Сабақтың тақырыбы Тері аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту) Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары



Дата20.01.2020
өлшемі26,75 Kb.
#56235
түріСабақ
Байланысты:
1 Биология 8 ҚМЖ Тері аурулары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тері аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.5.4 тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

  • тері ауруларын белгілері және пайда болу себептерін сипаттау;

  • тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру.

Бағалау критерийлері

  • Тері ауруларының белгілерін сипаттайды

  • Пайда болу себептерін сипаттайды;

  • Тері аурулардың алдын алу жолдарын қышыма, теміреткі, безеу бөртпелер мысалында түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тері ауруларының туындау себептері, белгілері, алдын алу жолдарын тиісті терминологияны пайдалана отырып ауызша жазбаша түсіндіре алады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

қышыма, теміреткі, безеу бөртпелер, дерматолог.



Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Дерматолог- тері ауруларын емдеумен айналысатын дәрігер.

Тері ауруларының алдын алу шараларына... жатады.

Қышыманың туындауы ... терінің...қабатында дамуына байланысты.

Тері ауруларына ...жатады.

Тері аурулары қауіпті, өйткені... .




Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Жаһандық деңгейде тері ауруларының таралуы мен алдын алу жолдарын қарастыру арқылы жаһандық азаматтық қалыптасады.


Пәнаралық байланыс

Тері ауруларының ғаламдық деңгейдегі таралулары, олардың себептері туралы қарастырғанда география пәнімен, тері ауруларының белгілеріне тоқталған кезде алдын алу шараларын қарастырғанда қолданылатын препараттар мен химиялық заттардың түрлері арқылы химия пәнімен, пигменттік дақтың пайда болуына күн сәулесінің әсері туралы қарастырылу арқылы физика пәнмен байланысады.


Алдыңғы білім

Оқушылар «Жаратылыстану» курсынан тірі ағзалардың ортақ қасиеттері: тынысалу, бөліпшығару және бөліпшығару өнімдері туралы, 7-сыныптан микроағзалардың түрлері, антисептиктер мен залалсыздандыру жолдарын біледі.

8 – сыныптан жұқпалы аурулар туралы терінің құрылысы және қызметі, терінің бөліп шығарудағы маңызын біледі.



Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушылардан жасөспірім кезеңіндегі тері проблемаларын атау сұралады.

Оқушылардан осы аурудың белгілері мен себептерін, алдын алу шараларын айту сұралады.

-Жасөспірім кезеңінде қандай тері проблемалары туындайды?

-Оның белгілері қандай?

-Алдын алу шаралары бар ма? Қандай жолдармен тері ауруларының алдын алуға болады?

Осы сұрақтарды талқылағаннан соң сабағымыз не туралы екен, қандай мақсаттарды қоя аласыздар деп сабақтың тақрыптары мен бағалау критерийлері айтылады.



1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин


Оқушыларға тері аурулары туралы зерттеу жүргізу ұсынылады.

Оқушылар ұсынылған бейне материалдар, слайдтағы және ақпараттық парақшалардағы пайдаланып қажетті мәліметтерді зерттейді.



Критерий:

  • Тері ауруларының белгілерін сипаттайды

  • Пайда болу себептерін сипаттайды;

  • Алдын алу жолдарын қышыма, теміреткі, безеу бөртпелер мысалында түсіндіреді.

Мұғалім оқушылардың жұмысына дұрыс бағыттар бере отырып, барлық оқушының қатысуын қадағалап, тиісті кері байланыс ұсынады.

1 - қосымша

3-8 слайдтар



18-36 мин

Оқушылар жинақтаған білімдерін пайдаланып 3 минуттық әңгіме дайындайды. Сөйлеу шеберлігін шыңдау мақсатында TEDx үлгісіндегі қызықты әңгімелеулер ұйымдастырылады. Кейбір оқушылар бұл тапсырманы жазбаша түрде орындай алады.




Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

«Бір түйінді сөз» қорытындылау.

Оқушылар бір түйінді сөзбен өтілген материалды қорытындылайды.



9 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушылар тері күтімінің ережесін жасай алады.

Кейбір оқушылар саңырауқұлақ аурулары, пигменттік дақтар, қайызғақ, герпес туралы ақпаратты оқып өз білімидерін тереңдете алады -1-2-қосымшалар, видеоматериалдар

Кейбір оқушыларға қосымша тапсырмалары, ағылшын тіліндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Кейбір оқушылар өздерінің сөйлеу шеберлігін көрсету үшін 3 минуттық әңгіме дайындайды.

Жазбаша жұмысты ұнататын оқушылар тері аурулары туралы шағын түсіндірме жазады.


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Ауызша талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы

Ақпарт жинақтау кезіндегі талқылаулары мен тапсырманы орындауға қатысуы арқылы

Ауруларды ауызша сипаттаулары арқылы

Тері аурулары туралы шағын әңгіме дайындау тапсырмасы арқылы




Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет