- Шырышты қабықта пайда болатын бөрпелерді бақылай отырып олардың әртүрлі элементтердің тұратыны және оларды бірнеше топқа біріктіруге болатыны анықталды.
- 1) шырышты қабықтың түсінің өзгеруі
- 2) беткей рельефінің өзгеруі
- 3) шектелген сұйықтықтың жиналуы
- 4) қыбық бетіне жабынды пайда болуы
- 5) шырышты қабық ақаулары
- Барлық зақымдаушы бөртпелерді шартты түрде біріншілік (өзгермеген шырышты қабықта пайда болатын) және екіншілік (біріншілік бөртпелердің тасымалдану нәтижесінде немесе алғаш рет зақымдаушы).
Бөрткендер - Шырышты қабықта жеке дарапайда болған біріншілік бөрпелерді мономорфты деп қараса, ал әртүрлі бөртпелерді полиморфты деп қарау керек. Бөртпелерді білу шырышты қабатта пайда болатын көптеген ауруларды анықтай білуге мүмкіндік береді. Ал сонымен қатар оның клиникалық көрінісін, жалпы организмдегі өзгерістерді сыртқы фактордың әсерімен байланыстыра білу ауцруға толық диагноз қоюға бірден бір дәлел болып табылады.
- Біріншілік бөртпелерге дақ,түйін,күлбіреуік, көпіршік,төмпешік, іріңдік, киста -жылауық жатады.
- Екіншілк бөртелерге –қабыршық, қабық, эрозия- беткей жара, ойық жара-язва, тілік, афта, тыртық және т.б жатады.
- Дақ (пятно – macula) – кілегейлі қабық пен терінің және ерін жиегінің шағын аймақта түсінің өзгеруімен сипатталатын бөрткен.
- Дақтың бір ерекшелігі сипап тексергенде сезілмейді (кілегей қабықтың рельефі өзгермейді). Дақты бөрткендердің түсі әртүрлі болуы мүмкін.
- Даму ерекшеліктеріне қарай дақтар қабынбалық (воспалительное пятно) және қабынбалық емес (невоспалительное пятно) болып бөлінеді
- Қабынбалық дақтар қабыну кезінде әр түрлі қан тамырларының (артериолардың, веналардың) кеңеюі (артериальная, венозная гиперемия) нәтижесінде дамиды және түстері қан тамырларының түстеріне сай шымқай қызыл немесе көкшіл-қызыл түсті болады.
- Эритема —көлемді қабыну дағы эритема (қызарма) деп аталады.
- Розеола — Диаметрі 1,5 см-ге дейін домалақ пішінді қабыну дағы .Розеола көптеген инфекциялық аурулар кезінде кездеседі (корь, скарлатина, тиф, мерез).
- Геморрагия —Кілегейлі қабық және тері қан тамырларының өзгеріске ұшырауы (өткізгіштігінің жоғарылауы және қабырғаларының бүтіндігінің бұзылуы) нәтижесінде тіндерде қан құйылу ошақтарының пайда болуынан дамитын дақтар геморрагиялық дақтар
- Телеангиэктазии —Беткей орналасқан қан тамырлары қабырғаларының салданып кеңеюінен дамыған дақтар
Достарыңызбен бөлісу: |