Акантоздану – тікенекті қабат жасушаларының қатарларының көбеюі (5-6 қабаттан 40-қа дейін), дәнекер тін бүртіктері аралық эпителий өсінділерінің дәнекер тінге қарай ұзаруымен сипатталатын
патологиялық
үрдіс.
Баллонирующая дистрофия — Баллонды дистрофиялану(баллонирующая дистрофия,баллонная дистрофия)тікенекті қабат жасушаларында сұйықтықтың жиналуынан олар домалақ шар пішіндес болып үлкейеді және жасушааралық байланыстың үзілуі әсерінен жиналған жасушааралық сұйықтықта жүзіп жүреді.
Жасушалар көлемі ұлғаяды (шар, баллон) және олар сұйықтықта қалқып жүреді.
Бұл патологиялық үрдіс қарапайым герпес, көптүрлі жалқықты эритема, қызыл жалпақ теміреткі кезінде кездеседі.
Акантолиздену – (acantolysis) тікенекті қабат жасушааралық заттың лизиске (ыдырауға) ұшырауы нәтижесінде олардың бір-бірімен байланысы үзіліп, араларында жалқыққа толған кеңістіктің пайда болуы