Accoucher-босанудағы көмек


Акушерлік стационарларда аурулардың алдын алу



бет5/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Акушерлік стационарларда аурулардың алдын алу. Перзентхананың құрылысы босануға түскен дені сау жүкті әйелдерді науқас әйелдерден толық түрде оқшаулауды қамтамасыз етуі, санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті қатаң түрде сақтауы қажет. Босану кезінде сыртқы жыныс мүшесінде, жатыр мойынында да жарақаттар кездеседі. Осы жарақаттарға инфекция көзі түсетін болса онда босанғаннан кейінгі инфекциялық аурулар дамуы мүмкін. Медицина қызметкерлерінің негізгі қызметі – ана мен жаңа туылған балаларға инфекциялық ауруларды ескерту болып табылады. Нәрестелер септикалық және вирустық ауруларға шалдығуға өте сезімтал. Осы аурулардың қоздырғыштары нәрестеге кіндігі, тыныс жолдары, тері және асқорыту жолдары арқылы жұғуы мүмкін.

  • Босану үйінде инфекция көзі болып жүкті әйелдер, туған әйелдер, терісінде іріңді аурулары бар әйелдер, маститі, фолликулиті, эндометриті бар әйелдер жатады.

  • Соңғы жылдары «ауруханаішілік инфекция» деген ұғым пайда болды. Бұлай аталу себебі антибиотиктерді және дезинфектанттарды емдеу мекемелерінде пайдаланғаннан кейін пайда болды. Бұл инфекциялардың таралуының екі жолы бар: ауалы – тамшылы, жанасу арқылы.

  • Инфекциялық ауруларды ескерту мақсатында акушерлік стационарда санитарлық -гигиеналық шаралар ұйымдастырылады. Олар: өз уақытында іріңді септикалық аурулары бар жүкті әйелдерді және нәрестелерді ерте анықтау. Алтын түсті стафилокогы бар әйелдерді анықтау және санация жүргізу. Мед. персоналдың қолын, терісін залалсыздандырудың жоғарғы тиімді әдісін таңдау. Емшек сүтін пастерилизациялау. Іш киімге, таңу материалдарына, құрал-жабдықтарға орталықтандырылған стерилизацияны ұйымдастыру. Аяқ киімді және төсек орынды дезинфекциялау.

  • Барлық босану үйінде ылғалды тазалау және желдету, бактериялық шамдарды күніне 2 рет қолдану керек. Ылғалды тазалау босануға дейін, босану және босанудан кейінгі палаталарда күніне 3 рет, нәрестелер бөлмесінде 5-6 рет жүргізіледі. Ағымды тазалауда 1% хлорамин ерітіндісін енгізу, хлорлы әкті қолдану, диоцид 1:5000, 3% сутек асқын тотығы 0,5% жуу құралына қосылады. Ылғалды тазалаудан кейін палатаны 30 мин желдендіреді, бактериялық шамдармен сәулелендіреді. Санитарлық-гигиеналық өңдеудің жаңа әдісі - озонды қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл әдісті қолданудың тиімділігі ультракүлгін сәулеленуден кем емес. Оның бактерицидтік жане вирустарға қарсы қасиеті
    жоғары.

  • Қорытынды тазалаудың алдында палатадан төсек орындарды жууға, матрац, жастық, одеялды дезинфекциялық камераға апарады. Ылғалды тазалау жүргізіледі. Сосын
    барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдейді және барлық бөлмелерді жауып тастайды. 6-12 сағаттан соң дезинфекция l кейін барлығын таза сумен өңдейді. Жинастырғаннан соң төсектерге жаңа жапқыштарды жабады. 1-2 сағатқа желдетілу жүргізіледі. Әрбір нәрестеге төсек, матрас қажет. Простыня үстінен клеенка төселеді, оны дезинфекциялық ерітіндімен күніне 2 рет өңдеп отырады. Әрбір төсекте жеке судно болады, оларды дезинфекциялап арнайы бакта қайнатады.

  • Медициналық мейірбике босану залынан басқа акушерлік стационарлардың барлық бөлімшесінде жұмыс істеуге құқылы. Бірақ шұғыл жағдайларда медициналық мейірбике қалыпты босануды қабылдауды және жаңа туылған баланы алғаш өңдей білуі тиіс.
    Дәрігердің негізгі көмекшісі болып табылады, медицналық мейірбике кіші медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және оны жетекшілігіне алады. Медициналық мейірбике өз жұмысын атқаруда медицналықэтика мен деонтологияны сақтауы қажет.

  • Жоғары білімді медициналық мейірбике акушерлік стационарларда аға мейірбике қызметін атқара алады (босану блогынан басқа), жүкті, босану және босанғанан кейінгі кезеңде неғұрлым кең таралған асқынулардың алдыналуды, диагностикасын және емінің негізгі принциптерін білуі қажет, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті
    ұйымдастыру және бақылауы қажет, мейірбикелік емдеу алдын-алу көмектерін талдай білуі қажет.

  •  Акушерлік стационарға гигиеналық шараларды орындауда ерекше талаптар қойылады. Жұмыс басталар алдында мейірбике душқа түсіп таза халат, бас киім, аяқ киім киеді. Халат пен бас киімді әр кезекшілікте ауыстырылады. Ауалы-тамшылы инфекциялардың дамуының алдын алу үшін 4 қабатты мәрліден жасалған маска қолданылады, ол әр 3сағат сайын ауыстырылып отыруы тиіс.

  • Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу үшін мейірбике келесі ережелерді сақтау керек:

  • - сыртқы киімді және арнайы киімді бөлек сақтау керек;

  • - арнайы киіммен аурухана аймағынан тыс шықпауы және оны жұмыс уақытынан тыс жерге кимеуі керек;

  • - инфекциялық бөлімге кіргенде арнайы киімді шешіп кетуі керек.



    2Сыртқы жыныс мүшелері: қасаға, үлкен жыныс ернеулері, кіші жыныс ернеулері, шүрті (клитор), қынап сағасы (vestibulum vaginae), аралық (perineum), Бартолин бездері. Ішкі жыныс мүшелері: қынап, жатыр мойны, жатыр, жатырдың қосалқы бөліктері (түтікшелер, аналық бездер) . Аналық бездің қызметі: герментативті (овогенез, овуляция), эндокринді (эстроген және прогестерон гормондарын бөліп шығаруы). Жатыр түтікшелерінің қызметі: тасымалдаушы (ұрықты жатыр қуысына жылжытуы). Жатыр мойын өзегінің, қынаптың қызметі: босану жолдары. Емшек бездерінің қызметі: сүттің түзілуі.Қасаға немесе қасаға төмпешігі:құрсақтың төменгі, алдыңғы бөлігінде ораналасқан үшбырышты түкті бөлік. Үлкен жыныс ернеуі (labia pudenda majora):қасағаның төменгі жағында қатарлас орналасқан екі тері қатпары, құрамында Бартолин бездері (бұл бездерден қынапты үнемі дымқылдандырып тұратын сұйық зат бөледі), қан тамырлары, нерв жүйелері бар. Кіші жыныс ернеуі (labia pudenda minora) :үлкен жыныс ернеуінің ішкі жағында орналасқан


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет