Кеңейтілген кольпоскопия. Нәтижелерді түсіндіру және рәсімдеу.
--Эрозия: анық шекаралы эпителийдің дефекттері астыдағы эпителий асты стромасы көрініп тұрады, эпителий асты стромада қабынулық реакция белгілері анықталады: каппилярлар кеңейген, мироциркуляция бұзылған, ісіну. Уксус қышқылы ерітіндісін қолданғаннан кейін эрозияның түбі бозарады, Люголь ерітіндісінен кейін боялмайды.
--Эктопия: цилиндрлі эпителийдің экзоцервикске трансформация зонасымен (әр түрлі жетілу дәрежесімен метапластикалық эпителий, ашық және жабық бездер, цилиндрлік эпителийдің анық контурлы аралшықтары) жылжуы көрінеді.
--Эктропион: цервикалды каналдың шырышты қабатының сыдырылуы және бұралуы көрінеді, бұл жерде жатыр мойны көпқабатты жалпақ және цилиндрік эпителийінің шекарасы бұзылуы мүмкін.