Жамбас қуысы (екіге бөлінеді, шекаралары екі жағынан мықын сүйек сызықтары, алдынан қасағаның қыры, артынан сегізкөз мүйісі) ; үлкен жамбас, кіші жамбас
Әйел жамбасы - жамбас сүйегі а/мықын б/шат в/шонданай
- сегізкөз
- құйымшақ
мықын сүйегі 1/денесі
2/қанаты (жоғарғы жақ жиегі мықын қыры)
- өсінділері
а/алдыңғы жоғарғы
б/алдыңғы төменгі
в/артқы жоғарғы
г/артқы төменгі
шонданай сүйегі 1/ денесі (ұршық ойысының төменгі жағын жасауға қатысады)
2/ екі бұтағы
-жоғарғы бұтағы денеден төмен түсіп, шонданай бұдырын құрайды
-төменгі бұтағының артқы бетінде дөңес шонданай өскіні бар
-төменгі бұтақ көтеріліп, шат сүйегінің төменгі бұтағымен қосылады
-жоғарғы және төменгі бұтағы шат сүйегінің бұтақтарымен қосылып, жамбас тесігін құрайды
шат сүйегі -жоғарғы жағы қасағалық қыр жасап, алдыңғы бетінде қасағалық дөңеске жалғасады
- төменгі бұталары қосылып, шат сүйегінің бұрыштамасын жасайды)
сегізкөз сүйегі (өзара біріккен бес омыртқадан тұрады)
- бірінші омыртқасы бесінші бел омыртқамен, бесінші омыртқасы құймышаққа жалғасып, буын құрайды
-бел омыртқаман жалғасқан жері негізі болады
-ортаңғы жерінде сегізкөз мүйісі бар
-омыртқалардың жалғанған жерінде көлденең сызықтар, бойында сегіз тесік бар
-екі жағынан мықын сүйектерімен байланысып, буындар құрайды
құйымшақ (4-5 омыртқаның бірігуінен болған)
Жазықтықтар кіреберіс жазықтық (алдынан симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы ішкі жиектерімен, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан сегізкөз мүйісімен шектелген)
1/ тік өлшемі – 11см
2/ көлденең өлшемі – 13-13,5см
3/ оң және сол қиғаш өлшемдері – 12-12,5см
-кең бөлігінің жазықтығы (алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан 2-3 сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен шектелген)
1/ тік өлшемі – 12,5см
2/ көлденең өлшемі – 12,5см
-тар бөлігінің жазықтығы (алдынан симфиздің төменгі жиегімен, бүйірінен шонданай сүйектерінің қырларымен, артынан сегізкөз құйымшақ буындасымен шектелген)
1/ тік өлшемі – 11-11,5см
2/ көлденең өлшемі – 10,5см
-шығаберіс жазықтық ( алдынан симфиздің төменгі жиегімен, бүйірінен шонданай төмпешіктерімен, артынан құйымшақ ұшымен шектелген)
1/ тік өлшемі – 9,5см (босануда құйымшақ артқа жылжып, 1,5-2см артады)
2/ көлденең өлшемі – 11см
Кіреберіс жазақтығының, кең бөлігі, тар бөлігі, шығаберіс жазықтықтарының тік өлшемдерінің ортасын қосатын сызық жамбастың өткізгіш осі болады.