Accoucher-босанудағы көмек


Ұрықтың басы босану объектісі ретінде



бет9/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê
Мінездеме Токтар, ИНФ Лабд11, АД-11 РУБЕЖКА.ПАТОЛОГИЯ (копия), Мінездеме Токтар Сабыров, Әлеуметтану силлабус, Органика тест 540
Ұрықтың басы босану объектісі ретінде.
Су. Ұрық өсіп дамыған сайын, клетка сыртындағы сүйықтық азая бастайды. Гестацияның ерте кезеңдерінде ұрық салмағының 90-95%-ы судан құралады, ал соңғы сатысында — 70-75%-ға дейін азаяды. Ұрықтың салмағы 800г. жеткенде, липид жинала бастайды.
Ұрық ана қанынан белоктарды жинақтайды, ұрыққа глюкоза плацента арқылы - диффузиялық жолмен өтеді.
Нәресте туылғанда көптеген физиологиялық өзгерістер болады. Тұңғыш тыныс алғанда өкпесіне ауа кіреді, өкпесі кеңейіп, тамыр күштері төмендейді. Өкпеде қан айналымы жоғарылайды. Сол жақ жүрек қарыншасы оң жақ жүрек қарыншасының қысымын жоғарылатады.
Жетілген нәрестенің бас сүйегі.

Акушерия тәжірибесінде нәрестенің бас сүйегінің сыртқы пішінін және оның өлшемдерін білудің маңызы зор, себебі босану кезеңдерінде бірінші болып 96%-да нәресте басымен, 3-4%-да жамбаспен жамбас қуысынан өтеді, өзінің көлеміне байланысты нәресте басы босану жолдарында көптеген кедергілерге кездеседі.


1. Сүйек ерекшеліктері. Бет сүйектері қатты байланысқан. Ми сауытының сүйектері фиброзбен жалғасқан, осыған байланысты босану кезеңінде ми сауытының сүйектері жылжымалы және қозғалмалы болып келеді. Нәресте басының сырт пішіні өзгеріп тұрады.
2. Жігі және еңбектері. Жіктері:
Сагиталдық төбе жігі (sutura sagitalis) - екі төбе сүйегін қосып, алдыңғы және артқы еңбекпен шектеледі.
Мандай жігі (sutura frontalis)- маңдай сүйектерін қосады, ортада орналасқан.
Самай жігі (sutura coronalis) - маңдай және төбе сүйектерін қосады.
Шүйде жігі (sutura lambdoidea) - шүйде сүйегі мен төбе сүйегін қосады.
3. Еңбектері:
Алдыңғы (үлкен) еңбек (fonticulus anterior) сырт пішіні ромб секілді, тақ төбеде, маңдай және төбе сүйектері арасында орналасқан.
Артқы (кіші) еңбек (fonticulus posterior) — пішіні үшбұрышты, шүйде мен төбе сүйегі арасында орналасқан.
Бас сүйегінің бірнеше бұдырмақтары бар (шүйде, екі маңдай және екі төбе).
Бас сүйегінің өлшемдері
1. Тік өлшем (diameter frontooccipitalis) - кеңсірік пен (глабелла) шүйде бұдырмағының арасы 12 см, айналымы - 34 см.
2. Үлкен қиғаш өлшем (diameter mtntooccipitalis) - иек пен шүйде бұдырмасының арасы -13-13,5 см, айналымы 38-42 см.
3. Кіші қиғаш өлшем (diameter suboccipitobregimenticus) шүйде ойығынан үлкен еңбектің алдыңғы шегіне дейін -9,5 см, айналымы - 32 см.
4. Ортаңғы қиғаш өлшем (diameter subocciptiofrontalis) - шүйде ойығынан маңдай шашпен ұштасқан жеріне дейін 10 см, айналымы 33 см.
5. Вертикальды өлшем төбенің ең шығыңқы жерінен, тілшік астына дейін - 9,5-10 см, айналымы 32 см.
6. Үлкен көлденең өлшем - төбе сүйектерінің шығыңқы бұдырларының ең алыс аралығы - 9,5 см.
7. Кіші көлденең өлшем – самай жігінің ең алыс аралығы - 8 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет