасы
  • кілегей қабықасты қабаттары.

Эпителий қабаты

  • Шырышты қабық көпқабатты эпителиймен жабылған. Ауыздың әртүрлі аймағында оның құрылысы бірдей емес. Еріндерде, ұрттарда, жұмсақ таңдайда және ауыз табанында (түбінде) қалыпты жағдайда мүйізгектенбейді және базальді (өскін) қабатпен тікенекті қабаттан тұрады.
  • Қатты таңдайда және қызылиекте қалыпты жағдайда эпителий мүйізгектенуге ұшырайды. Осыған байланысты мұнда аталған қабаттармен қатар түйіршікті (дәнді) және мүйізгекті қабаттар бар. Эпителийдің мүйізгектенуін оның әртүрлі тітіркендіруші ықпалдарға олардың ішінде механикалық тітіркеніске жауабы деп санайды.

Нағыз кілегей қабық пластинасы

  • Нағыз кілегей қабық пластинасының (lamina mucosa propria) ауыз жақ беті эпителий қабатымен жабылған және эпителиймен шекарада эпителийге әртүрлі тереңдікке енетін көптеген өсінділер немесе бүртіктер құрайды. Дәнекер тін талшықты құрылымдардан (коллагенді және ретикулярлы талшықтар) және жасушалық элементтерден – фибробластар, толықша және плазматикалық жасушалар, сегментядролы лейкоциттерден тұрады.
  • Ұрттар мен еріндердің нағыз дәнекертін пластинасы жасушалық элементтерге бай.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет