Анықтама беріңіз: эрозия, эктопия, эктропион



бет1/8
Дата31.12.2021
өлшемі20,72 Kb.
#107086
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Гинекология 4-тема




  1. Анықтама беріңіз: эрозия, эктопия, эктропион.

Эрозия – жатыр мойнының ауруы болып, оның қынаптық бөлігін жабатын эпителийдің дефекті болуымен сипатталады.

Эктопия – жатыр мойнының ауруы болып, эндоцервикстің биік цилиндрлік эпителийінің шекарасының сыртқы зевтен шығып жатыр мойнының қынаптық бөлігіне жылжуымен сипатталады.

Эктропион – цервикалды канал шырышты қабатының сыртқа бұрылуы.


  1. Эрозия мен эктопияның клиникалық классификациясы.

Эрозияның классификациясы (шынайы эрозия)

--қабынулық

--жарақаттық

--трофикалық (жатыр монының түсуі және сыртқа шығуы кезінде)



Эктопияның классификациясы:

Этиопатогенезі бойынша:

--туа біткен (ана организміндегі гормондардың жоғары дәрежесінің әсерінде)

--жүре пайда болған (пубертат кезеңінде жатыр мойнының бұлшықеттік структурасының тез өсіп, ал көпқабатты жалпақ эпителийдің пролиферативті процесстері қалыс жүреді)

Клиникалық ағымы бойынша:

--асқынусыз формасы

--асқынулы формасы (цервицит, вагинитпен бірге)

Гистологиялық құрылысы бойынша:

--безді (фолликулярлы)

--папилярлы (емізікшелі – строманың өсуінен)

--эпидермизирлеуші




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет